Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2017

Путин Ресейдегі сайлаудың фавориті –Н.Назарбаев

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы жыл қорытындысы бойынша отандық медиа өкілдеріне сұхбат берді. Кездесуде «ЭКСПО-2017» көрмесі мен оның ел экономикасына қалай әсер еткендігі сөз болып, еңбек миграциясы, «жасыл» экономика, «Цифрлы Қазақстан», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларының мән-маңызы айтылды. Сонымен бірге Ресейде өтетін сайлаудың Қазақстанға ықпалы турасында қойылған сауалға жауап берген ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің сауда-экономикалық мақсаттағы жақын көршісі екендігіне тоқталды.

Путин Ресейдегі сайлаудың фавориті –Н.Назарбаев

«Ресей біздің жақын көршіміз әрі экономикалық байланыстар тұрғысынан әріптесіміз. Ортақ тарихымыз бар. Сондықтан болашақта да жақын бола түсеміз, жекелей қатынастарда өзара кеңес алысып-берісеміз. Ортақ сұрақтарды шешуде ортақ тапсырмалар бар. Сайлауда Владимир Путинге табыс тілеймін әрі осы сайлаудың фавориті деп ойлаймын. Қыспақ үстіндегі Ресей үшін бұл дұрыс та. Мемлекет қайраткері әрі ел президенті ретінде Путин халқын алға тартып келеді», деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге берген сұхбатында.