Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2017

«Егемен» тілшісі – жеңімпаз

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астана қаласында БАҚ қызметкерлері арасында өткен «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсының қоры­тындысы жарияланды. 

«Егемен» тілшісі – жеңімпаз

Журналистер арасындағы шығармашылық байқауды Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қо­ры­ ұйым­дастырды. Сал­та­нат­ты шара аясында жеңім­паз­­дарды Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы кітапханасы дирек­­торының міндетін ат­қа­рушы М.Қа­сымбеков, Парламент Мәжі­лісінің депу­таттары С.Абдрах­манов пен А.Платонов және отан­дық БАҚ саласына еңбегі сіңген қайраткерлер марапаттады.

Конкурсқа төрт аталым бойын­ша бас-аяғы 447 жұмыс түскен. Жалпы конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекет­тілігінің негізі ретінде «Назар­баев моделін», Елба­сының идеялары мен бастамаларын танымал ету болып табылады. Айта кетейік, биылғы бай­­­қауда «Егемен Қазақстан» га­зе­тінің тілшісі Аян Әбдуәли «Ғалам­тор-БАҚ-тағы үздік мате­риал» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.

«Егемен-ақпарат»

Суретті түсірген 
Ерлан ОМАР,
«Егемен Қазақстан»
 

Соңғы жаңалықтар