Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2017

Өмірзақ Шөкеев ҚР Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

347 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Өмірзақ Шөкеев ҚР Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Исабекұлы Мырзахметов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.

Өмірзақ Шөкеев 1964 жылдың 12 наурызында Түркістан қаласында дүниеге келді.

1986 жылы Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдады.

1986-1988 жж. - ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1988-1991 жылдары - Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты;

1991-1992 жылдары - Жоспарлау үрдістерін автоматтандыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері; 1992-1993 жылдары - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі;

1993 жылы - ҚР Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

1993 - 1995 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшісі басшысының, әкімінің орынбасары;

1995 жылы қараша - 1997 ж. наурыз - ҚР Экономика министрі; 1997 жыы наурыз - қазан - ҚР Экономика және сауда министрі;

1997 жылы шілде - қазан - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары (макроэкономика, өнеркәсіптің шұғыл қызметі, сауда, көлік, энергетика, ғылым, ТМД елдерімен қарым-қатынас мәселелері жөніндегі);

1997 жылғы қазан - 1998 жылғы сәуір - «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы;

1998 жылғы сәуір - тамыз - ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары;

1998 жылы тамыз - 2004 жылғы наурыз - Қостанай облысының әкімі;

1997 жылы ақпан - қараша - ҚР Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің мүшесі;

1997 жылғы қараша - 1998 жылғы тамыз - ҚР Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі;

1997 жылғы наурыз - желтоқсан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Бақылау кеңесінің төрағасы;

2004 жылдың наурызынан бастап Астана қаласының әкімі;

2006 жылдың қыркүйегінен бастап Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2007 жылдың тамызынан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;

2009 жылдың 3 наурызында Қазақстан Президентінің Қаулысымен ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары;

2011 жылдың 11 сәуірінде Мемлекет басшысының қаулысымен кезекті рет ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жыл 26 желтоқсандағы №1600 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалып, Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде сайланды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 қаңтардағы № 1493 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы ретінде қайта сайланды.