Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017

Қарағандыда «Қазақстан корей­ле­рі» атты фотокөрме ашыл­ды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Қарағандыдағы об­лыс­тық тарихи-өлкетану м­ұ­ра­­жайында «Қазақстан корей­ле­рі» атты фотокөрме ашыл­ды. Ол корейліктердің Қазақстанда тұ­рып жат­қандарына 80 жыл то­луына, сондай-ақ Корея мен Қазақстанның арасында дип­ло­матиялық қарым-қатынас ор­натылғанына 25 жыл толу­ы­на орайластырылыпты. Фото­көр­меде корейлік фотограф Ким Джин Соктың туындылары кел­ті­рі­лген. 

Қарағандыда «Қазақстан корей­ле­рі» атты фотокөрме ашыл­ды

– Ол Қазақстанға келгенде, біздің республикаға және мұнда тұрып жатқан адамдарға таңғалған. Сондықтан ол фотолар сериясын жасауды ұйғарған, – дейді Қарағанды облысындағы корей­лер этномәдени бірлестігінің төрай­ы­мы Лилия Ким.

Суреттерде автор 1937 жылы ке­ңес саясатының мәжбүрлеп қо­ныс ау­дарылуының нәтижесінде Қазақ­стан­ға жер аударылған корей ұлтының ұр­пақтарының қазіргі күнделікті өмі­рін көрсеткен. Ким Джин Сок Үштөбе, Қызылорда, Алматы және Астана тұр­ғын­дарын суретке түсірген.

Ким Джин Сок – фотожурналист, сая­­хатшы. Ол көптеген елдерде болған, оның ішінде Испания, Франция, Жа­по­ния, Африка, Гималай және басқа ел­-
д­ерде біршама саяхаттаған. Он жыл­дан астам уақыт бойы фототілші бо­лып жұ­мыс істеген, сонымен қатар ко­рей уни­верситеттерінде фотография өне­рі бойынша дәріс берген. Өзінің саяхат­тары барысында ол «адамдардың өміріндегі ең әдемі сәттерді» суретке тү­сі­ріп алуға тырысқан. Қазіргі таңда Ким Джин Сок Корей Республикасы Президентінің әкімшілігінде фотограф болып қызмет етеді.

Көрмені Қазақстан корейлер қау­ым­­дастығы Қарағанды фили­ал­ын­ың қол­дауымен Корей Рес­пуб­ли­ка­сы Ел­ші­лігінің мәдениет орталығы ұй­ым­дас­тыр­ған. Келесі жылдың 17 қаң­та­рына дейін жұмыс істейтін көрмені көпшілік жылы қабылдап жатыр.

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы