Елімізде көлік қатынасының қарқыны артты

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында мыңдаған шақырым автожолдар күрделі жөндеуден өтіп, көлік қатынасы артқан. Инфрақұрылым жақсарып, тасымал күшейген. Бұл туралы кеше Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Егемен Қазақстан
26.12.2017 451

Брифингке Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті мен Автомобиль жолдары комитетінің басшылары қатысып, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың нәтижелерін баяндады. Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пішембаевтың айтуынша, Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2015-2016 жылдар аралығында I және II техникалық санаттарға ауыстыру арқылы 1,3 мың шақырым автожол қалпына келтірілген.

«Батыс Еуропа–Батыс Қытай транзиттік дәлізінде, Астана–Теміртау, Алматы–Қапшағай, Қапшағай–Балпық би, Бейнеу–Шетпе және Көкшетау–Петропавл бағыттарындағы қозғалыс толығымен ашылды. Сондай-ақ Павлодардағы Ертіс өзені арқылы өтетін ұзындығы 12 шақырымдық ірі көпір өткелінің құрылысы аяқталды», деді комитет төрағасы.

Биыл Теміртау – Қарағанды учаскесінде, Орталық–Оңтүстік жобаларында, жалпы ұзындығы 1,2 мың шақырым болатын Астана – Павлодар – Семей – Қалбатау, Бейнеу – Ақтау, Ақтөбе – Атырау, Қапшағай – Талдықорған, Астана – Петропавл және Орал – Каменка учаскесінде Орталық – Шығыс жобалары аясында құрылыс жұмыстары жалғастырылды. Сонымен қатар ұзындығы 511 шақырым болатын Бейнеу – Ақжігіт, Щучье – Зеренді, Таскескен – Бахты, Үшарал – Достық, Осинов тас жолы, Қостанай – Денисов секілді алты жоба бюджеттік қаражат есебінен іске асырылуда.

Сондай-ақ еліміздің көліктік әлеуетін дамыту мақсатында жетекші халықаралық қаржы институттарымен бірлесе отырып, ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өңірлердегі экономикалық белсенділіктің өсуін қамтамасыз етпек.

Бағдарлама аясында 2020 жылға қарай жөндеу жұмыстары жоспарланған, оның жыл сайынғы қамтуы – 1,5 мың шақырымға жуық.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырудың әлеу­мет­тік маңызы да орасан. Бұл ретте комитет төрағасы 2015 жыл­дан бастап 70 мыңнан астам жұмыс орны ашыл­ғанын, 2018 жылы тағы 25 мыңын ашу жоспарда бар еке­нін айтты. Сонымен қатар қазақстандық қамту үлесі 90 пайызға тең.

Ал Көлік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Потловтың мәлімдеуінше, Алматы – Шу учаскесінде жалпы ұзындығы 112,37 шақырым екінші жолды салу жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар биылғы жылдың қарашасында аяқталған. Жобаны жүзеге асыру учаскенің өткізу қуатын күніне 17-ден 68 жұп пойызға дейін арттырды және пойыздың жол жүру уақытын 1,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Оның айтуынша, 2016 жылғы желтоқсанда Құрық портында жылына 4 млн тонна жүк тасымалдайтын темір жол паром терминалы іске қосылды. Онда операциялар басталған кезден бері шамамен 1,3 миллион тонна жүк өңделген. Қазіргі уақытта жылына 2 млн тонна жүкті өңдейтін жобаның екінші кезеңін іске асыру жалғасуда. Биыл 6 желтоқсанда өткен индус­трияландыру күні аясында Құрық портындағы автокөлік паром терминалы сынақтан өткізілді. 2018 жылы 2 кезең нысандарының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Жалпы алғанда, жобаны аяқтағаннан кейін Каспий теңізіндегі теңіз порттарының өткізу мүмкіндіктері жылына 26 млн тоннаға дейін жеткізілмек.

2017 жылдың 30 мамырында Астанада жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені іске қосылды. Жаңа вокзал кешені 52 пойызға қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 16 жоғары жылдамдықты «Тұлпар-Тальго», 22 және 14 қала маңындағы электрлі пойыздар бар.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

25.05.2018

Ақтөбе облысында 16 мың бала лагерьлерде тегін демалады

25.05.2018

Оңтүстікте биыл 33766 оқушы мектеп бітірді

25.05.2018

Семейдегі интернат тәрбиеленушілері «Отанымыз – Кеңес Одағы, астанамыз – Мәскеу» деп жазылған оқулықтармен оқып жатыр

25.05.2018

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

25.05.2018

Маңғыстаулық полицей-палуан Қызылжарда топ жарды

25.05.2018

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚХА кафедрасы ашылды

25.05.2018

Андрес Иньеста Жапонияда ойнайтын болды

25.05.2018

Ақтөбеде «Бақытты бала» атты балалар байқауы өтеді

25.05.2018

Қазақстан-Өзбекстан бизнес-форумында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды

25.05.2018

KADEX - әскери ынтымақтастық көрмесі

25.05.2018

Ақмола облысында егіншілік поли­го­ны жұмыс істей бас­тады

25.05.2018

Блум таксономиясы туралы не білеміз?

25.05.2018

Атырау об­лысында «Астана қаласының мәдениет күндері» өтті

25.05.2018

Павлодарда студенттер «Адамжүсіп» пьесасын сахналады

25.05.2018

Талас Омарбек - тәуелсіздік түлеткен тарихшы

25.05.2018

Қарағандыда ақын Ғалым Жайлыбайдың кеші өтті

25.05.2018

Қош бол, Анук!

25.05.2018

Талбесігің тәрк етілсе...

25.05.2018

Ғасыр бойы күткен жол. Бөкейорданың жол мәселесіне Елбасы қозғау салды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу