Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Санат Көшкінбаев: «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы өте қызықты әрі жанды стильде жазылған

565 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. 

Санат Көшкінбаев: «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы өте қызықты әрі жанды стильде жазылған

Фото: Ерлан Омар, "Егемен Қазақстан"

Салтанатты іс-шарада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Санат Көшкімбаев сөз өйлеп, кітап туралы пікір білдірді. «Кітап өте қызықты әрі жанды стильде жазылған. Президент жазғандай, сыртқы саясат ішкі саясат бейнесінің жалғасы. Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып отырған ішкі саясат - қазақстандық көпвекторлы дипломатияның жарқын моделі. Кітапта бұл терминді жиі кездестіруге болады. Менің ойымша, мемлекетімізде болған жаңғырту кезеңдерінің үшеуі де ішкі саяси жетістіктерімен үйлесіп отырғаны тегіннен-тегін емес», - деді ол. Санат Көшкінбаевтың айтуынша, кітапта мемлекеттің ішкі саясатының жарқын жетістіктері, ішкі саяси және ішкі экономикалық өзгерістердің қалай жүзеге асырылғаны баяндалған. Сонымен қатар аймақтық қауіпсіздік мәселесі де кеңінен талданған. 

Санат Көшкінбаев өз сөзінде ішкі саяси жетістіктер кейде мемлекеттегі өзгерістердің импульсіне, кейбір салаларда даму драйверіне айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ислам ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткені де еліміздің саяси тархында ерекше атап өтетін кезеңге айналған. 

«Қазақстан халықаралық аренада көптеген мемлекеттермен екіжақты және көпжақты дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. Сонымен қатар Қазақстанынң бағыт-бағдардың бірі ретінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) болғаны тегін емес. Сонымен қатар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Орталық Азиядағы интеграциялық бастамалары да мемлекетті алға жетелер тағы бір артықшылыққа айналды. 1993 жылы Ташкентте өткен саммиттен бері Президентіміздің ұсынысымен Қазақстан мен бізге көршілес мемлекеттер «Орталық Азия» аймақтары атала бастады. Әрине, бұл бастама Кеңес Одағы кезінде де айтылған. Бірақ бір мемлекет қолдаса, екіншісі қолдамай, ол жүзеге асырылмаған еді. Ал Қазақстан осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы елдермен қарым-қатынас жасаудың интеграциялық моделін ұстанып келеді. Әрине, қиындықтар аз болған жоқ. Бірақ, 26 жылдың ішінде осынау интеграциялық стратегия өзінің өміршеңдігін дәлелдеп берді», - дей келе Санат Көшкінбаев Президенттің кітабында осы және басқа да мәселелердің айтылғанын атап өтті. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"