Қазақстан • 17 Желтоқсан, 2017

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17 желтоқсан күні республика аймақтарында жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді

Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 18-23 м/с күшейеді, күндіз 28 м/с жетуі ықтимал. Түнде кей аумақтарда тұман болады.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.