Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2017

Астанадағы "Евразия" сауда орталығында өрт болды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәлімдеуінше, өрт таңертең сағат 10.00 шамасында, сауда орталығының бірінші қабатында болған.

Астанадағы "Евразия" сауда орталығында өрт болды

"Өрттің аумағы шамамен екі шаршы метр. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртке қарсы қызметтің мамандары келгенше өртті сауда үйінің қызметкерлері сөндіріп үлгерді", - деді Иманқұлов.

Оның айтуынша, тілсіз жау сауда орталығындағы киім-кешек бутиктерінің бірінде тұтанған.