Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2017

Павлодарда құжаттарды цифрландыру жұмыстары басталды

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, өңірдің аудандары мен қалаларында 1,2 миллионға жуық фото, кино, видеоқұжаттар сақталған. Жыл сайын олардың саны да көбейіп келеді. Мысалы, биыл 15 мың түрлі құжат облыстық архивке өткізіліпті. 

Павлодарда құжаттарды цифрландыру жұмыстары басталды

Енді  құжаттарды цифрландыру жұмысы 2018 жылы басталады, бұл мақсатқа 72 миллион теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа заманауи құрал-жабдықтар сатып алынады, яғни, 4 роботтандырылған жылдам сканер жасау жабдығы мен 144 терабайттық төрт сақтау жүйесі. Құжаттарды цифрландырылған қордан іздеу жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін электронды архив жасау да жоспарлануда. Облыстағы құжаттарды цифрландыру жұмыстары 2020 жылы аяқталады.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар