Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2017

Қоғамдық келісім – жаңғырудың негізі

1056 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Кез келген мемлекетке халықтың игілігі үшін тарихи шешім қабылдайтын сәт туады. Қазақстан тағдыры өте қиын және күрделі кезеңде ұйымшыл саяси элитасы бар, көреген Көшбасшысы бағдар сілтейтін халықтың қандай деңгейге жететіндігінің жарқын мысалы. 

Қоғамдық келісім – жаңғырудың негізі

Тәуелсіздік алған тұста жағдай­дың басқа елдерге қарағанда төмен болғанына қарамастан, Қазақстан даму­дың барлық мүмкіншіліктерін қол­данып, құрметті және әлеуетті ел­ге айналып, тарихи сынақтардан бас тартпай, жаһандық қауіп-қатер­ге төтеп беретін мемлекетке айналды. Мұндай жетістікке қол жет­кізу – екінің біріне берілмейтін мүм­­кіндік.

Қазақстан жетістігінің кілті ел аумағында көп кездесетін пайдалы қазбаларға байланысты емес. Біздің басты табысымыз – мінсіз, нақты және тиімді стратегиялық жоспарлау, экономиканы, әлеу­меттік саланы және саяси демократияны қамтамасыз ететін ілгерілемелі және теңестірілген даму.

Мұндай жетістіктің жар­қын үл­гісі ретінде «Қазақстан-2030» даму стратегиясының мерзімі­нен­ бұрын орындалуын, «Қазақ­стан-2050» жоспарын, Бес инс­титуттық реформаны, «Нұр­лы жол» экономикалық сая­­сатын атап өту­ге болады.

Аталған бағдарламалардың орындалу нәтижесінде  бүкіл әлем­де мойындалған, Тұңғыш Пре­зидент Нұрсұлтан Назарбаев­тың есімімен тығыз байланыс­ты «қазақстандық жолға» қол жеткіздік.

Стратегиялық жос­парлау мен оны орындау 2017 жылы ерекше қарқын алды. Үші­нші жаңғырту, конституциялық реформа және қоғамдық сананы жаң­ғыртуға арналған «Рухани жаң­ғыру» бағ­дарламалары Қазақ­станды әлемнің үздік отыз елінің қатарына енудің соңғы кезе­ңіне шығарды.

Дамудың эволюциялық жолын таңдау, қоғамдық келісімнің жағдайын анықтау, қоғамның көңіл күйін бақылау секілді әре­кет­тер жасампаз еңбек пен оның нақты нәтижесіне арналған. Сондық­тан қоғамдық сананы жаңғырту Мем­лекет басшысы айтқандай, «саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады».

Осы орайда тарихшы және фи­ло­соф Томас Карлейляның «мо­раль­­­дықтан басқа реформалар па­й­­дасыз» деп айтқаны еске түседі. Расында, қоғамдық сананы жаң­ғырту арқылы теңдессіз нәти­­жеге қол жеткізген мысалдар тарихта жетерлік. Мәселен, ор­та ғасырдағы Еуропадағы қайта жаңа­ру дәуірі, ХХ ғасырдың екін­ші жар­­­ты­сындағы Оңтүстік-Шы­ғыс Ази­я­дағы экономикалық жолбарыстар, зама­науи Қытай феномені, та­лай­ды тамсандырған Сингапур эко­­но­ми­касының тиім­ділігі қо­ғамдық са­на­ның реформалар мен даму­ға қаншалықты әсер ете­тінін көрсетеді.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ла­масы үшінші жаңғырту мен конс­титуциялық саяси рефор­маларды орындауға мүмкіндік бе­реді. Сондықтан Президент Н.Назарбаев «Бұдан сабақ ала біл­ме­сек, тағы да тарихтың темір қақ­панына түсеміз. Ендеше, эво­люциялық даму қағи­даты әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айна­луға тиіс», деп атап өткен болатын.

Әрбір қазақстандықтың жеке және дербес бағдарынан бөлек, бейбітшілік пен келісім мәде­ниеті бүкілхалықтық бірлік пен қоғам­дық келісімнің негізіне айналуы тиіс. Бұл қағидаттар бізге идео­ло­гия тұрғысынан ғана емес, адам­гер­шілік талаптары және этика тұр­­ғысынан  қоғамдық нор­ма­ға айналуы тиіс.

Қоғамдық келісімді нығайту­дың іргетасына айналған қоғам­дық сананы жаңғырту бағдарла­масы қоғамдағы үш мүм­кіншілікке негізделген. Олар: әлемде, елде және өз плане­таңда не болып жат­қанын түсіну, өз­ге­ріске әзірлік және басқалар­дың тә­жі­рибесін ескеріп, солардан үйрену.

Қазақстандағы көп этносты қо­ғам үшін әлемде кездесетін мә­де­ниеттің, тілдің, дәстүрдің өзгеше­лігін ескере отырып, алуан түрлі­лікке негізделген стра­­тегияға бетбұру өте маңызды бо­лып табылады. 

Қазіргі таңда «Рухани жаңғы­ру» бағдарламасының осы және өз­ге де бағыттары Қазақстан хал­­қы Ассам­б­леясы қызметі аясында орын­­далып жатыр. Ең басты­сы, Қазақ­станның бүкіл тұр­ғындарын, әсіресе ауылдық жер­лерді қамтитын инс­титуттық механизмдер тиім­ді жұмыс істеуде. Солардың ал­дың­­ғы қатарында ҚХА-ның Қоғам­дық келісім мен Аналар кеңестері тұр.

Қазіргі таңда барша әкімшілік-аумақтық деңгейде 2978 қоғамдық келісім кеңесі қызмет етеді. 2017 жылғы 9 айдың ішінде 6019 нақ­ты мәселе шешімін тауып, мем­лекеттік мекемелер мен азаматтық қоғам институттарына 1635 ұсы­ныс жіберілген болатын. Со­ның 1381-і шешімін тапты.

Толеранттылық мәселелері жө­­­нін­­­дегі Аналар кеңесінің са­ны 2141-ге жетті. Солардың құра­­мында 10 мың­нан астам бел­сен­ділер бар. Жал­пы, Аналар кеңесі жұмысы 350 мың адамды қам­тыды.

Қоғамдық келісім мен Аналар кеңестерінің белсенділігі және дамуы үшінші жаңғырту бары­сында олардың маңызды фак­торға айналатынын, азаматтар­дың қатысынсыз қоғамдық сананы жаңғырту мүмкін еместігін көрсетеді. «Рухани жаң­ғыру» бағ­дарламасын орындау барысын­да Ассамблея әр аймақта дербес жоспар жасады. Қазіргі таңда 593 жоба орындалу кезеңінде тұр. Бұлар Ассамблеяның қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша бүкілхалықтық жол картасы саналады.

Бұдан бөлек, ҚХА-ның өңір­лік бөлім­шелері 1144 жоба­ның орындалуы­на атсалысып, бағдарламаның бүкіл бағытын қамтыған. Соның ішінде Ассам­блеяда 76 жоба дербес орындалып, ҚХА-ның 94 мү­ше­сі жергілікті жоспарларды бас­қарып отыр. Орындаушы ретінде Ассамблея мен этномә­дени бірлестіктің 12 626 өкілі қыз­мет етеді. Сондай-ақ 116 адам жобаларды орындау бо­йын­ша сарапшы міндетін атқара­ды.

Қазақстан қоғамы санасын жа­ңа­ша қалыптастырудың ма­ңыз­ды жобаларының бірі – «100 жаңа есім» жобасы болды. Онда өз таланты, еңбегі мен білімі арқы­лы табысқа жеткен отандас­тары­­мыз­дың жетістік жылнамасы жа­зыл­ған. Дәл осы азаматтар ар­қылы еліміз қоғамдық сананы жаң­ғыр­туға арналған бәсекеге қабі­лет­тілік, прагматизм, ұлттық кодты сақтау, білімге иек арту, әрда­йым эволюциялық дамуға талпыну, сананың ашықтығы секілді негіз­гі қасиеттерді көре білді. Ендігі жерде олардың тәжірибесі барша қазақ­стандықтар үшін үлгі болуы тиіс. Осы орайда  Қазақстан халқы Ассам­блеясы 2018 жылға арнап оған қа­т­ысу­шыларды қоғамда насихаттау мақсатында 11 арнайы жоба әзірледі.

Әлбетте, азаматтық әлем, әлеу­меттік ынтымақтастық пен жауап­кершіліксіз қоғамдық келісім­ді елестету мүмкін емес. Сондықтан «Рухани жаңғыру» бағдар­лама­сы аясында Қазақстан халқы Ассам­б­леясы қайырымдылық шараларын дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл қадамның нәтижесін Қазақстан қайырымдылық көр­сету­шілердің III съезі көрсетіп берді. Онда Ассамблея ұйымдас­тырған «Қайырымдылық керуені» республикалық акция­сы­ның нәти­жесі, «Туған жер» бағ­дар­лама­сын орындау және қайы­рым­дылық шараларын дамыту мәсе­лелеріндегі маңызды сұрақтар талқыланды.

Осы бағытта 2017 жылы 11 мың­ға жуық қайырымдылық шаралары, акциялар өтіп, аз қам­тыл­ған отбасыларға, қарт кісілер мен балалар үйіне көмек көрсетілді. Осы аралықта 529 мыңнан астам адамға қайырымдылық көмек кө­рсетіліп, 18427 ұйым мен меке­ме­ге жалпы сомасы 4,2 миллиард теңге болатын қаржылай қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар съезд кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйым­дастырған, еліміз тарихында тұңғыш рет «Жомарт жан» мем­лекет­тік белгісі тағайындалып, сал­та­натты түрде өз иелеріне табыс етілді. Бұл белгі азаматтардың ме­це­нат­тық және қайырымдылық шара­лары кезіндегі еңбегін қоғам­ның бағалауын көрсетеді. Жалпы, «Жомарт жан» белгісі 29 адамға бұйырды.

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасын орындаудың алғашқы жылы қазақстандық жаңғыру мен қоғамдық келісім арасындағы тығыз байланыс анық байқалды.

Осы орайда, алға қойылған мақ­­­сат­тың қиындығына, кенет кез­де­сетін кедергілерге қарамастан мақ­сат­қа қол жеткізетінімізді то­лық сенім­мен айта аламыз. Өйт­кені үшін­ші жаңғырту, конс­­ти­туциялық рефор­ма және «Руха­ни жаң­ғыру» бағдар­ламасы рефор­маның дербес ба­ғыт­тары емес, Елбасы Н.Назарбаев белгілеп бер­­­ген жалпы бір бағыт­тың түрлі са­ла­лары болып саналады. Сон­дық­тан Қазақстанның жарқын болашағы Елбасы – Тұң­­ғыш Прези­денттің қолында екеніне сенімдіміз.

Леонид ПРОКОПЕНКО,

Қазақстан Президенті Әкімшілігі 

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары