Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2017

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық ағымдар сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жаууына ықпал етеді. Қар кей жерлерге қалың түседі, жекелеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, боран тұрады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Боран тұрып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Екпіні секундына 23-28 метр болады, облыстың оңтүстік батысында жел секундына 30 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран тұрады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде боран, көктайғақ болады.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктйғақ болады, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Павлодар облысында күндіз кей жерлерде боран, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей аймақтарда боран болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде және күндіз кей жерлерге тұман түседі. Атырау облысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі деп күтілуде.