Қазақстан • 23 Желтоқсан, 2017

Астанада қылмыс көрсеткіші 20,2% төмендеді

371 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2017 жылдың он айының қорытындысы бойынша астанада криминалдық ахуалға жасалған талдаудың нәтижесі қылмыстың 20,2% төмендегенін көрсетті. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлады.

Астанада қылмыс көрсеткіші 20,2% төмендеді

Қылмыс 34 812-ден 27 795-ке дейін төмендеген. Оның ішінде көшелерде жасалған қылмыс - 24,2%, қоғамдық орындарда - 13,5%, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс - 2,1%.

Қазіргі таңда полициялардың қоғамдық көмекшілері белсене жұмыс істеуде, олардың саны 858 азаматқа жеткен.

2017 жылдың қорытындысы халықтың жергілікті полиция қызметінің жұмысына деген сенімі артқанын, қылмыстың азайғанын көрсетеді.