Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Қазынасы мол елді инвестордың өзі іздеп келеді

313 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Менің Нұрсұлтан Назарбаевпен таныстығым 1969 жылдың басында Қазақстан комсомолының  ОК пленумында басталды. Оның одақтық министрліктер мен республика шенеуніктеріне Теміртау қаласы және Қарағанды металлургия комбинаты жастары атынан нақты сынмен батыл айтылған сөздеріне пленумға қатысушылар ду қол шапалақтады. 

Қазынасы мол елді инвестордың өзі іздеп келеді

Жинақы, қайсар, тартымды, өз көзқарасын нақты және батыл айтатын ол менің көңілімді бірден өзіне аударды. Одақтық және республикалық жастар газеттері оның сөйлеген сөзін сондай бір зор шабытпен түсіндіріп әрі үзінділер келтіргені есімде. Мен де сол есте қалатын пленумда Новоузеньск аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы ретінде Бүкілодақтық комсомол құрылысы деп жарияланған Маңғыстау жастарының мәселелерін көтеріп, сөз сөйлеген едім. 

Пленумнан кейін біз Нұрсұлтанмен жақынырақ таныс­тық. Ал 1970 жылы екеуіміз Мәскеу қаласында өткен БЛКЖО  XVI съезінің делегаттары болып сай­лан­дық. Сол кезден бастап біз қы­­зықты әрі тарихи оқиғаларға, дағ­дылы жұмыс күндеріне, жаңа кездесу­лер мен таныстықтарға толы жарты ға­сырдан астам уақыт бірге келеміз.  Нұрсұлтан жас кезінен Қарағанды металлургия комбинатындағы қарқынды жұмыста да, көп этносты Теміртаудағы қарбалас өмірде де құрыш сияқты қай­сар және берік болуға шыңдалды. Осы қасиеті оны қиын-қыстау жылдары өз хал­қын жарқын болашаққа бастады. 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезекті пленумында өнеркәсіп саласына жетекшілік ететін Орталық Комитеттің хатшысы болып 39 жастағы Н.Ә.Назарбаев сай­ланды. Республика аймағы бойын­ша ол ең алғаш Гурьев (қазіргі Атырау) қа­ласына барды. Облыс бас­шы­лы­ғы­мен бірге мен екі жыл бойы хатшы боп жұмыс істеген қалалық партия ко­ми­те­тіне келді, бірнеше қалалық кәсіп­орын­дарда болды, оны біздің үш зауыт – мұ­най өңдеуші, химия және машина жасау зауыттары ерекше қызықтырды. 

Сол күні қалада одақтық және рес­­публикалық министрліктер, ме­ке­ме­лер мен мұнай саласына байла­ныс­ты басқа да құрылымдардың, сон­дай-ақ мұнайшы мамандардың жә­н­е ғалымдардың қатысуымен геолог-барлаушы мұнайшылардың рес­пуб­­ликалық жиналысы өтті. Осы фо­рум­да сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбіш­ұлы біздің аймақта мұнай мен газ­ды із­деу және оны өндірудің респуб­ли­ка және жалпы Одақ үшін маңызы бар екенін ерекше атап өтті.  Кейінгі жылдары республиканың батыс облыстарында мұнай газ өндіру саласын дамыту мәселелері республика Компартиясы ОК хатшысының, кей­ін Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Назарбаевтың нұсқауы бойынша бар­лық республикалық және облыстық жи­налыстар мен форумдардың күн тәртібінен түскен жоқ. Сол жылдары оның шақыруымен облысқа КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Н.Рыжков пен КСРО Мемлекеттік жос­парлау комитетінің төрағасы Н.Бай­ба­ков келді. Мәскеулік меймандар Ембідегі жұмыс істеп тұрған кен орындарына және Гурьевтің ірі салалық кәсіпорындарына барды, содан кейін Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Қызылорда және Гурьев облыстары аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарының барысымен танысты. Одақтық деңгейде зор маңыз берілген Теңіз, Қарашығанақ кен орындарын жылдам игеру мәсе­ле­леріне және Маңғыстаудағы жылу энер­гетикалық кешеннің дамуына ерекше қызығушылық танытты.

 Көп кешікпей КОКП ОК мен КСРО Министрлер кеңесінде Теңіз, Қа­ра­шығанақ және Маңғыстау кешен­де­рін жедел дамыту жөнінде арнайы қаулылар қабылданды. Ұңғымаларды бұрғылау жандандырылды, кен орындарына жақын жерлерде жаңа құрылыс трестері құрыла бастады. Жолдар жобаланып, салынып жатты, коммуникация, электр желілері жүргізілді, өндірістік және әлеуметтік нысандар бой көтерді. Бұл белсенді үрдістің ең алғашқы бастаушысы, ұйымдастырушысы және ка­тализаторы Н.Назарбаев болды. Оны бү­гін Қазақстанның заманауи мұнай-газ кешенінің негізін салушылардың бі­рі деп атауға толықтай құқылымыз.  

1989 жылдың 22 маусымында Қазақстан Компартиясы ОК пленумы болды. Пленум Қазақстан Компартиясы ОК бі­рінші хатшысы Г.Колбинді қызметінен босатып, оның орнына Н.Ә.Назарбаевты сай­­лады. Пленум аяқталғаннан кей­ін мені партия ОК ұйымдастыру бөлі­мі меңгерушісінің бірінші орынба­са­ры О.Әбдікәрімов шақырды. Ол ма­ған Н.Ә.Назарбаевтың атынан Жаңа­өзен қалалық компартиясының бі­рін­ші хатшысын сайлау пленумына қатысу үшін Жаңаөзенге баруға ұсы­ныс жасады. Сондай-ақ ол онда төтен­ше жағдайдың орын алғанын, яғни қа­з­ақ­тар мен кавказдықтар арасында ұлт­аралық келіспеушілік салдарынан қақтығыс болғанын, қаза тапқандардың бар екенін, қалада коменданттық сағат жарияланғанын айтты. 

Негізгі себеп экономикадағы, әле­у­меттік-мәдени тұрмыстағы жә­не жұмыссыздықтағы қор­да­ланып қал­ған мәселелер болатын. Қыз­ме­тіме кіріскеннен кейін бір аптадан соң Жаңаөзен экономи­касы мен әлеу­меттік мәселелердің бар­лы­ғын жет­кі­лікті дәрежеде зерттеп, рес­публика бас­шылығына баяндау мақ­сатында Ал­матыға жолға шық­тым. Біз­дің дағ­да­рыстан шығу жө­нін­дегі бі­ріккен ұсыныстарымыз Орта­лық ко­ми­тет пен Министрлер ке­ңесінің Жа­ңаөзенге қатысты шұғыл қа­был­да­ған қаулысының негізі болды. Ол  қыс­қа уақыт ішінде қаланың әлеу­мет­тік-экономикалық мәселелерін шешуге ықпал етті.  

Колбин тұсында қысқарған және 1988 жылдан Гурьев облысының құра­мын­да болған Маңғыстау облысы 1990 жылдың тамызында қайтадан құрылды. Н.Ә.Назарбаев мені Гурьев облыстық атқару комитеті төрағасының өнеркәсіп және Теңіз мұнай-газ кешенін дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қызметіне жіберді. 

Мемлекет басшысына елдің тұтас­ты­ғын сақтау, оның қауіп­сіз­дігін қам­та­масыз ету, ішкі мә­селелерді ше­шу, өз халқының абы­ройы мен құ­қы­ғын қор­ғау және бо­лашаққа дұрыс бағ­­дар табуы қа­жет болды. Уақыт өте ке­­ле осының бар­лығы орындалды, Қазақстан даму жолына түсті. Өз хал­­қы­­ның барлық асыл қасиеттерін бой­ы­на сіңіре алған және мемлекетті бас­қа­­рудың тарихи моделінің ең жақсы тә­­­­жірибесін жете оқып-білген, кез келген сынақтарға төтеп беретін тұлғаға ай­налды.

КСРО күйрегеннен кейін ең үлкен Те­ңіз мұнай және газ кен орны ұзаққа созылған келіссөздерден соң Қазақстан Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың нақ­ты ұстанымының арқасында Қазақ­стан­ның қарамағына өтті. Гурьев об­лыстық атқару комитеті төрағасының орын­басары, кейін  Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағай­ындалғаннан кейін мен қызметтік мін­детіме сәйкес Теңіз кешенімен, со­ның ішінде Теңіз кен орнын игеру бойынша жаңа бірлескен қазақ-америка кә­сіпорнын құрудағы дайындық жұ­мыс­та­рымен толықтай айналыстым.

Ал 1992 жылдың мамырында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев және «Шеврон» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Кеннет Дерр жұмысы келесі жылға жоспарланған «Теңізшевройл» біріккен кәсіпорынын құру туралы меморандумға қол қойды. Н.Назарбаевтың айтуынша, мұнай биз­несі саласында халықаралық ынты­мақ­тастықтың әрі қарай дамуына тағы бір қадам жасалды. Қазақстан мен «Шеврон» арасындағы келісім бір мезетте бүкіл әлемге тарады. Жас тәу­ел­сіз мемлекетке әлемге танымал, ең та­бысты компаниялардың үштігіне кіре­тін ірі мұнай корпорациясының кел­уі біздің елімізге жаппай шетел ин­вестицияларының ағылуына ерекше ықпал етті. Президент «Те­ңіз­шев­ройл» қазақ-америка бір­лескен кә­сіп­орнына мені директор қызметіне та­ғайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Тәуелсіздік жылдары ішінде «Тең­ізшевройл» бірлескен кәсіпорны мұ­­най өндіруді және республика бюд­же­тіне қомақты салық төлеуші ком­па­ниялардың бірі болды.

«Теңізшевройл» бірлес­кен кә­сіп­орны мен «Қазақстан ­Каспий­-Ше­льф» ше­т­елдіктер қатысушы ком­па­ния­лары құ­рылғаннан кейін елімізге шетелдік де­легациялар келе бастады. Әлемдік ірі ком­паниялар тарапынан Қазақстанға көп назар аудару бірнеше факторларға бай­ланысты болды. Бұл орайда біздің елде, әсіресе Каспий маңы аймағында жә­не Каспий қайраңында мұнай мен газ­дың орасан зор қорының болуын, екін­шіден, тиісті заңдарды қабылдау нәтижесінде жайлы инвестициялық ахуал қалыптасуын атап өтуіміз керек. Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді де батыл саясаты оған халықаралық зор бедел әкелді, соның ішінде әлемдік бизнес саласында да беделі жоғары болды. 

Алдарында Теңіз, Қарашығанақ, Құмкөл, Каспий қайраңы сияқты мұ­най мен газ кен орындарын жедел иге­рудің стратегиялық мақсаты тұр­ған әлемге танымал шетел компаниялар­ымен жасаған біздің алғашқы қадам­да­рымызды қорытындылайтын болсақ, ма­ңызды нәтижелер ретінде мыналар­ды атап өтуге болады. Бірінші – елге кел­ген инвестиция қарқыны арта түс­ті, тек мұнай-газ саласына ғана емес, басқа да салаларға инвестиция құй­ыла бастады, бұл өз кезегінде Қазақ­станды дағдарыстан алып шығуға және әрі қарай макроэкономикалық тұ­рақтылыққа қол жеткізуге мүм­кін­дік берді. Екінші – Президент Нұр­сұл­тан Назарбаев батыл және кө­реген ше­шімдер қабылдай алатын бел­гілі сая­саткер және халықаралық дең­гей­дегі стратег ретінде әлемге танылды. Бұл біздің жас мемлекетіміздің ха­лық­ара­лық беделінің өсуіне ықпал етті. 

Үшінші – мұнай-газ өндіруші ай­мақтарға шетел инвесторларының келуі сол аймақтың экономикалық тұрғыда өркендеуіне, жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен материалдық жағ­дайының жақсаруына оң әсер етті. Төр­тінші – бірлескен кәсіпорындарды құ­руға байланысты мұнай-газ өндіру мен басқа іргелес салаларға жаңа әрі озық технологиялар мен басқарудың тиімді әдістері ене бастады. Бесінші – әлемдік стандарттар деңгейінде тә­жірибесі мен дайындығы бар  кәсіби отан­дық кадрлардың тез өсуі байқалды. Әлемде аумағы жағынан тоғызыншы орында тұрған, ал энергоресурстардың табиғи қорлары жағынан әлемдегі бірінші ондыққа кіретін Қазақстанды дүние жүзі жаңа тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады.

Равиль ШЫРДАБАЕВ,
мемлекет және қоғам қайраткері

Соңғы жаңалықтар