Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

Егемен Қазақстан
16.12.2017 3754
2

Расында, тарихты жасау бар да, оны жазу бар. Тарихты жасаған тұл­ға ретінде Черчилльдің жазғандары Еу­ро­па­ның өткеніне үңілген оқыр­ман­ның на­зарынан әсте тыс қалған емес.

Бұл өнегелі үрдіс бізге жат емес еді. Кешегі Ататүрік, Бабыр, одан әрі Білге қаған түгел түркінің түпкі тарихын тасқа қашап жазған. Беріде үзіліп қалған осы ұлағатты дәстүрді Елбасымыз қайта жаң­ғыртып отыр.

Бүгін біздің қолымызға Қазақстан Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәу­елсіздік дәуірі» атты жаңа кіта­бы тиді. Бір­ден айту керек, бұл кітап азаттықтың ақ таңындағы жас мемлекеттің алғашқы демін, әрбір қадамын, еңсесін тіктеп, құлашын қалай жазғанын нақты дәйек­термен жинақтағандықтан, оны тәу­ел­сіздік тарихының атласы, жаңа ше­жі­реміздің бояу-болмысы түгел қам­тыл­ған тұтас картинасы деуге болады.

Біз әдетте тарихты зерделегенде ке­зең­дерді жылдармен, дәуірлерді ғасыр­лар­мен өлшейміз. Кейде бұл атаулар уа­қыттың ұзақтығымен емес, маңызды оқиғалармен де өлшенеді. Бұл тұрғыдан алғанда, жүз жылға бергісіз ширек ғасыр Тә­у­ел­сіздік дәуірінің бастауы болды. Бұл кезең кітапта «Ұлы дәуір» деп ата­ла­ды. Осы дәуірде жаңа тұрпатты мем­ле­кеттің, жаңа қоғамның барлық саласы өз тарихының алғашқы парағын ашып, жетістіктерге толы жылнамасы жазыла бастады.

Қазақстанның құрылуы мен қалып­та­суы хронологиялық және жүйелі түрде қам­тылған бұл іргелі еңбекте тәуелсіздік жылдарын жаңғырудың үш толқынына балаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел тарихын кезең-кезеңге бөліп, әрбір саланы жеке-дара қарастырады.

Біз кітаптан оқиғалардың қалай өр­бігенін, шиеленісті жайттардың қалай шешілгенін ғана емес, олардың түпкі себебі мен қисынын да табамыз.

Елімізде ең көп талқыланатын та­қы­рыптың бірі қазақ тілі екені бел­гі­лі. Мемлекеттік тілдің мәселесі тәуел­сіз­діктің елең-алаңынан бері Елбасының назарынан тыс қалған емес. Бұл туралы автор «Қазақ тілі – қазақ ұлтының мәдени тұтастығының басты қайнар көзі. Ғасырлар бойы солай болған, болашақта да солай бола береді... КСРО-ның ұлттық тіл­дерді дамытуға көңіл бөлмегені өз ал­дына, тіпті оны жасанды түрде тежеп отырғаны белгілі. Сондықтан да объекти­вті түрде туған тілді тірілту және өзінің жаңа мемлекеттік мәртебесіне орай жаппай қолданысқа енгізу үшін тек қана ізгі ниет аздық ететін», дей отырып (80-бет), тіл саясатының тетіктері туралы жазады.

Мемлекет басшысының ұлт болмы­сы­ның ажырамас ажары, рухани діңгегі, өміршең өзегі саналатын мәдениет пен өнерге де айрықша ықыласпен қам­қор­­лық жасап келе жатқаны баршаға аян. Осы қастерлі қағидатты кітаптың «мың­жылдық қазақ мәдениеті жас елдің тәу­елсіздігінің сенімді тірегіне айналды» деген сөзінен де табамыз. Одан әрі автор «Мемлекеттің мәдениетке және тарихи-мәдени мұраға деген ұстанымы – «өткенге сүйенбей, болашаққа қадам жасау мүмкін емес» дегенге саяды. Тарихи сабақтастық пен өткен шақпен байланыс қана тәуелсіз Қазақстанның ілгері дамуы жолында іргетас бола алады. Ұлттық жалған идеалдар мен бұрыс мақсаттарға бой ұруына жол бермейді» деп жазады (288-бет).

Осы арқылы біз 90-жылдардағы Нау­рыз мейрамының дүниеге келуі­нен бастап ауқымды «Мәдени мұра» бағ­­дарламасының іске асырылуы және бү­гінгі «Рухани жаңғыру» бағдар­ла­ма­сы­ның заңды сабақтастығын табамыз.

Кітапта мыңдаған оқиғалар айтылып, көп­теген тұлғалардың аттары аталады. Бұл бізге тәуелсіздік дәуірінде әрбір де­­тальдың маңызды екенін білдірумен қа­тар, автордың замандастарына деген құр­метін де сездіреді.

Қоғам өмірінің дамуында маңызы зор бұ­қаралық ақпарат құралдары жайында да көп­теген жайттарға қанығамыз. Мәселен, «2017 жылы мемлекеттік бұқаралық ақ­па­рат құралдары жаңғыр­тыл­ды, жетекші га­зет­тер өз келбеттерін өзгертіп, жаңа да­му жолына түсті» деп баға береді.

Мұндай мысалдарды кітаптың әрбір бе­тінен келтіруге болады.

Ең бастысы, автор атап көрсеткендей, бұл кітап тәуелсіз Қазақстанның даңқты та­рихын білуге және түсінуге, елімізді мақ­тан етер жасампаздар қатарының кө­беюіне септеседі деп сенеміз.

Сондықтан дәйекті деректермен өріл­­ген «Тәуелсіздік дәуірі» – Қазақ елі­нің тарихына үңілетін зерттеушілер мен өт­кенімізді зерделейтін әрбір оқыр­ман­ның ұдайы жүгінетін кітабы болады деп ойлаймыз.

Себебі бұл – жасампаз жылдардың жи­­ын­тық жылнамасы!

Бұл – Мәңгілік елдің темірқазығына ай­­налған тұтас дәуірдің шежіресі!

Бұл – Азаттық архитекторы алған абы­ройлы асудың айнымас айғағы!

Тәу етер тәуелсіздік мерекесі барша­ға құтты болсын!

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.10.2018

Ақпараттық кеңістік артықшылығы

22.10.2018

Қаржы саласы қарқын береді

22.10.2018

Данияр Елеусіновтің әлемдік рейтингтегі орны жоғарылады

22.10.2018

Өмірұзақ Кенжебеков: Блокчейн алыс болашақ емес, осы шақ

22.10.2018

Райымбек бұлағы

22.10.2018

«Қызыл трактор» Нью-Йоркте жүр

22.10.2018

«Әз-аға, қазағымның күй абызы...»

22.10.2018

Елеусіновтің кезекті жеңісі

22.10.2018

Ерлан Серікжанов: Токиоға нағыз мықты балуан барғаны дұрыс

22.10.2018

19 жыл бойы алтынды аңсап келеміз...

22.10.2018

Жатақхана құрылысы жанданады

22.10.2018

Жастарды қолдау – басым бағыттардың бірі

22.10.2018

Бүгін - Халықаралық мектеп кітапханаларының күні

22.10.2018

Баспанасы бар жандар бақуатты

22.10.2018

Депутаттар ел ішінде

22.10.2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы Алматы облысына арнайы сапармен келді

22.10.2018

Жолдау міндеттеріне сай Астанада ауқымды шаралар басталды

22.10.2018

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыға жұмыс сапарымен барды

22.10.2018

Нұрлан Нығматулин Жапония делегациясымен кездесті

22.10.2018

Павлодарда орманшылар жануарлардың азығын дайындауда

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу