Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017

Стратегиялық серіктес ел – сарапшы

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстан Президентінің Астанаға келуі Қазақстан мен Қыр­ғызстанның стра­тегиялық басымдыққа ие негізгі серіктес ел екендігін айқын аңғартады.

Стратегиялық серіктес ел – сарапшы

Ресми Бішкек шека­ра­лық сауданы дамыта оты­рып, Қытай тауар­ларын Қазақстан нары­ғына қайта экспорттау арқы­лы эко­но­микалық әлеуетін арт­тырып, сауда-экономи­калық әріптестікті нығайтуға бейілді.

Сондай-ақ Қазақстан да көрші елдің шағын және орта бизнес өнімдерін кең көлемде тұтыну нарығына ие. Осы орайда, Қазақстан тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып, тиімді ұсыныстар түссе, отандық бизнеске Қырғызстан экономикасының қатысу үлесі артуы мүмкін.

Сонымен қатар мемлекеттер басшыларының бұл кез­де­суі­нің саяси сал­мағы да жоғары. Өйткені, ерте­ректегі бей­ресми келісім­дердің бар­лығы да осы жолы та­лапқа сай деңгейде қол қойылып, бекітілді. Не­гізгі сөз екіжақты сауда-эко­номикалық әріптестікті дамыту мен мемлекеттік шекаралық қызметтің жұ­мысын жетілдіру ауанында өрбіді. Оған қоса, бұрынырақта қол қойылған «Жол картасының» жүзеге асырылуына оң қабақ байқалды.

Оразғали СЕЛЬТЕЕВ,
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы

Соңғы жаңалықтар