Қазақстан • 11 Желтоқсан, 2017

Жоғарғы Сот төрағасы тағайындалды

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақып Асанов Жоғарғы Сот төрағасы болып тағайындалды.

Жоғарғы Сот төрағасы тағайындалды

«Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлының кандидатурасын қолдады» делінген Ақорданың twitter-дегі парақшасында.

Осыған дейін Жоғарғы Сот төрағасы қызметін Қайрат Мәми атқарған болатын. 

Ал Жақып Асанов 2016 жылдың 26 сәуірінен бері Бас прокурор болып қызмет атқарды.