Футбол • 08 Желтоқсан, 2017

Ярослав Шилгавы: Қазақтардың жолы болды

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Славия" - "Астана" ойынынан кейін Ярослав Шилгавы тілшілер сауалдарына жауап берді. 

Ярослав Шилгавы: Қазақтардың жолы болды

- «Астана» командасы қарапайым гол соқты. Екінші таймда бірнеше гол салатын мүмкіндігіміз болып еді, алайда футболшыларымыздың жолы болмады. Мен қазақстандық клубты шын жүректен құттықтаймын.

- Қорғаушыларыңыздың ойынына қандай баға бересіз, олар бірде бір шабуылға дұрыс үн қоса алмады ғой. Қапталдан көтерген доптарының біреуі де дәл бармады. Сонымен қатар Ян Лаштувканың өзі қателіктер жасады.

- Қорғаушыларымыз өте өрескел ойнауға тырысты. Әрине, қапталдағы қорғаушыларымызға көп мін тағылады. Дегенмен, олардың басты мақсаты қорғаныс. Мысалы, Нецид өз мүмкіндігін голға айналдырса қазір осылайшы қорғаушыларды сынап отырмас едік. Біздің жеңіліске қорғаушылар кінәлі емес. Бүкіл команда кінәлі. Сонымен қатар, Милан Шкоданың жарақат алып қалғанының да кесірі тиді.

- Дели мен Хушбауэр неге ойнамады?

- Ол екеуінде жарақат болды. Сондықтан да, оларға толықтай сене алмадым. Барлығы оларға да тіреліп тұрған жоқ. Дели көп уақыт бойы бізбен жаттықпады. Ал жалпы айтқанда, «Астана» мен «Славия» командалары бір-біріне ұқсас. Ойын мәнері де айнымайды десем болады. Тек бүгін қазақтардың жолы болды.

- Осы ойыннан кейін қызметіңізден кететін шығарсыз?

- Бір ойынды жеңіле салып, қызметтен кете салмаймын. Егер клубтың басшылығы солай болсын деп шешсе, мен қарсы ештеңе де дей алмаймын. Алайда, өз басым бұл клубпен әлі де жұмыс істегім келеді.

Ермұхамед Мәулен