Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2017

Қостанайда латын әліпбиінен байқау өтті

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті Шетел филологиясы кафедрасының студенттері арасында латын графикасымен жазудан байқау өтті. Ол  Тәуелсіздік күніне арналды. 

Қостанайда латын әліпбиінен байқау өтті

Байқау шарты бойынша студенттер қазақ тіліндегі мәтінді  бір сағаттың ішінде  кириллицадан латын графикасына көшіріп жазу керек. Студенттер үшін тапсырма оңай болмаған секілді. I орынды жеңіп алған 3-курс студенті Әлия Төлемісова грамота мен  флешкаға ие болды.  II орынды   4-курс студенттері Нарғыз Омарова мен   Талғат Сарыбасов, III орынды  3-курс студенті Зарина Құсниярова мен 4-курс студенті Әнипа Нұрмағамбетова иеленді. Жүлделі орын алған студенттерге  университет  кәсіподақ комитетінің демеушілігімен сыйлықтар табыс етілді.

«Латын графикасына көшіріп жазу кезінде студенттер біраз қате жібергенімен, ынталары өте жақсы болды. Латын графикасын меңгеру жастарға соншалықты қиындық туғызбайды. Мектепте де, жоғары, орта оқу орындарында да осылай байқау, жарыс өткізе беру керек. Бұл тек қазақ балаларының ғана емес, өзге ұлт өкілдерінің де қазақ тіліне, латын графикасына деген  қызығушылығын арттырады», дейді осы  байқауды ұйымдастырған профессор Мәнсия Сәмәмбетова.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан».

Қостанай