Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017

Петропавлда әлем чемпионатының қола жүлдегері жансақтау бөлімінде жатыр

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда кикбоскингтен өткен Қазақстанның ашық біріншілігінде ауыр жарақат алған Азамат Досымбай облыстық аурухананың жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілді. 

Петропавлда әлем чемпионатының қола жүлдегері жансақтау бөлімінде жатыр

21 жастағы астаналық спортшының миына екі рет ота жасалғанымен, халі  мүшкіл. Екі күнге созылған жарыста ол  54 кило салмақ бойынша жұдырықтасып, күміс жүлдегер  атанған. Ақтық шайқаста қарсыласынан 15 рет соққы алғанын кейін бапкерлер камера арқылы санап шыққан. Бірақ  олар кикбоксшының  өміріне қауіп төндіретіндей қатты соққы  тигенін жоққа шығарып отыр. Марапаттау салтанатында ол өзін бірқалыпты ұстаған.  Тек арада бір жарым сағат өткеннен кейін  есінен танып қалған оны  ауруханаға жеткізуге тура келген.

 «Азамат бір айдың ішінде екі үлкен сайысқа қатысқан. Осыдан біраз бұрын Венгрияда өткен  әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.  Қай жарыста  денсаулығы сыр бергенін дөп басып айту қиын. Қазылар алқасы мен супервайзерлерге қоятын еш кінәміз жоқ. Олар дұрыс төрелік жасаған», деді облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.

Өмір Есқали.

«Егемен Қазақстан».

Солтүстік Қазақстан облысы.