Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2017

Қазақ – қашанда қазақ!

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақ – қашанда қазақ!

Жорықта атқа қонам, мақтана алам,
Басыма бақ қонғанда атқа қонам.
Аңсарлы азат рухым ат үстінде,
Көк Тудан артық қандай бақ таба алам?! 

Болмаса бүгінгідей азаттығым,
Жойылып кетер ме еді қазақтығым?
Көтеріп көк байрақты сол үшін де
Тойлаймын Тәуелсіздік ғажап күнін!

Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»

Жоба авторы: Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»