Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Аягүл Миразова: Тарихи табыстар көшбасшысы

720 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

1991 жылы 1 жел­тоқ­санда елі­міз­де өткен алғашқы прези­денттік сайлау­да Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев бір­ауыздан Қазақстан Республикасының Президенті болып сай­ланған жеңіс сал­­та­натында ха­лық ақыны Шәкір Әбе­нов­тің Елбасына ел атынан берген бата­­сын тарихымыз ұмытпайды. 

Аягүл Миразова: Тарихи табыстар көшбасшысы

Ел  тілегі орындалды. Прези­дент­ осы жолда барын салды.­ 1991 жылдың 17 желтоқсанында, яғни Тәуелсіздіктің алғашқы күнінде өз сөзінде былай деді: «Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұран­ға ермейік, ұшпа сезімге ерік бер­мейік дегім келеді. Әсіресе жастар сал­қын­қан­дылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқ­таудан айнымаса, қашанда дос­тық­қа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұс­там­сыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік». Ел­басының осы үндеуі арқылы Қазақстан сая­си тұрақтылыққа, тыныш өмірге қол жеткізгенін жастар білуі керек. Бүгінде еліміз әлемге адамзат мүддесі үшін ұстамдылық танытып, бейбітшілікке қолдау білдіруде ерікті түрде үлгі болып отыр. 

Тәуелсіз халқының бейбіт, ты­ныш­ әрі қолайлы өмір сү­ру­ жағдайын жасаған тұлға ға­на тарихта ерекше аталады. Се­мей ядролық полигонының жа­былуы,­ Шығыс­тағы Қытай мен Батыс­тағы Ресеймен арадағы ше­кара мәселесінің шеші­мі та­былып, оның картасының БҰҰ-ға тап­сырылуы, жаңа елорда Ас­та­на­ның бой көтеруі, Әлемдік және дәс­түрлі дін­дер көшбасшыларының Астанада өткен үш құрылтайы, әйгілі ЭКСПО-17 ха­лықаралық көрмесінің Аста­нада табысты өтуі, Қазақстан халқы Ассам­блея­сының келісім мен тыныштық сақтау қыз­меті сияқты теңдессіз тарихи табыс­тар­ды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін Тәуелсіздік күні сияқты мемлекеттік мере­ке­нің жалпыхалықтық сипатта өтетіні аса ма­ңызды жеңісіміз дегім келеді. 

Аягүл МИРАЗОВА,
Қазақстанның Еңбек Ері