«Ембімұнайгаздың» ертеңі жарқын

Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын «Ембімұнайгаз» АҚ биыл 95 жылдық мерейтойын үлкен ұйымшылдықпен атап өтті. Ең бастысы компания бұл мерекеге серпінді жобалармен аяқ басты. 

Егемен Қазақстан
25.12.2017 1772

2014 жылы мұнай бағасының құлдырауына байланыс­ты әлемдегі ірі мұнай компанияларының жұмыс­тары тоқтап, мыңдаған жұмысшылар қысқартуға ұшырағаны есімізде. Сондай экономикалық қиын сәтте де «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес компаниясы «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлерін қысқартуға және мұнайшыларға арналған әлеуметтік пакеттердің нашарлауына жол бермеді. Нарықтағы бағаның құбылмалы жағдайынан өзгеріске дер кезінде бейімделе білген компания ғана табысты шығады. Бұл орайда «Ембімұнайгаз» әртүрлі бағыттағы ауқым­ды жобаларды жүзеге асыруды қолға алып отыр. Оның тарихында алғаш рет газ бағытында белсенді жұмыстар басталды.

«Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков толымды табыстың кілті ұжымдық бірлікте, татулықта екенін баса айтады. «Заман талабына сай болу, өркениет көшінен қалмау – біздің ұстанған бағыты­мыз. Кез келген жаңалықты оң нәтижеге жеткізетін – кәсіби мамандар, талантты жастар. Сол себепті компанияның басты құндылығы – өз жұмысшылары. Бұл орайда мамандарды қайта даярлау арқылы әлем елдеріндегі жаңалықтар мен жаңа технологияларды Ембі өндірісі­не батыл енгізуді қолға алып отыр­мыз. Нәтижелері жақсы. Соңғы 4-5 жылда білікті мамандар күшімен бірнеше жобаны іске қостық», дейді ол.

Енді ауқымды жұмыстарға кеңірек тоқталсақ. «Ембімұнайгаз» АҚ Қаратон-Сарықамыс, жаңа ашулар перспективасына ие Тайсойған және Лиман барлау блоктарында геологиялық барлау жұмыстарын батыл жүргізуде. Мұн­дағы негізгі бағыт ресурстық қор­дың азаюына орай қорды көбейту үшін гео­логиялық барлау және жаңа актив­терді сатып алумен байланыстыры­­ла­ды. Сондықтан компания геологиялық барлау жұмыстарының көлемін өсіріп, өнім беріп тұрған кен алаңдарында барлау жұмыстарын жүргізуде. Нәти­же­сін­де тұзүсті және тұзасты перспек­ти­ва­лы құрылымдар, алдағы уақытта геоло­гиялық барлау жұмыстары жүргізілетін жаңа алаңдар анықталды. Әрине, мұнай бағасының төмендеуі кезінде геоло­гиялық барлау жұмыстарын инвестициялау шығындарын бақылауда ұстап тұру керек. Қолға алынған жобалардың мақсаты да өндіріс шығындарын оңтайландыру мен еңбек тиімділігін арттыруды көздейді.

Биылғы маусымда Атырау облысы Жылыой ауданы аумағында орналасқан Ембінің ең ірі кеніші – Прорва кен алаңында жылына 150 миллион текше метр қуатпен жұмыс істейтін Ілеспе газды дайындау қондырғысы іске қосылды. Бұл жоба жұмысына елімізде тұңғыш рет қышқыл газды күкірттен тазартуға арналған «Mеrichem» фирмасының «Lo-cat» патенттелген технологиясы қолданылуда. «Ембімұнайгаз» АҚ энергетикамен қамту және газ шаруа­шылығы жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Сейтқазиев зауытты іске қосу арқылы 150 миллион текше метр газды қайта пайдаға асыруға жол ашылғанын айтады. «Прорва кен орындары тобындағы ілеспе мұнай газын күкірттен тазарту қондырғысы – көп­тен күттірген әрі өндіріске өте қажетті жоба. Қанша жылдар бойы ілеспе газды ауаға жағуға мәжбүр болдық. Қазір бұл мәселе түбегейлі шешілді. Атал­ған қон­дыр­ғының арқасында өнім өндіру көр­сеткішін арттырумен қатар, тазар­тыл­ған газ, газ конденсаты және түйіршікті кү­кірт сияқты жаңа тауарлық өнімдер шы­ғаруға мүмкіндік туып отыр», дейді ол.

«Ембімұнайгаз» АҚ алдағы уақыт­та ілеспе газды өңдеу арқылы алатын тауарлардың қатарын көбейтуді жоспарлауда. Болашақта ілеспе мұнай газынан дайын өнім алып, сұйылтылған газ, метанол, синтетикалық мұнай сияқты өнімдер шығару да күн тәртібіндегі өзекті жайттар.

Компанияда өндірістік шығын­дар­ды айтарлықтай азайтатын тағы бір қанатқақты жоба – Газ-поршен электр стансасы құрылысы жұмысын бас­тады. Оны іске қосу арқылы компания өндіріс алаңдарын толығымен электр энергиясымен жабдықтауды күшейтпек. «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасының Оңтүстік-шы­ғыс Қа­мысты мен Забурын кен алаң­­дарында қол­ға алынған жоба енді «Доссор­мұнайгаз» бен «Жылыой­мұнай­газ» бас­қар­маларының кен алаң­­да­рын­да да қолға алынады. «Жайық­мұ­найгаз» мұнай-газ өндіру басқар­ма­сын­да енгізілген «Көлікпен қамту үде­рі­сінің тиімділігін арттыру» жобасы да тиімділігін көрсетіп үлгерді. Бүгінде бұл жоба басқа өнді­рістік құрылымдық бөлім­шелерге таратылуда. Нәтижесінде отын­ға кеткен шығындар 20 пайызға дейін азайып, автокөлік пен арнаулы тех­ника паркін пайдалану тиімділігі артуда.

Экологиялық талаптарды сақтаумен және мұнай өндірісін тұрақтандырумен қатар, ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы тауарлық газ, ішкі және сыртқы нарыққа сату үшін түйір­шік­телген күкірт пен жеке қажетті­ліктерге пайдалану үшін тұрақты газ конденсатын шығарады. Мұндай қон­дыр­ғы­лар қазір «Доссормұнайгаз» бас­қарма­сына қарасты Шығыс Мақат және «Жайықмұнайгаз» басқармасының С.Бал­ғымбаев кен алаңдарында жұмыс істеп, Атырау облысының Қызыл­қоға, Ма­қат, Исатай аудандары тұр­ғын­­дары­ның көгілдір отынға деген сұ­раны­сын же­­ңіл­­детілген бағамен қамтамасыз етуде.

«Қайнармұнайгаз» басқармасының Уаз кен алаңындағы Интеллектуалды кен алаңы концепциясы – компанияның шығындарды оңтайландыру мақсатында қолға алған жобаларының бірі. Ол технология онлайн режім арқылы мұнай өндіру­дің барлық сатысының параметрлерін бақылап, нәтижесін диспетчерлік пункт­ке жібереді. Ал онда оператор жедел түрде шешім қабылдай алады. Сонымен қатар барлық ақпарат параллельді түр­де «Ембімұнайгаз» АҚ Өндірістік про­цесті бақылау және Астана қаласын­дағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Сараптау және шешім қабылдау орталықтарына келіп түседі. Ақпарат мұнда да сараптаудан өтіп, ұзақ мерзімді жоспарлар құрылады. Интеллектуалды кен алаңы жобасы аясында Уаз кен алаңында өткен жылы ұңғымалық қондырғыларды оңтайландыру және ұңғымаларды пайдалану коэффициентін арттыру негізінде 1,24 пайызға артық қосымша мұнай өндірілді. Бұған қоса электр энергиясын 33 пайызға қысқарту, ұңғымаларды жөндеуге кеткен шығынды 25 пайызға азайтуға қол жеткізілді.

Бүгінде компанияда 5 мыңнан астам адам еңбек етеді. Онда экономикалық жағдайларға қарамастан, қызметкерлер мен әлеуметтік тұрақтылыққа басым­дық берілген. Яғни бос орындар қызмет­керлерді бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстыру арқылы ғана пайда болады. Ол үшін мамандар даярлаудан немесе қайта даярлаудан өтеді. Осы жерде атап өтерлігі, әлем нарығындағы мұнай бағасының төмендеуі салдарынан өндіріс шығынын оңтайландыру мақсатында компания кәсіби емес еңбек түрлеріндегі жұмыс орындарын жауып, ол қызметтерді аутсорсингтік жүйеге көшірді. Компания кадрлық қызмет саласында да бірнеше жобаны жүзеге асыруда. Оның ішінде кадр резерві, мамандарды қысқа және ұзақ мерзімді оқыту, дуалды оқыту бағдарламасы бар. Сонымен қатар «Ембімұнайгаз» 58 жас­тан бастап зейнеткерлік демалысқа шығу бағдарламасын іске қосты. Енді еңбек өтілінің көп уақытын ауыр жұмыста өткізген, денсаулығында кінәраты бар мамандар мерзімінен бұрын зейнетке шыға алады.

Жер қойнауын пайдалану жөнін­дегі келісім аясында компания жыл са­йын Өңірлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына белсене қатысады. Биыл «Ембімұнайгаз» АҚ бұл бағытқа 840 млн теңге бөлді. 2016-2017 жылдары бөлінген қаражат игеріліп, биыл бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Олар – Қызылқоға ауданының Сағыз және Тасшағыл ауылдарындағы екі пәтерлі 5 үй, 100 орындық балабақша, Мақат ауданындағы 300 орындық О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп, Исатай ауданының Тұщықұдық және Жанбай ауылдарындағы «Құлыншақ» балабақшасына жапсаржай және 200 орындық мәдениет үйі. Қазіргі таңда Қызылқоға ауданының ауылдарында 424 орындық орта мектептің, 290 орындық балабақшаның, фельдшерлік-акушерлік бөлімшенің, бюждеттік мекеме қызметкерлеріне арналған 10 үйдің, Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы дене шынықтыру-сауық­тыру кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Қолға алынған жобалар мен мақ­саттар Ембі өндірісіне жаңа серпін әкелді. Алайда мұнайшылар бұл табыс­пен тоқмейілсімей, алдағы күнге үлкен жоспарлар құрып отыр. Мәселен, келесі жылы тереңдігі 6 000 метр болатын ұңғыманы бұрғылау басталмақ. Терең бұрғылау жұмыстары Прорва кен орындары тобына жататын кеніштерде басталады. Бұл жұмыстар Қаратон-Сарықамыс келісімшарты бойынша жүзеге асырылады.

Асхат РАЙҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Елбасы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

20.08.2018

«Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» РМК нысандарында баспасөз турын өткізді

20.08.2018

Б. Сағынтаев Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту жөнінде кездесу өткізді

20.08.2018

Ригада «Шахмат патшалығы» атты анимациялық фильмі таныстырылды

20.08.2018

Ақмола облысының әкімі Дмитрий Алексанинге құттықтау жеделхатын жолдады

20.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Алик Шпекбаевты қабылдады

20.08.2018

«Жас Отан» мен «Қазақстанның Киберспорт Федерациясы» өзара меморандумға қол қойды

20.08.2018

Жұлдыз Ешімова еркін күрестен әйелдер арасында 53 келіде күміс медаль иеленді

20.08.2018

Маңғыстауда биыл 16 600 бала бірінші сыныпқа барады

20.08.2018

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев меморгандарды қайта орналастыру жөнінде кеңес өткізді

20.08.2018

Черногорияда суға батқан әйелдерді құтқаруға ұмтылған қазақстандық мерт болды

20.08.2018

«7-20-25» бағдарламасы бойынша несиеге мыңнан аса өтініш мақұлданды

20.08.2018

Фариза Алдоңғарова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

20.08.2018

Франциядағы әйгілі кинофестивальде қазақстандық режиссердің туындысы көрсетіледі

20.08.2018

26 тамыздан бастап Ресейден бензин әкелуге тыйым салынады

20.08.2018

Мәжіліс депутаттары «iKomek» орталығының жұмысымен танысты

20.08.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдарды Шымкенттен Түркістанға көшіру барысымен танысты

20.08.2018

Шахматтан Еуропа чемпионатында «balapan» арнасының анимациялық мультхикаясы таныстырылды

20.08.2018

Азиада-2018: Академиялық есуден қазақстандық спортшылар келесі кезеңге өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу