Президент • 09 Желтоқсан, 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.  

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар Түркияның бастамасымен биылғы 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өткізу жоспарланып отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымының кезектен тыс саммиті жөнінде пікір алмасты.

Бұдан бөлек, Президенттер алдағы кездесулер кестесін, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.