Бизнесті трансформациялау бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда?

«Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаттарының бірі Қазақстанды 30 ең дамыған мемлекеттер қатарына кіргізу екені белгілі. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін еңбек өнімділігі мен экономикаға салынатын инвестиция көлемін арттыру көзделген. Оны жүзеге асыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2014 жылы Бизнесті трансфорамациялау бағдарламасын қабылдаған болатын.

Егемен Қазақстан
10.12.2017 10911

Бизнесті трансформациялау бағдарламасына «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қарасты Қазпошта, ҚТЖ, Қазатомпром, KEGOC, ҚазМұнайГаз, Самұрық-Энерго компаниялары қатысуда. Бағдарлама компаниялардың құнын арттыру, құрылымын өзгерту, инвестициялық қызметін жетілдіру сынды бағыттарды қамтиды.

Үш жыл бұрын осы бастамаға қатысты форумға Президент Нұрсұлтан Назарбаев та қатысқан еді. Елбасы сол жиында сөйлеген сөзінде: «Самұрық-Қазына» қорының алдында ұлттық масштабтағы міндеттер тұр. Трансформация аясында ең алдымен қор компаниялары акцияларының бағасын өсіруге бағытталған жұмыстарды атқаруы керек. Ол үшін өнімділікті арттырып, табысы көп және тиімділігі жоғары жобаларға инвестиция құйған маңызды», деген болатын. Мамандардың айтуынша, бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар нәтижесінде Президент айтқан міндеттер орындалып, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының өнімділігі 5 жылда 30-40 пайызға артуға тиіс.

Бизнесті трансформациялау бағдарламасы қызмет тиімділігін арттыру үшін қажетті жобалар жиынтығын қарастырады. Бизнестің трансформациясы бағдарламасының негізгі бағыттарына  процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қызмет процестерін автоматтандыру кіреді. Яғни, «Адамдар – Технологиялар – Процестер» бағыттары бойынша өзгерістер жоспарланған. Сонымен қатар бағдарлама аясында қызметкерлердің біліктілігін арттыру көзделген. Біз бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқанын білу үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына қарасты KEGOC компаниясына хабарласқан едік.

KEGOC – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда мол тәжірибесі бар инфрақұрылымдық компания. Ол электр желілерін үнемі жаңғыртып отырады. Сонымен қатар бүгінге дейін компания Еуропа қайта құру және даму банкі, Дүниежүзілік банк секілді әлемдік жетекші қаржы институттарының қатысуымен жалпы құны 1 млрд АҚШ долларынан жоғары ірі жобаларды жүзеге асырған.

KEGOC Бизнесті трансформациялау бағдарламасына 2015 жылы кіргені белгілі.  KEGOC-та бизнесті трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру 4 кезеңге бөлінген. «Дайындық кезеңінде» қажетті ресурстар бөлініп, арнайы жұмыс тобы құрылған. Негізгі құжаттар бекітіліп, кеңесшілер жұмылдырылған, компания мамандары оқу курстарынан өткен. Ал «Диагностика және дизайн» кезеңінде компания қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бастамалар қолға алынып, «Жоспарлау» сатысында жобалар портфелінде көрсетілген барлық бастамалар топтастырылған. Ал соңғы «Жүзеге асыру» кезеңінде жобалар іске қосылады деп жоспарланған. Бүгінгі күні компания төрт кезеңнің үшеуін жүзеге асырған. «Бизнесті трансформациялау бағдарламысның алғашқы сатыларында біз барлық бизнес процестерге қайтадан инжиниринг жүргізіп, жаңа ұйымдастыру құрылымын жасадық. Соның нәтижесінде басқарудың бірнеше сатысы қысқарды. Мысалы, басқарма төрағасының орынбасары, департамент басшысының орынбасары секілді қызметтер алынып тасталды. Филиалдарда экономикалық мәселелер бойынша директордың орынбасары, бас есепшінің орынбасары лауазымы да қазір жоқ», дейді компанияның Басқарма төрағасы Б.Қажиев. Оның айтуынша, компания қазіргі уақытта жеті ірі жобаны іске асырып жатыр. Солардың ішінде ең негізгісі «Кәсіпорын процестерін енгізу» жобасы. Бұл жоба бизнесті басқаруға арналған бағдарламамен қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы әлемдік мердігер саналатын SAP компаниясы шешімдерінің негізінде іске асырылды. Аталмыш компания мен «Самұрық-Қазына» АҚ арасында  жасалған келісімшарт бойынша 5 жылда экономикалық нәтиже 200 млрд. теңгені құрайды деп болжанып отыр. «Бұл жоба бойынша материалдық құндылықтарды, техникалық қызмет көрсету мен басқаруды жетілдіруге болады. Жоба нәтижесінде операциялық және басқару шығындары мен коммерциялық шығындарды азайтып, айналым  құралдарын үнемдеуге жол ашылады», дейді компания мамандары. Олардың айтуынша, осы жоба шеңберінде KEGOC-тың барлық бизнес-процестері бірыңғай ақпараттық платформаға негізделеді.

Бір айта кетерлігі, жоба компания саясаты мен әдістемесі, бизнес процестері мен ақпараттық жүйе салаларына негізделген. Бұл жоба негізінде бірнеше жүйелер қолға алынған. Мысалы, SAP ERP жүйесі негізгі бизнес процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы компания активтерін қолдану тиімділігін арттыруға болады. Ал SAP Human Capital Management - адам капиталын басқару қызметі - мамандарды оқыту, біліктілігін арттыру, менеджер мен қызметкерлерге портал арқылы өз-өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндік беруді көздейді. Сонымен қатар қызметкерлерге мотивация беріп, бірсарынды жұмысты азайтуды мақсат етеді. Жоба аясында жүзеге асырылатын тағы бір жүйе – еңбек қауіпсіздігін басқару (SAP EHS). Бұл жүйе жұмысшылардың жарақат алуын азайтып, қызметкерлердің бақылау жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мамандардың айтуынша, автоматты жоба арқылы кімнің қандай жерде жұмыс істеп жатқанын біліп, қауіпті жерде жүргендерді арнайы белгілеп, оларға қосымша жағдай жасауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар әдістеме, бизнес-процесс және ақпараттық жүйелерге негізделген активтерді басқару жүйесі жетілдіріледі.

Жалпы алғанда бағдарламаны іске асыру компанияның тұрақтылығын қамтамасыз етіп, сыртқы және ішкі өзгерістерге тез бейімделуге, ресурстарды бизнестің бағыттарына шоғырландыруға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермек. 

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

22.02.2018

Қазақстан – БҰҰ: өзара әріптестіктің серпінді жолы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу