Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Астанада «Мәңгілік Ел» қай­раткерлері: Хам­за Қиқымов» тақы­ры­бында көр­кемөнер көрмесі ашылды

320 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Респуб­ли­­касы Президентінің ар­хивінде ел Тәуел­сіздігі күніне орай «Мәңгілік Ел» қай­раткерлері: Хам­за Қиқымов» тақы­ры­бында көр­кемөнер көрмесінің ашылуы болды. Іс-шара қазіргі Қазақстанның саясаттағы, экономика мен мәдениеттегі жетіс­тіктерін кең көлем­де насихаттау бойын­ша «Мәңгілік Ел» қай­раткерлері. ХХ ғасыр» құжаттық-көркемөнер көрмелер циклына кіреді.  

 

Астанада «Мәңгілік Ел» қай­раткерлері: Хам­за Қиқымов» тақы­ры­бында көр­кемөнер көрмесі ашылды

Суретші Хамза Қиқымов 200-ден аса суреттің авторы. Ол Н.В.Гоголь атындағы Алма­ты көр­кемөнер училищесі мен Абай атын­дағы Қазақ педагогикалық инс­­титутын бітірген. Рес­пуб­ли­калық және халықаралық көр­мелердің белсенді қатысушысы бола жүріп, көптеген жүлделердің иегері атанған. Оның еңбектері Қазақстан, Аустрия, Германия, АҚШ және тағы басқа елдердің музейлері мен жеке коллекция жинақтайтындардың қолында сақталған. 

Көрменің ашылуында Қазақ­стан Республикасының Прези­денті архивінің директоры Борис Жапаров өткен аптада Ас­тана қаласында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған өлкесіне арналған «Үшқоңыр» кітабының тұсаукесері болғанын атап өтті. Еңбекте Елбасының қанатты сөздерімен көмкерілген белгілі суретшілердің туындылары басылған. Суретші шығар­машылығына арналған көрмеге келгендердің алдында сөз алған архив директоры Борис Жапаров: «Осы кітапқа Хамза Қиқымовтың «Үш­қоңыр», «Отбасы» және тағы басқа Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған өлкесіне қатысты 12 суреті енген. Бүгінгі көр­меге сол суреттердің төртеуі қойылды. Бүгінгі күні елімізде орын алған түбегейлі өзгерістер, мемлекетті дамытуға бағытталған тұжырымды қа­дамдар жасампаз әрекеттерге жетелеп отыр. Өз кезегімізде «Мәңгілік Ел» қайрат­керлеріне» арналған шара­ларымыздың болашағы ай­қын, іргесі берік елдің негізін қалау­да өскелең ұрпақ бойына ұлт­жандылық пен отансүйгіштік қасиеттер қалыптастыруда маңызы зор боларына сене­міз», деді.

Х.Қиқымов – Алматы облы­сының гербі мен туының, «Ал­маты облысының құрметті азаматы» төсбелгісінің, Тал­дықорған қаласы гербінің авторы. «Алматы облысының құр­мет грамотасы» эскизі де Х.Қи­қымовтың еңбегі.

Өнертанушы И.Юферова болса, Хамза Қиқымовты «терең ойлы, ізденімпаз суретші» деп атады және оны табиғаттың әсемдігі мен ұлылығын ашып көрсететін табиғат ырғағы мен сызбалары, жарығы мен бояулары қызықтырады, дейді. Ирина Юферова көрмеге суретшінің бұрынғы суреттерімен қатар соңғы кездердегі туындыларының да қойылғанына назар аударды. Суретшінің қазіргі еңбектерінің ерекшелігін, оның соңғы кездегі туындыларының серпінді және жігерлі, әсем әрі абстрактілі шы­ғып жүргеніне тоқталып өтті. 

Ал Х.Қиқымовтың шығарма­шы­лығына арналған көркемөнер көрмесі желтоқсан айының соңы­на дейін жұртшылық назарына ұсынылады.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, 
«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ