Қазақстан • 22 Желтоқсан, 2017

ОСК төрағасы Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының бас хатшысымен кездесті

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев Дүниежүзілік сайлау органдары қауымдастығының (A-WEB) бас хатшысы Ёнг-Хи Киммен кездесті.

Кездесу барысында WEB-ті халық­ара­лық үкіметтік емес ұйым­нан халық­аралық үкі­метаралық ұйымға түр­лендіру, сондай-ақ Қазақ­стан Орталық сай­лау ко­мис­сиясы мен Дүние­жүзілік сай­лау орган­дары қауым­дас­тығы ара­сын­дағы елі­міздегі сайлауды бас­қа­руды жақсарту, дауыс беру және дауыстарды санау саласындағы ын­ты­мақтастық мә­се­лелері талқыланды.

ОСК төрағасы Берік Има­шев Қа­зақ­станның Ор­­талық сайлау комис­сия­сы 2013 жылдың қазан айынан бастап A-WEB-тің институттық мүшесі болып табылатынын, ОСК-ның аталған қауым­дастықтың мүшесі бола беруге мүдделі екенін, A-WEB-қа қатысу ОСК-ның жаһандық сайлау про­цестеріне атсалы­суы­на, демократиялық сай­лау өткізуде оң тәжі­рибе жинақтауға мүмкін­дік беретінін айтты.

A-WEB бас хатшы­сы Ёнг-Хи Ким қа­уым­дастықтың әлемдегі, со­ның ішінде ТМД ел­дер­індегі оқыту орталықтары желілерін құру бойынша және Қазақстандағы сайлау үдерістерінде IT-тех­нологияларды пайдалану жөнінде сөз қозғады.

Сондай-ақ Б.Имашев сайлау про­цес­терін цифр­лы форматқа көшіру мақ­­сатында (соның ішінде сайлаушылар ті­зімі) ОСК-ның «Цифр­лы Қа­зақ­­стан» мем­лекеттік бағ­дарламасына қосыл­ғанын жеткізді.

2017 жылғы маусымда Қазақстан Пар­ламенті Сенатының депутатта­рын сайлау кезінде тұң­ғыш рет сайлаушы­ларды электронды тіркеу жүйесі апро­ба­цияланған болатын. Бұл дауыс беру және оны қорытындылау процесінің ашықтығы мен дәлдігін қамтамасыз етті.

Кездесу соңында та­раптар ынты­мақ­тас­тық­ты жалғастыруға және тиімді іскерлік байланыстар орнатуға дайын екендіктерін білдірді.

Айта кетейік, А-WEB әлемдегі 104 мемлекеттің орталық сайлау орган­да­рын біріктіретін ха­лық­­аралық ұйым болып та­былады.