Павлодарда «Volunteer.KZ» форумы өтті

Облыстық Жастар бастамаларын дамыту орталығының хабарынша, форумды Жастар саясаты мәселелері жөніндегі облыстық басқарма, еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, БҰҰ Еріктілерінің бағдарламасы, «Ұлттық еріктілер желісі» орталығы ұйымдастырған.  

Егемен Қазақстан
07.12.2017 8186

Форум БҰҰ Бас Ассамблеясы ұсынған Халықаралық еріктілер күніне орай өткізілді. Республикалық «Volunteer.KZ» форумына елімізден 100 ерікті қатысыпты. Ресей, Беларусь, Орталық Азия елдерінен де өкілдер келді. Жиынға облыс әкімі Болат Бақауов та қатысып, сөз сөйледі. -Ең белсенді  еріктілердің біздің өңірде  белсенді жұмыс жасайтыны қуантады,- деді өз сөзінде.   Жергілікті   ұйымдастырушылардың айтуларынша,  5-7 желтоқсан аралығына жоспарланған шара біздің еліміздің «Еріктілер қозғалысы үшін» үлкен серпін болды. Форумның басты мақсаты-республикамыздың және шет елдер еріктілер ұйымдары өкілдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс жасауға бағытталған.

Осы күндері  облыс орталығында «Еріктілер үйі»  де ашылды.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры  Саят Жүсіпбаевтың айтуынша ғимараттың  тарихы көне,  1905 жылы салынған. Бос жатқан ғимаратқа демеушілер есебінен күрделі жөндеу жасалды. Архитектуралық келбетін сақталып қалыпты. Қазір «Еріктілер үйіне» 9 ұйым орналасты.

Қалалық мәдениет үйінде өткен жиын қорытындысында  15 ерікті  «Жыл еріктісі» атағын алды. Ең белсенді ерікті Евгения Хабарова аталса, ең белсенді еріктілер клубы болып «Клуб добряков» деп танылды.

Жастар орталағының мәліметінше, бұл күндері  өңірде 5-мыңдай ерікті бар.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2017

Қостанайдың Жітіқара ауданында заманауи астық сақтау  қоймасы ашылды

14.12.2017

Ақмола облысында Біржан сал ауданы пайда болды

14.12.2017

Студенттер «ақылды үйде» тұрады

14.12.2017

Болашақ журналистер «Егемен Қазақстанда» қонақта болды

14.12.2017

Келіншектің баласы (баллада)

14.12.2017

Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті

14.12.2017

Қостанай облысында шалғай ауылға су құбыры тартылды

14.12.2017

«Алаш жолы» атты кітап жарық көрді

14.12.2017

Қостанай облысында екі бірдей елді мекенге көгілдір отын келді

14.12.2017

Тәуелсіздікке тарту: Созақта жаңа 6 нысан пайдалануға берілді

14.12.2017

Сенат комитеті Кеден кодексінің жобасын қарады

14.12.2017

Халифа Алтайдың жары өмірден өтті

14.12.2017

Меморандум мақсатына жете алмады

14.12.2017

Тележурналист, майталман дубляжшы, режиссер Әсемғазы Қапанұлы қайтыс болды

14.12.2017

Валерий Карпин Павлодарға келді

14.12.2017

Ақтау халықаралық әуежайы 1 миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті

14.12.2017

Түпқараған ауданының ахуалы айтылды

14.12.2017

Марат бастамашы болған марафон

14.12.2017

«Қансонар» қанат жайып келеді

14.12.2017

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Абыздар мен Алыптар

Кезінде қазақ әдебиетінің классик ақсақалы Ғабит Мүсіреповтің «Социалистік Қазақстан» газетінде шыққан «Дәстүр және жаңашылдық» деген мақаласы жан сарайын өзі айтатын есрафіл самалындай желпіп, зиялы қауым мен жазушы жамағатқа кеңестік тымырсықтың көбесін сөккен сәуледей әсер етіп еді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Елуден кейінгі өмір

Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның бір­азы адам жасына да қатысты.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Билер соты

Ұлы Дала өркениеті тарихында Билер сотының құқықтық, саяси-әлеуметтік, тарихи-мәдени, рухани-дүниетанымдық, ұлттық-халықтық, философиялық құн­дылықтары айрықша. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу