Қазақстан • 18 Желтоқсан, 2017

Бүгін Астананың жаңа жылдық шыршасы жағылады

724 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 22:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағындағы «Нұр Әлем» сферасының маңында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін Астананың жаңа жылдық шыршасы жағылады

Кешкі шара қонақтарының назарына мерекелік бағдарлама ұсынылады. Жасыл шырша жанында "I am a Singer Kazakhstan" жобасының финалистері өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Ringo тобы шараның хедлайнері болмақ.

Көрермендер конькимен сырғанау бұқаралық шарасының, ал балалар түрлі ойындардың қатысушысы атана алады.

Мерекелік шоу сағат 19:00-де басталады.