Президент • 25 Желтоқсан, 2017

Астана 500 мың тұрғыны бар әкімшілік қала болады деп ойладым – Елбасы

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша отандық медиа өкілдеріне сұхбат берді. Кездесуде «ЭКСПО-2017» көрмесі мен оның ел экономикасына қалай әсер еткендігі сөз болып, еңбек миграциясы, «жасыл» экономика, «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларының мән-маңызы айтылды.

Астана 500 мың тұрғыны бар әкімшілік қала болады деп ойладым – Елбасы

«Елорданы өркендетуде қаржы керек болды. Астана қаласының жыл сайынғы бюджеті 1 триллион теңге. Негізгі қор ретінде тұрғын-үйді айтамыз. Міне халық саны 4 есеге артып, миллион тұрғыны бар қалаға айналып отыр. 2030 жылға қарай халық саны 2 миллионға жетеді. Ал негізінде Астананы 500 мың тұрғыны ғана бар таза әкімшілік қала болады деп ойладым. Қаланы салып бастаған соң, ондағы өмірге тосқауыл қою мүмкін емес», деген Президент қаланың инвестициялық мүмкіндігінің жыл сайын артып келе жатқаны туралы айтып өтті.

Сонымен бірге әңгіме қоғамдық сананы жаңғырту және қазақ тілін латын қарпіне көшіру бастамасы төңірегінде өрбіді. Нұрсұлтан Назарбаев биліктегі жаңа тағайындаулар мен қазақ-қырғыз, қазақ-өзбек байланысының қалай дамитыны жайлы ой-пікірін білдірді.