ЭКСПО аумағында Астананың бас шыршасының шамдары жағылды

Биыл жаңажылдық бас шыршаны Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев жақты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Егемен Қазақстан
19.12.2017 7452

Алда келе жатқан мерекенің ең негізгі атрибутының бірі "ЭКСПО" көрмесінің аумағында Нұр Әлем сферасының маңайына орнатылды.

"Биыл Астанада орнатылған жаңа жылдық шыршаны 200 мың жарқыраған гирляндия мен 6000 шар және де әртүрлі жанып-сөніп тұратын әшекейлермен сәнделді. Шыршаның ұзындығы 25 метрді құрайды" - дейді Астана қаласының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталина. 

Астана қаласының тұрғыны мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, ал балаларға арнап сүйікті кейіпкерлерінің бейнесінде аниматорлар шықты. Шыршаны тұтандыру рәсіміне келушілер мерекелік фейерверкке куә болды. 

"Осындай кезекті рет астананың  бас шыршасын жағатын әдемі символикалық  іс-шарасын бәрі жақсы көреді, баршамыз осы мерекені үлкен қуанышпен күтеміз. Мұнда келген балалардың  да, үлкендердің  де, қонақтардың  да көңіл-күйі  керемет", - дейді Н.Мұхамбеталина. 

Бас шыршаны жағумен қатар ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында орналасқан ірі мұз қалашықтың да ашылуы болып өтті.

Мұнда ересектер үшін биіктігі 5 метр және ұзындығы 40 метр  сырғанақ пен балалар үшін екі сырғанақ бой көтерді, балалар сырғанағы сәйкесінше  - 2,5 және 14 метр. Ал қалашықтың тақырыбы  "ЭКСПО-2017" Болашақтың энергиясы" деп аталды, сондықтан Лондонның Гайд-паркінде 1851 жылы ашылған бірінші ЭКСПО көрмесі мен 1889 жылғы көрмедегі кіре беріс қақпа - Эйфель мұнарасының мұз көшірмесі қойылды.

Балаларды әсіресе биіктігі 6 метр атақты Дисней Лэнд сарайының көшірмесі қызықтырды. Миньона, танымал комик қаһармандары, Макуин найзағайы, үш метр Аяз ата мен Қарша қыздың мұз бейнесі композициялардың сәнін аша түсті. Бұлардың бәрі де түрлі-түсті мұздан жасалды.

Сонымен қатар, қонақтар үшін мұз қалашықта биіктігі жарты метрге жуық 80 метрлік лабиринт ашылды. Қалашық барлық периметрі бойынша футуристік стилдегі архитектуралық формада орнатылды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.08.2018

Марат Иғалиев Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

17.08.2018

«Қайрат» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

17.08.2018

Сөз сойыл № 64

17.08.2018

Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылын бірқатар жаңалықтармен бастағалы отыр

17.08.2018

Қызылжар өңірінде бруцеллез дерті көбейіп келеді

17.08.2018

Ақтөбеде «7 – 20 – 25» бағдарламасына 100-ге тарта адам өтініш тапсырған

17.08.2018

Ресми бөлім (17.08.2018)

16.08.2018

Азиада-2018: су добынан Қазақстан қыздар командасы қытайлықтардан ұтылды

16.08.2018

Футболдан УЕФА суперкубогының финалы Ыстамбұлда өтеді

16.08.2018

Партия өкілдері «Ақтау теңіз портының» жұмысымен танысты

16.08.2018

Нұрлан Ноғаев: «Мектеп сауда орны емес»

16.08.2018

Мәулен Әшімбаев Астанада партиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын тексерді

16.08.2018

Астанада «Таңғажайып Қытай» атты фотокөрме ашылды (ФОТО)

16.08.2018

АҚШ-тың әйгілі кәсіпқой боксшысы Рой Джонс Рудныйда рэп оқыды

16.08.2018

«II Абай оқулары» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

16.08.2018

4 қыркүйекте Пәкістанда президенттік сайлау өтеді

16.08.2018

Нұрғали ОРАЗ. «Соавтордың» соры

16.08.2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

16.08.2018

Илья Ильиннің бала күнінен естелік

16.08.2018

«Қызыл сызықтан» асқандар қадағалана ма?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу