Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Төрқаланы тұғырға қондырған қалам

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Қазақ­стан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі бар. Ол Елбасының бұрынғы Резиден­циясында орналасқан. Музей 2005 жылдың 4 шілдесінен бас­тап жұмыс істеп келеді. Жалпы алаңы 10000 шаршы метрден асады. Музей экспозициялары төрт қабатты түгелдей алып ж­атыр. 

Төрқаланы тұғырға қондырған қалам

Осында Мемлекет басшы­сының өмір жолына қатысты барлық деректер жинақталған. Атап айтқанда, Президенттің бала кездегі фотосуреттері, ата-анасы қолданған отбасылық бұйымдар, шетелдік мемлекет бас­шылары тарапынан табыс­талған құнды сыйлықтар мен аса мәртебелі наградалар және тағы басқалар.

Осылардың арасында Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаев әр кездері қолданған қаламның бірнешеуі де экспозицияға қойылыпты. Соның ішінде біздің назарымызды ерекше тартқаны – алтын сақиналы қара қалам. Бұл жәдігер дәл қазір меке­менің үшінші қабатында орналасқан «Рәміздер» залында тұр 

Музей құндылықтарын есеп­ке алу және сақтау қызме­тінің жетекшісі Зульфия Мол­дағаринованың айтуына қара­ғанда, бұл қаламмен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1998 жы­лы 6 мамыр күні «Ақмола қа­ласы­ның атын «Астана» деп өзгерту туралы» Жарлыққа қол қойыпты. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Суретті түсірген 
Ерлан ОМАР,
«Егемен Қазақстан»