Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2017

Грэпплингіден әлем чемпионаты Астанада өтеді

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі Грэпплинг Қауымдастығының Президенті Қанат Алиннің қатысуымен брифинг өтті. Шара барысында 2017 жылы жеткен жетістіктер мен келесі жылға жоспарлар жайлы сөз қозғалды.

Грэпплингіден әлем чемпионаты Астанада өтеді

«Спорттық Грэпплинг тарихында алғаш рет құрлықтық Азия Чемпионаты Қазақстанда өтті. 2-3 қыркүйек күндері Астана қаласында өткен айтулы додаға Қырғызстан, Араб әмірлігі, Өзбекстан, Пәкістан, Үнді мемлекеттері қатысты. Жарысқа бес Азиялық елдерден келген 100-ден аса спортшы бағын сынады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды», деді Грэпплинг Қауымдастығының Президенті Қанат Алин.

Сонымен қатар ол Тәуелсіздігі күніне орай Астана қаласында грэпплинг және грэпплинг гиден Қазақстан Республикасы Біріншілігі мен Кубогы өткенін тілге тиек етті.

«Айта кетейік, осы жарысқа рекордты қатысушы саны тіркелді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 1200 спортшы үздік палуан атағы үшін бақталасты. Жалпыкомандалық есепте бірінші орын Астана құрамасына бұйырды. Екінші орынға Қарағанды облысы тұрақтаса, үшінші орынды Павлодар облысы еншіледі. Қазақстан Республикасы Кубогында бірінші орынды тағы бір мәрте Астана құрамасы алды. Екінші орын – Қарағанды облысында. Оңтүстік Қазақстан облысы үшінші орынмен оралды», деді ол

 Грэпплинг Қауымдастығының Президенті Қанат Алин келесі жылы 27-28 қаңтар күндері “Аstana open” турнирі ұйымдастырылытанын жеткізді.

«Ал көптен күткен дода, қазақстандық партерде болып көрмеген Грэпплингіден Әлем чемпионаты Астана қаласында, қыркүйек айында өтетін болады», деді ол.

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар