Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2017

Алматыдағы №7 аурухана триаж-жүйесіне көшеді

923 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін алматылық БАҚ өкілдері қаладағы Қалқаман ықшамауданына орналасқан №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінде енгізіліп отырған триаж-жүйесінің тиімділігін көруге келді.

Алматыдағы №7 аурухана триаж-жүйесіне көшеді

Аталмыш жүйе стационарда медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға, сондай-ақ, медициналық қызметтер сапасын көтеруге бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған жаңа жүйе науқастарға кабинеттен тыс қызмет көрсетуге арналған. Алдағы күндері бұл жүйе еліміздің барлық ауруханаларына ендіріледі.

Алматыда №7 аурухана алғашқылардың бірі болып қабылдау бөлімін триаж-жүйесіне қажетті қорлармен жабдықтауға көшті. Осы жаңалыққа сәйкес қабылдау бөліміне келіп түскен науқастар үш топқа бөлінеді. Олардың  ахуалына байланысты, сәйкесінше қолына қызыл, сары немесе жасыл түсті білезік тағылады. Қызыл аймақ – шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілуі тиісті науқастар болса, сары аймақ – интенсивтік емес көмек күтіп отырғандар, ал жасыл аймақта науқасты қабылдап, қызмет көрсетіп, бағыт беруге, қажет болған жағдайда жоспарлы тәртіпке сәйкес ауруханаға жатқызуға арналғандар кезегін күтеді.

Іріктеуден кейін науқастар ықшам қол арбалармен жабдықталған қарау аймағына өтеді. Бұл жерде науқастанып келгендердің денсаулығы жан-жақты тексеріледі. Мониторлардағы арнайы бағдарламалық жабдықтама онлайн тәртібінде науқастанып түскендерге қызмет көрсету барысын көрсетіп тұрады. Осы жаңалықтың арқасында мамандарға қаралу үшін кезекке тұру қажет болмайды. Нәтижесінде науқастар жағынан келіп түсетін шағымдар санын едәуір азая түседі деп күтілуде.

Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»