Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2017

Өскемендегі К.Маркс көшесіне Қазыбек бидің есімі берілуі мүмкін

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі Жібек маталар комбинаты (ЖМК) ықшам ауданындағы ең үлкен көшелердің бірі Карл Маркс даңғылына қазақтың үш биінің бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері қаз дауысты Қазыбек бидің есімі берілуі мүмкін. Шаһардағы облыстық соттың ұжымы мен ЖМК ықшамауданының ақсақалдар алқасы қалалық әкімдікке осындай ұсыныс білдіріп, хат жолдапты. Осыған орай Өскемен қалалық әкімдігінде қалалық мәслихат депуттары мен шаһар тұрғындарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. 

Өскемендегі К.Маркс көшесіне Қазыбек бидің есімі берілуі мүмкін

Қоғамдық тыңдауды жүргізген қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Майраш Екібасова жиын барысында көше атауын қайта атауға қатысты ұсыныс бірауыздан қолдау тапқанын, тек бір депутат тарапынан «бұл жұмыс сол көше тұрғындарының қалтасына салмақ салмай ма?» деген сауал қойылғанын, оған қала әкімінің орынбасары Ольга Булавкина тиісті жауап бергенін айтты.

Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан қолдау тапқан ұсыныс енді  республикалық ономастикалық комиссияда қаралады.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН