Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2017

Астанада көпқабатты үйлердегі ескі лифтер жаңартылып жатыр

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалада көптеген лифтілерді ауыстыру жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Астанада көпқабатты үйлердегі ескі лифтер жаңартылып жатыр

Бүгін Жирентаев көшесінде орналасқан 20/1 үйінделифті жөндеу және жаңаға ауыстыру бойынша жұмыстар аяқталып, жаңа лифті іске қосылды.

Қала бойынша жыл соңына дейін 63 лифті өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша ауыстырылмақ. Тұрғындар оған қаржыны мемлекеттің есебінен пайдаланды. Осындай жолмен ескі лифтілерін ауыстырғысы келген тұрғындар «Өркен қала» бағдарламасының операторына құжат тапсыруы керек.

Ары қарай келісімшарт бекітіліп, мердігер таңдалады. Барлық жұмыс тұрғындардың бақылауымен өткізіледі. Егер мемлекеттен қаржыны 15 жылға алса, орта есеппен алғанына байланысты әр пәтер иесі пәтерінің шаршы метріне байланысты төлем жүргізеді, шамамен 2-2,5 мың теңгеден шығуы мүмкін. Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша 63 лифт ауыстырылады. Қазіргі таңда 10 жаңа лифті іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар