Елбасы жаңа тағайындауларға қатысты пікір білдірді

Парламент Сенаты депутаттарының алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздегі құқық қорғау қызметінің процессуалдық негіздерін жаңғырту үдерісіне тоқталып, бұл жүйеде кадрлық өзгерістер жасаудың қажеттілігін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Егемен Қазақстан
11.12.2017 115

- Игорь Рогов зейнет жасына жетті. Заңнамаға сәйкес ол атқарып отырған қызметінен босатылды. Сіңірген еңбегі мен атқарған жемісті жұмысы үшін оған алғыс айтамын. Конституциялық Кеңестің төрағасы болып Қайрат Әбдіразақұлы Мәми тағайындалды, - деді Елбасы. Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев Қайрат Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізіп, бұл қызметке Жақып Асановтың кандидатурасын ұсынды.

- Бұл кездейсоқ таңдау емес. Біз жаңа заңның қабылдануына байланысты сот-құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың келесі кезеңіне қадам бастық. Сондықтан сот органдарының жаңа басшысы оны тиімді әрі жылдам іске асыруды қамтамасыз етуі керек. Нәтижесінде Қазақстандағы сот төрелігі неғұрлым дамыған әрі әділетті болуға тиіс. Жақып Асановтың кандидатурасы осы жоғары талаптарға толық сай келеді деп ойлаймын, - деді Қазақстан Президенті.

Қазақстан Президенті Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған кандидаттың жеке қасиеттері мен кәсіби машықтарын атап өтті, сондай-ақ Қайрат Мәмиге еліміздің сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор лауазымына Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасын Парламент Сенатына келісу үшін ұсынды.

- Ол Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ұзақ жыл жұмыс істеді. Басшылық қызметтегі және прокуратура органдарындағы тәжірибесі мол. Оның Бас прокурор лауазымына ауысуына байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып Алик Шпекбаев тағайындалады, - деді Мемлекет басшысы.

Парламент Сенатының депутаттары ашық дауыс беру арқылы Қ.Мәмиді Жоғарғы Сот төрағасы лауазымынан босату және осы қызметке Ж.Асановты тағайындау туралы қаулы қабылдап, сондай-ақ Қ.Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына тағайындауға келісім берді. Соңында Қазақстан Президенті еліміздің сот және құқық қорғау жүйесінде сапалы әрі уақтылы реформалар жүргізудің маңыздылығына тағы да назар аударды.  

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу