Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2017

2016 жылы Қазақстан мен Мажарстанның тауар айналымы 16 пайызға өскен

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Мажарстан Елшілігі венгерлік-қазақстандық екі жақты қарым-қатынастардың 2017 жылғы нәтижелері бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

2016 жылы Қазақстан мен Мажарстанның тауар айналымы 16 пайызға өскен

«Өтіп бара жатқан жылда екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамыды. 2017 жылғы басты оқиғалардың бірі әлбетте белсенді қатысушылардың бірі Мажарстан болған «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі. Мажарстан өзінің ұлттық павильонында жасыл технологиялар саласындағы жаңа жетістіктерін ұсынды. Таңдалынған тақырыпты ашуға Мажарстан сәйкесті санатта екінші орынға ие болды. Көрменің өту барысында венгерлік павильонға 300 мыңға жуық адам келді. 20 тамызда ЭКСПО аясында Мажарстанның Ұлттық күні аталынып өтті, және басқа да іс-шараларды мерекелеу аясында Мажарстан бай мәдени бағдарламамен қыпшақтар Күнін атап өткізді», деді Барани Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани.

Сонымен қатар ол Астана-Будапешт тікелей әуе бағытының ашылуы шындығында тарихи оқиға екенін алға тартып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар екпінді дамып жатқанына ерекше тоқталды.

«2016 жылғы статисика  бойынша Мажарстан тауар айналымы – 16 пайызға өсіп, 1888 млн долларды құраған  Қазақстанның жалғыз сауда әріптесі болды. Алдағы уақытта да бұл көрсеткіш арта түсеріне сенімдімін», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»