Мажарлық түркітанушы ғалым: Қазақтануға құштарлығымды оятқан Қоңыр ағам еді

Жазиралы Жетісу, Асқақ Алатау... Сұқтансаң көз тоймас сұлулыққа толы осынау  көркем өлкені көп кездім.  Көшпелі өмірдің еміс-еміс елестерімен кездестім. Ауылдағы адамдар басымнан сипап, бауырға тартты. Жылқышылармен қырға шығып, қымыз іштім. Салбурынды тамашалап, саятшылардың бүркіт салғанын көрдім. Кеудесі кең сарайдай кемеңгер қариялардан ескі әңгімелерге қанықтым. Халықтың әдет-ғұрыптарымен таныстым. Қысқасы, отаныма қазақ болып қайттым. 

Егемен Қазақстан
12.12.2017 1056

Таяуда Халықаралық Түркі академиясы Венгрияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесіп мажарлық белгілі шығыстанушы Дьёрдь Алмашидің туғанына 150 жыл толуына байланысты семинар ұйымдастырып, фотосурет көрмесін өткізді. Білетіндердің айтуынша, Астанаға ат басын арнайы бұратын сол елдің екі этнограф ғалымының біреуі қазақшаға судай көрінеді. Онымен қоймай, батырлар жырын жағы талғанша жатқа соғады екен. Жағымды жаңалық жарғақ құлағымызға жеткен соң жатамыз ба, ұлтымыздың асыл қазыналарын ұлықтаған шетелдік азаматпен тілдесіп қалуға асықтық.  

Алқалы жиынға алыс-жақыннан жиналған ағайынға ілім-білім тұ­нып тұрған төрін ұсынған Ұлттық кітапханаға ертерек келіп, керек адамымызды қи­нал­май таптық. Талантына сырттай тамсанып үлгерген жаңа танысы­мыз талай кітап тауысқан тақуа ғалымнан гөрі әйгілі әртіске ме, саңлақ спортшыға ма көбірек келіңкірейтін сияқты. Жүріс-тұрысы, киім киісі басқа әріптестерінен сәл бөлектеу. Тек, сабырлы жүзі мен салмақты көзқарасы ғана салиқалы саланың өкілі екенін аңғартып тұрғандай.

Көңіліміз қалағандай көсіле әңгіме-дүкен құрудың реті келмеді. Алдағы жасайтын баяндамасына алаңдаулы екенін байқадық. Оның үстіне жан-жақтан жамырай амандасып, қал-жағдайын сұраушылар сұхбаттасуымызға мүмкін­дік бермеді. Әйтсе де әккілік жасап, амалдап будапештік мейманның көкейіндегі көп ойлардың шет жағасын суыртпақтап шығаруға тырыстық.

Бұйымтайымызды білдіре баста­ғанымыз сол еді, жанымызға жаны­ғып асай-мүсейлерін арқалаған теле­арналардың журналистері жетті де, ай-шайға қарамай камераларын іске қосып жібергені. Амалсыз артқа шегіндік те, телетүсірілімнің барысын сырттай бақылаушылар қатарына қосылдық.

Ол қазақша ойқастай жөнелді. Жор­ғадай жосылуын, шіркіннің. Тұс-тұстан таңдайлар тақылдады. Тілі неткен жа­тық, ойлары қандай орамды. Өрісте бірге жүрсе де өз енесін еме алмайтын сіргелі бұзау секілді пұшайман халге түс­кен орыстілді қандастарымызға тың­датар ма еді, мына интервьюді. Әй, бірақ ондай дымбілместер бәрібір ештеңе түсінбейді ғой...

Дәуіттің дауысы да құлағымызға май­дай жағып барады. Сөздері де сөлді екен.

– Жиырма жылдан бері қазақ халқы­ның этнографиясын зерттеп жүрмін. Еңбегімді елге таныту үшін елуге тарта мақала жаздым. Менің қазақтануға құштарлығымды оятқан бәріңіз білетін Иштван Қоңыр Мандоки ағам еді. Тоқ­­саныншы жылдардың басында екеу­­ара сырласу үстінде ағынан жары­лып, ақыл-кеңесін берді. Біздегі құман-қыпшақтардың шыққан тегін білгің келсе, алдымен ана қазақтардың арғы-бергі тарихын зертте. Алайда қазақтың тілін жетік білмейінше, алға қойған мақсатыңа жете алмайсың, дегені есімде қалып қойыпты. Өкінішке қарай, өмірден ерте өтіп кетті. Марқұм маған асыл арманын аманаттады ма екен, кім білсін?.

– Жақсының жолын жалғас­тыр­ғаныңыз жөн болыпты. Қазіргі таңда қандай ізденіс үстін­десіз?

– Қазақтар мен қырғыздар ара­сындағы бақсылық салттар мен ырымдар қатты қызықтырады. Әруақ мәселесіне байланысты да әртүрлі бағытта ізденіп, өзімше пікір түйдім. Бұл жұмыстарым бұйырса, жеке кітап түрінде жарық көрмек.

– Этнографияға әуестігіңіз неден басталды?

– Мен Будапеште туып-өскен қала­ның баласымын. Бірақ, Құман даласындағы нағашыларымның үйіне жиі баратынмын. Бұл араны сонау ХІІІ ғасырда Бату ханға бас имей Еуро­паға қоныс аударған қыпшақтардың ұрпақтары мекендейді. Екі елдің қаны бүгінде әбден араласып кеткен. Деген­мен қазіргі құман-қыпшақтарыңыз өздерінің шыққан тегін ұмытпаған. Алтын бастауларының алыстағы Азияда екенін естен шығармайды. Атажұрттары туралы тереңірек білуге құмар. Маған да солардан бірдеңе жұқса керек. Әйтеуір аңсарым осы жаққа ауа берді.

– Бәрекелді! «Жігіттің жақсысы – нағашыдан» деген емес пе?! Өзімізге тартқан өрен болдыңыз ғой. Содан ебін тапса, жиен де ел болатынын дә­лел­деуге кірісіп кеттіңіз.

– Қанша айтқанмен бойымда қып­шақтардың қаны бар болғандықтан бір бүйрегім сіздерге  бұрған да. Екі ға­­сыр Қиян даланы қиқулатып, қайқы қылыштарымен талай дұшпандарының басын қаққан қыпшақтар Шыңғысхан шапқыншылығына шыдас бере алмай, шартарапқа тарыдай шашырап кетті. Тағдырдың жазуымен Қап тауына асты, Дунай жағалады, Арабияны бетке алды. Солардың соқталы бір бөлігі біздің Венгрия жеріне тұрақтағаны әмбеге аян. Қарсақтағы құман қыпшақтардың Орта Азиядағы түбі бір туыстарымен рухани байланыстарын зерттеуге зейін қойдым. Бірінші кезекте қазақ, қырғыз, қарақалпақ, ноғай халық­тарының салт-дәстүрлерін сара­лауға ниет қылдым. Мен онда Буда­пештің Лоранд Этвёш атындағы гума­нитарлық университетінің филология факультетінде оқып жүрген болатынмын. Неге екенін қайдам, Ман­доку марқұмның «Ең әуелі қазақтың тілін біл, әйтпесе олардың ішіне кіре алмайсың» деген ақылы ойыма қайта-қайта орала берді. Сонымен қойшы, 1993 жылы Қазақстан мен Венгрия арасындағы келісімшарт аясындағы студенттер алмасу бағдарламасы бойын­ша Алматыға келіп, Абай атындағы университетке қабылдандым. Алайда, аудиториядағы сабақтар қанағаттандыра қоймады. Құр теориямен тереңге бойлай алмайтынымды бірден сездім. Тәу­елсіздіктің тәй-тәй басқан кезі. Қала­дағы қазақтар бір-бірімен негізінен орысша сөйлеседі. Айналамдағылардан бірдеңе сұрасам, «говорите на русском языке» деп бе­тімді қайтарып тастайды. Ал, енді келіп ойланайын. Тілді тездетіп игеру үшін не істеуім керек сонда? Шақшадай басымды шарадай қылып оның да жолын таптым-ау ақыры. Қаладан қашып, ауылдарға бару қажеттігі жөнінде ше­шім қабылдадым.

Жазиралы Жетісу, Асқақ Алатау... Сұқ­тансаң көз тоймас сұлулыққа толы осынау  көркем өлкені көп кез­дім.  Көшпелі өмірдің еміс-еміс елес­терімен кездестім. Ауылдағы адамдар басымнан сипап, бауырға тартты. Жылқышылармен қырға шығып, қымыз іштім. Салбурынды тамашалап, саятшылардың бүркіт салғанын көрдім. Кеудесі кең сарайдай кемеңгер қариялардан ескі әңгімелерге қанықтым. Халықтың әдет-ғұрыптарымен таныс­тым. Қысқасы, отаныма қазақ болып қайттым.

– Дұрыс. Ең бастысы ниет қой. Ал­­дына биік мақсат қойған жан кез-кел­ген қиындықты жеңеді. Қара суды теріс ағызардай ағылшыншасы мен орысшасы бар, бірақ ана тілінен ма­құрым базбір бауырларымызға сабақ болатын мысал екен бұл өзі. Тала­бы­ңызға нұр жаусын!

– Рахмет, шын жүректен шыққан тілегіңізге ризашылығымды білдіремін.

– Бүгінгі басқосудың басты та­қы­рыбына айналып отырған  Алма­ши­дей айтулы тұлғаға қандай қаты­сы­ңыз бар?

– Айтайын. Қазақстаннан қайтып еліме оралған соң сол кезде өзім секіл­ді студент, бүгінде үлкен ғалым атан­ған Иштван Шантамен кездесіп, екеуіміз біраз сырластық. Ол маған мажардың әйгілі шығыстанушысы Алмашидің «Азия жүрегіне саяхатым» атты 700 беттік қалың кітабын көрсетті. Сондағы суреттер көзіме оттай басылды. Мен әбден бауыр басқан Жетісу қазақтарының жиырмасыншы ғасыр басындағы тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін фотолардағы жасыл жайлау, өзен-көл, тау-тас, тағысын тағылар са­намдағы сағынышты тербеп жіберді. Ке­регесін түріп тастап төрінде жамбас­тап жатқан киіз үйлер, домбырашылар күрең кешті күңірентіп тартқан қазақтың қай­­ран күйлері, аталар мен әжелерден ес­тіген аңыз-ертегілер, бәрі-бәрі есіме түсті.

Әлгі кітапқа қызыққаным сонша, екі-үш күн бас алмай оқып тауыстым. Сол сәттен бастап Алмаши саяхат жа­са­ған жерлермен жүріп өтіп, деректі кино түсіруге бел будым. Көп кешікпей көкейдегі ойымды жүзеге асырдым.   

– Кинофильмді түсіру барысында қандай қызық оқиғалар болды?

– Айтсам нанбайсыз.

– Е, неге?!

– Ендеше, тыңдап көріңіз. Алмаши Іледе қайықпен жүзіп Балқаш көліне барған. Біздің экспедициямыз да сол бағытпен тартты. Жол-жөнекей далада маң-маң басқан түйелерді көр­дік. Әдейілеп бұрылып қасиетті жануар­лардың қасында біраз аялдадық. Маңғаз кейіптегі мал иесі бізді дәмге шақырды. Дастархан басындағы әңгіме үстінде отағасы түйе бағу баяғыдан атакәсіптері екенін, тіпті осыдан жүз жылдай бұрын аталары осы өлкеге сапарлаған әлдебір еуропалық жиһанкезге лаушы болғанын мақтанышпен жеткізді. Ойлап қарасақ, бұдан жүз жыл бұрын бұл жаққа Алмашиден басқа бірде-бір еуропалық аяқ баспаған секілді. Ендеше мына отырған кісі түйелерімен жүгін тасып,  Алмашиға қызмет көрсеткен кісінің немересі емей, немене?!

– Мына қызықты қараңыз...

– Тоқтай тұрыңыз, одан да қызығын айтайын. Алмаши Нарынқол өңірін аралап, Сантас асуы арқылы Қарақолға асқанда Оразбек деген қырғыз жігітін жолбасшылыққа жалдапты. Біз оның да ұрпақтарымен ұшырастық. Қалай дейсіз ғой. Қарақолға жеткен бойда Доқтырбай Оразбеков атындағы көшеге топ ете қалдық. Еріксіз елең еттік. Өйт­кені, Алмашиді қазақ-қырғыз оның оқы­мыстылығын меңзеп Доқтырбай атағанынан хабардармыз. Ал, Оразбек –  жаңағы жолбас­шының аты. Жөн сұра­маққа жақын орналасқан үйлердің біріне бас сұқтық. Үй ішіндегілерден мына көшеге есімі берілген Доқтырбай Оразбековтің кім екенін сұрадық. «Ол менің – атам» деді шаңырақ қожайыны шалқалай қоқырайып. «Кім болған» дедік біз тағы да тақымдай сауал қойып. «НКВД офицері, елге еңбегі сің­ген қайраткер» деді анау одан сайын астамсып. «Оразбек аталарыңыз ше?». «Ол кісі туралы көп біле бермейміз. Қытайдан апиын тасумен айналысқан ба, белгісіздеу. Әйтеуір, Шыңжаң жақта қапияда қазаға ұшырапты».

 Тиісті мағлұмат құлағымызға тиген соң, «тергеп-тексеруді» доғарып, жө­німізге көштік.

– Қолдарыңызда ата-әжелеріңіздің суреті бар ма?

– Жоқ. Қайдан болсын...

– Көргілеріңіз келе ме?

– Ондай атты күн қайда?

– Ендеше, көрімдіктеріңізді дайын­даңыздар.

Алдарына тастай салған ата-әжеле­рінің ат үстіндегі бейнелерін көрген ұр­­пақтары айран-асыр болып, күтпеген қуаныш­тан жанарлары жасқа шыланды.

Солай...

– Үнді фильмдеріндегідей үйлесе кетуін қарашы. Ғажап!

– Еңбегіміздің еш кетпегеніне біз де қатты қуандық.

– Дәуіт, сізді көп тіл біледі дейді.

– Солардың ішінде ең жақсы білетінім – қазақ пен қырғыздың тілі. Ана тілімнен кейін, әрине.

– Әйеліңіз қазақ қызы емес пе?

– Қырғыз. Будапеште білім алған.

– Қап, әттеген-ай, өзің қатты қадір­лей­тін Қоңыр ағаңмен бажа болатындай жөнің бар еді.

– Бұйрық солай болғаны да.

– Елден естуімізше, біздің батырлар жырымыздың біразын білетін көрінесіз.

– Иә, «Алпамысты», «Қобыланды батырды», «Едігені», «Қырымның қырық батырын» жатқа айтамын.

– Ал, ендеше аңыратып жіберші біреуін.

– Бұрынғы өткен өмірде,

Естіген сөз көңілде.

Бұл оқиға айтылар,

Үш-төрт сағат кемінде.

 

Жиделі-Байсын жерінде,

Көк торғынды көлінде,

Асқаралы белінде,

Қоңырат деген елінде...

– Ой, азамат! Көп жаса!

P.S.: Әңгіме соңында Дәуіт Шомфай Алмашидің жоғарыда сөз болған кітабын қазақшаға аударуға Халықаралық түркі академиясы ынта білдіргенін, бұл жоспардың жүзеге асатынына күмәнсіз екенін ерекше екпін түсіре айтты. 
Қазақтың этнографиясын жан-тәнімен беріле зерделеп жүрген мажарлық ғалымға біз де сәттілік тіледік. 

Әңгімелескен 

Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.02.2018

Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды

25.02.2018

Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200  грант  бөлінді

25.02.2018

Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады

25.02.2018

Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.02.2018

Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды

25.02.2018

Мәлік Мырзалин: Ақмола облысына 257 миллиард теңге инвестиция тартылып, 12 мың жаңа жұмыс орны құрылды

25.02.2018

2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды

25.02.2018

Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

  Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу