Білім • 07 Желтоқсан, 2017

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды (толық тізім)

1115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясы 309 үміткерге президенттік "Болашақ" стипендиясын тағайындады, деп хабарлайды "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ. 

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды (толық тізім)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысты ашқан Г. Әбдіқалықова Мемлекет Басшысының білімнің рухани жаңғыру кезінде зияткерлік қоғам қалыптастырудағы маңызды рөлін белгілегенін атап өтті. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» стипендиясы конкурсының іріктеу кезеңінде ел дамуының басымдылықтарына негізделе отырып, жобалар мен ғылыми зерттеулердің мазмұнын ескеру керек екенін тілге тиек етті. Іске асырылатын жобалардың, әсіресе, тағылымдамалар бағдарламаларының іргелі және қолданбалы мәніне ерекше назар аудару керек.

Комиссия шешімі бойынша магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 270 үміткерге, сондай-ақ «Тағылымдамалар» санаты бойынша 39 стипендиатқа тағайындалды. Олардың ішінде 22 адам «АХҚО қызметкерлері» санаты және 17 адам «Ғылыми қызметкерлер» санаты бойынша. 2017 жылы 600 стипендия бөлінді.

Жалпы 2017 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге 947 үміткер қатысты.

Сонымен қатар, отырыс барысында Комиссия шешімімен 2018–2025 жылдарға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын дамыту жоспары және 2018 жылғы Басым мамандықтар тізбесі қабылданды. 2018 жылғы стипендиялардың шекті саны 555 орынды құрайды.

Отырыс қортындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Стипендия иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.