Темірбек Жүргенов жайлы жазылған тарихи драма сахналанды

Сонау отызыншы жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметін атқарған әрі ұлт руханиятының жанашыры бола білген Темірбек Жүргенов еді. Осы орайда отызыншы жылдары қазақ өнері мен мәдениетінің және оқу-ағарту жүйесінің дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген тарихи тұлғаның сахналық образы ең алғаш рет белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасы арқылы сомдалғанын айтуға тиіспіз. Жақында аталған туынды Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының сахнасында қойылды. 

Егемен Қазақстан
25.12.2017 7619
2 Суретте қойылымнан көрініс

Драматургиялық жанрдың тек өзіне ғана тән ерекшелігі мен оған арқау болып тартылған оқи­ғалар мен құбылыстардың өзіндік берілу пішіні болатыны табиғи жайт. Мұнда повесть немесе романдағыдай аяқты кең жазып, кең көсіліп отыра алмайсыз. Оны сахна табиғаты көтермейді. Сахна тек өзіне ғана тән мінезбен көрерменін баурай алады. Сондай-ақ киелі сахна драматургиялық туындының авторы мен оның қоюшы режиссерінен тек өзінің табиғатына тән шешім қабылдауды, осы арқылы көрермендерге өткір әлеуметтік ой тастауды талап етеді.

Темірбек Жүргенов 1937 жылдың 3 тамызы күні «Халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, ату жазасына кесілген трагедиялық тұлға. Оның бұған дейінгі өмірбаяны мен ел үшін атқарған ерен еңбегін сахнаға сыйғызу еш мүмкін емес. Әрі бұлай жасау тіпті де шартты бола қоймайды. Осындай жағдайда Р.Отарбаевтың ұлт жанашырының өмірі мен қызметінің белгілі бір тұсына ғана арқау жасағанына және оқиғаның шарықтау шегі мен кульминациялық бөлігіне басымдық бергеніне еріксіз келісесіз. Әйтпесе сахналық образдар ашылмай қалуы да мүмкін екенін автор алдын ала түйсінген сыңайлы.

Ең бастысы қойылымның бас­ты кейіпкерінің қазақ мәдениеті мен руханиятының іргесін көтеру ісіндегі батыл іс-қимылдары бас­ты рөлдегі актер Нұрболат Өте­ғұловтың орындауында нанымды берілген. Бұл рөл халық зердесінде сақталған Темірбек Жүргеновтің сыртқы түріне, бойы мен сойына, тіпті шаш қою үлгісіне дейін өте ұқсайды. Яғни сахналық образ тарихы тұлғаның бітім-болмысы мен жаратылысына және биік рухына біршама жақын. Басты геройға тән үн мен екпін, қимыл-қозғалыс нақты іс-әрекет сахналық бейнені тұғырландыра түскендей әсер қалдырады.

Театрдың көркемдік жетекшісі Сержан Аманқұлов пен қоюшы режиссер Мейрам Хабибуллин зобалаң жылдар қасіретіне сай ұтқыр да ұтымды сахналық шешімдер туындатқаны да спектакльдің құндылығын көтере түскенін түй­сіндік. Әсіресе Жүргеновтің жана­рындағы жарқыл мен ұшқын шашқан отты беру кезінде алынған режиссерлік толықтырулар көрер­менді енжар қалдыра алмайды. Сондай-ақ қойылымның бас кейіп­керінің жүріс-тұрысы мен өзін-өзі ұстай білуі де оның табиғи әрі шынайы қалпын танытып тұр деуге болады.

Спектакльдегі екінші бір ерекше рөл Темірбектің зайыбы – Дәмеш. Оны да сәтті шыққан образдар қатарына ойланбай қоя аламыз. Осы орайда сәл шегініс жасап, тарихи деректерге сүйенсек, ол арын ешкімге сатпаған текті тұқымның ұрпағы, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында Лениннің қабылдауына екі рет кіріп, қазақ жерінің тұтастығын талап еткен Әлімхан Ермековтің ағасының қызы. Бір жақсысы оның осы талап-тілегі Лениннің тарапы­нан қолдау тауып, қазақ жері бөл­шектену қаупіне ұшырамағаны да сол кездің шындығы. Өресі биік, рухы жоғары, қандай жағдайда да азаматының қолдаушысы мен тілекшісі бола білген Дәмеш образы қазақ әйеліне тән өрліктің жарқын бейнесі. Осы орайда актриса Айгүл Оразалина арқылы сәтті сахналық көрінісін тапқан Дәмеш тұлғасын – ерекше тұлға деуіміздің әбден жөні бар.

Бүгінгі қазақ драматургиясының хас шебері Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасы тарихи тұлғаларды тоғыстырған туынды болуымен де ерекшеленеді. Кім жоқ дейсіз бұл пьесаның ішін­де. Сол жылдары Қазақстанды басқарған Левон Мирзоян. Осы кезеңде Мәскеуде өткізілген қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігіне барған жыр алыбы – Жамбыл, сөз зергері – Ғабит, халқымыздың күміс көмей әншісі – Күләш, өнердің өрен жүйріктері – Қаныбек пен Құр­манбек, мың бұрала билеген ару биші Шара да осында жүр. Осы өшпес бейнелер шоғырында басты кейіпкердің кескіні өзінің биік көркемдік сахналық деңгейіне көтеріле түседі.

Темірбек Жүргеновтің ұлт рухын асқақтату жөніндегі сан қырлы қызметін тек бір Қазақстанмен шектей салуға болмайды. Сондай-ақ ол Тәжікстанның қаржы, бұдан соң Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары болып қызмет атқарған. Оны сол кездегі КазЦИК-тің төрағасы Ұзақбай Құлымбетовтың ұсынысына орай Мирзоян Қазақ­станға алдырған екен. Оған Ға­бит Мүсіреповті жіберген. Сон­дықтан да тарихи драмада Темір­бек Жүргенов Орта Азия мен Қа­зақстандағы білім мен мәдениетті дамыту ісіне мол үлес қосқан тұлға ретінде көрінген. Қойылым жөнінде «Жүргенов» қоғамдық қорының төрағасы Сәби Аңсатов осындай ой-пікірін алға тартты. Аталған тарихи тұлға жөнінде жазылған өзге дүниелер мен шығармаларда оның әкесі мен арадағы қарым-қатынасы әртүрлі нұсқаларда айтылатыны аңғарылады. Ал Рахымжан Отарбаев сахналаған «Темір наркомда» автор өзінше ой түйеді. Мұнда бас кейіпкердің әкесі Қара (актер Әсет Оразалин) текті тұлға, өз заманының адамы, айбынды ақсақал, ақ-адал еңбегі және маңдай терімен бір кісідей дәулет жия білген, ісі де, сөзі де кесек кейіпкер ретінде көрінеді.

Қойылым кезіндегі әке мен ба­ланың өзара үн қатысулары осы диалогтағы Қара Жүргенұлының түйінді сөзі көрерменді терең ойға қалдырады. «Үсті-бастарың жыл­тыр, тірліктерің боямалы, шекелеріңе қонжита қондырған бас киімдеріңнің күнқағарлары да тым қысқа екен. Сірә, ғұмырларың да ұзаққа бара қоймас», дейді де әке баласының үйінің есігін тарс жауып шығып кетеді. Мұны Темірбектің әкесі – Қараның Кеңес өкіметі мен социалистік жүйеге қарсы айтқан үкімі деп ұғынсақ керек. Бұған баласы қандай уәж айтарын білмей тосылып тұрып қалады.

«Саяси қуғын-сүргін жылдарында арамызда ешқандай кінәсі мен жазығы жоқ адамға нақақ жала жауып, оның тұтқынға алынуына себепші болып, ауызбіршілігімізге дақ салғандар да табылды емес пе? Рахымжанның қаламынан туындаған тарихи драма осындай олқылығымызды, опасыздық пен сатқындық көріністерін тұспалдап ұғындыра білуімен де бағалы, құнды. Рухани тұрғыдан жаңғыру мәселесіне келгенде өткеннен сабақ алар жайттың бірі міне, осында. Тарих тағылымы, тарихтан алынатын ғибратты да осы қатарға қоя аламыз» деді премьера аяқталғаннан кейін газет тілшісінің сауалына орай ел зияткері, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы.

Спектакльдегі декорация қою­шы-суретші Әсия Құмана­лина­ның сол дәуірдің тынысын дөп баса білгенін білдіреді. Рөлдерді орындаушылардың қай-қайсысы да өзіне тиесілі образдарды ашуға әжептәуір ұмтылыс жасағаны да айқын көрінеді. Бұл түйінді НКВД қызметкерлерінің рөлдерін сәтті әрі шынайы түрде шығарған актерлер Дәурен Нарман, Бекжан Қайроллин, Қадыр Құттыбаев және Бекарыс Ахетовке қатысты да айтуға болады. Қойылымның етек-жеңі мен бас-аяғы жинақы. Қоюшы-режиссер Мейрам Хабибуллин жас та болса өзінің қабілет-қа­ры­мын жарқыратып көрсете алғаны тағы бір мерей. Тарихи драмаға арқау болған оқиғалар мен оның шарықтау шегін режиссер жүйелі түрде бере біліпті. Сондай-ақ режис­­сурадағы батыл ұстаным образ­­дардың тобырға айналып кетпей дараланып, бөлектенуіне де әсерін тигізген.

Бүгінгі қазақ драматургиясының белді өкілі Рахымжан Отарбаевтың таңдауы нақ осы Темірбек Жүрге­новтей трагедиялық тұлғаға түсуі неліктен? Бұл сауалға орай қаламгер өз ой-пікірін былайша жеткізді:

– Бас-аяғы небәрі он жылдың аралығында ұлтымыздың алтын құрсақты аналары Санжар Асфан­дияров, Сәкен Сейфуллин, Сұл­танбек Қожанов, Ораз Жан­досов, Темірбек Жүргенов, Ұзақ­бай Құ­лым­­бетов, Ораз Исаев және Тұрар Рысқұлов секілді елі мен халқын шексіз сүйе білген мем­лекетшіл тұл­ғаларды толғатқан екен. Олар­дың қай-қайсысы да елді ел қылуға әрі ұлтты ұйыстыра білуге қызмет жасай білді. Әттең, не шара?! Бәрі де өктемшіл, озбыр саясаттың құрбаны болды. Бұған сол кездегі ызғарын төккен тоталитарлық режім озбырлығы кінәлі дей тұрсақ та, біз бәріміз олардың өшпес рухтары алдында ақтала білуге тиіспіз. Қайтіп, қалайша ақталмақпыз?! Қабырғаммен кеңесе келе, оның бас­ты бір жолы Темірбек Жүргеновтей қайраткер, аяулы азамат жөнінде қалам сілтеген жөн деп ұйғардым. Осы мақсатыма жете алдым ба, жоқ па, оның әділ бағасын көрермендер береді деген ойдамын.

Ақтөбеде сәтті өткен, «Темір нарком» спектаклінің премьерасы қаламгердің көкейіндегі осындай алаң көңілді сейілте алғаны анық. Тарихи драма Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеп берген рухани бағдарлама аясында ұсынылған.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Агросекторда ілкімді қадамдар қажет

19.10.2018

Инвестор тақыр жерге келмейді

19.10.2018

Тұрмыс сапасын арттырудағы іргелі істер

19.10.2018

«Барыс» - «Трактор»: 5:4

19.10.2018

Керчьтегі қарулы шабуыл жиырмадан аса адамның өмірін қиды

19.10.2018

Нұрлан Нығматуллин: Бұл – бүкіл халықтың жағдайын жақсартуға арналған Жолдау

19.10.2018

Жас спортшы джиу-джитсудан күміс медаль иегері болды

19.10.2018

Ресми бөлім (19.10.2018)

19.10.2018

Жаһандық үнқатысу алаңындағы жүздесу

19.10.2018

Серіктестік серпінді дами береді

18.10.2018

Егемен академиясында Қайнар Олжай дәріс оқиды

18.10.2018

Астанада вирусты менингитке күдікті сегіз оқушы ауруханаға жатқызылды

18.10.2018

Еуроодақ саммиті: «Брексит» мәселесі қиындай түсті

18.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Рольф Драакпен және Мехран Эфтехармен кездесті

18.10.2018

Қарағандыда әнші-композитор Қорабай Есеновтің мерейтойлық кеші өтті

18.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездесті

18.10.2018

Маңғыстауда алғашқы электр қуаттандыру станциясы ашылды

18.10.2018

«Ұлттық чемпиондар 2.0» бағдарламасы басталды

18.10.2018

Көлік кептелісінде көмекші - Road Zipper

18.10.2018

«Хабар 24»: «Egemen Qazaqstan»-ға шолу

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу