Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Мобильді қосымша  іске қосылды

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшін «SmartTravelKZ» мобильді қосымшасын іске қосу туралы баспасөз  мәслихаты өтті. 

Мобильді қосымша  іске қосылды

Сыртқы істер министрлігі жасап шығарған «SmartTravelKZ» тегін мобильдік қосымшаның басты мақсаты шетелдердегі Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс беріп, жәрдемдесуді көздейді.

«Мобильді қосымша аймақтық ерек­шелік­теріне қарай, елдер туралы тиімді ақпаратты, қауіпті жағдай болған кезде асырылатын іс-шараларды, төтенше жағдайлар кезіндегі ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшін басқа да маңызды мәліметтерді қамтиды», деді Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мадиев.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»