Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2017

Данияр Ақышев: «Біздің мақсатымыз – қаржы жүйесін орнықты дамыту»

335 рет
көрсетілді
24 мин
оқу үшін

Ұлттық Банк 2018 жылы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге, айырбастау бағамын нарықтық тұрғыдан қалыптастыруға, кредиттеуді жандандыруға, қаржы секторындағы тәуекелдерді төмендетуге бағытталған саясатты іске асыруды жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр АҚЫШЕВ «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтып берді.

Данияр Ақышев: «Біздің мақсатымыз – қаржы жүйесін орнықты дамыту»

– Данияр Талғатұлы, осы жылдың алдын ала қорытындысын қалай бағалайсыз? Қандай мақсаттарға қол жеткізе алдыңыздар? Шешілмеген міндеттер қалды ма?

– Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету Ұлттық Банк үшін басым міндет бо­лып та­былады. Осыған орай алда қо­ры­тын­дыларды шығара бастаймыз. Ұлттық эко­номика министрлігі Статистика ко­ми­тетінің деректері бойынша инфляция 11 айда 6,3% деңгейінде қалыптасты. Бұл 2016 жылға қарағанда төмен. 2017 жыл ішінде инфляция жылдық көр­сет­кіште Ұлттық Банктің 6-8% нысана­лы дәлізі шегінде қалды. Осылайша, Ұлт­тық Банк жүргізген ақша-кредит сая­сатының нәтижесінде, сол сияқты сыр­тқы және ішкі факторлардың әсерінен инф­ляциялық процестердің баяулауы ма­ңызды қорытындылардың бірі болды.

Екіншіден, Ұлттық Банк еркін өзгер­мелі айырбас бағамы режімін жүр­гі­зуді жалғастырды. Теңге бағамы Ұлт­тық Банктің аз араласуы кезінде ір­ге­лі фак­торлардың әсерімен валюта на­ры­­ғындағы сұраныс пен ұсыныстың негізінде қалыптасты. Жыл бойы ішкі және сыртқы факторлар серпіні түрлі бағытта дамы­ды, айыр­бас бағамының күнделікті ауыт­қу­лары айырбас бағамын тепе-тең етіп ұс­тап тұруға және теңгерімсіздікті ұл­ғай­т­пауға мүмкіндік берді. Яғни, теңге ба­ға­мы автоматты тұрақтандырғыш функциясын атқарды.

Үшіншіден, теңгемен депозиттердің тартымдылығын сақтау долларсыздану процесіне ықпал етіп, банктердің ұлттық валютамен қорлануын ұлғайтуға жәрдемдесті. 2016 жылғы қаңтарда долларлану деңгейі өзінің ең жоғары 70% мәніне жетсе, ағымдағы жылы депозит нарығында біз валюталық және теңгелік депозиттер арасындағы тепе-теңдікті байқадық – долларлану деңгейі 48-50% шегінде.

Төртіншіден, Ұлттық Банк банктердің кредиттеуді жаңғыртуы үшін жағдайлар жасай алды. Жыл басынан бері экономиканы кредиттеу 3,2%-ға ұлғайып, 2017 жылғы қазанның соңында 13,1 трлн теңгеге жетті. Кредиттеуді жандандыру ақша-кредит саясатының жұмсаруы нәтижесінде іскерлік белсенділіктің артуы және тұтынушылық сұраныстың ұлғаюы аясында орын алуда. Жыл басынан бастап базалық мөлшерлеме 12%-дан 10,25%-ға дейін кезең-кезеңмен төмендетілді, ал базалық мөлшерлеме төмендетілген соң барынша қолжетімді болатын кредиттік ресурстардың құны да төмендейді.

Бесіншіден, 2017 жылы Қаржы мини­стр­­лігімен бірлесіп кірістілік көл­бе­уін қалыптастыру жұмысы жалғасты. Ұлт­тық Банк 1 жылға дейінгі аралықта қыс­қа мерзімді ноттар шығарды. Қаржы құ­рал­дарының кірістілігі бойынша ұзақ мерзімге арналған (10 жылдан астам) бағдарларды қалыптастыру үшін тамызда Ұлттық Банктің меншікті портфелінен 12, 15 және 17 жылдық мерзімдермен ұзақ мер­­зімді мемлекеттік бағалы қағаздар са­­тыл­ды. Нәтижесінде, кірістіліктің 2016 жы­лы инверсиялық нысаны бар тәу­еке­л­сіз көлбеуі қалыптандырылуда.

Ағымдағы жылы қол жеткізілген оң нә­тижелерге қарамастан, шешілуі көп уа­­қытты талап ететін міндеттер бар. Бұл қар­­жы секторын одан әрі долларсыз­дан­ды­ру процесі, банктерді қалыпқа кел­тіру жә­не қаржылық орнықтылығын арт­ты­руға қарай банк жүйесіндегі кредиттеу қарқындарын қалпына келтіру, сондай-ақ пайыздық мөлшерлеме бойынша нарық күтулерін және халықтың инфляциялық күтулерін басқарудағы тиімділікті арттыру. Басқаша айтқанда, біздің мақсатымыз – нақты проблемаларды шешуден бүкіл қаржы жүйесін орнықты дамуға көшіру.

– 2015 жылғы тамызда теңгенің ер­кін өзгермелі бағамы режімін енгі­зуге жә­не инфляциялық таргеттеуге өтуге қа­рамастан, көптеген қазақстандықтар бұ­рын­ғыша теңгенің айырбас баға­мын күнделікті қадағалап, оның ауыт­қу­ла­рына алаңдауда. Жосықсыз қа­ты­­сушылардың әсерінен нарықта ай­­тар­лықтай ауытқулар болған кез­де дүрбелең туындап, айырбас пункт­те­ріне кезек ағылады. Осы саладағы ахуалды қалай бағалайсыз?

– Біршама ұқсас жағдайды мысалға келтірейін. Алматылықтар – сейсмикалық аймақта тұратын адамдар арасында шамалы жер сілкінісі пайдалы деген пікір қалыптасқан, себебі олар жер қыртысындағы шиеленісті алып, елеулі жер-асты дүмпулерінің ықтималдылығын азайтады-мыс. Бұл теорияға сәйкес, осындай «бәсеңдету» болмағаны және ала­пат энергияның жинақталғаны қауіпті. Мен бұл сала маманы емеспін, сейсмо­лог­тар оны жақсы біледі, алайда айырбас ба­ғамын қалыптастырумен салыстыру орынды сияқты. Тұрақтылығы алдамшы болған теңге бағамын ұзақ уақыт бойы белгілеу кезеңдерінің қан­дай ауыр құнсызданумен аяқталғаны есі­мізде. Сондықтан бүгінде орын алып отырған бағамның аздаған ауытқулары күйзелістерді сіңіріп, күрт құнсыздану мүмкіндігін болдырмайды, себебі бағам тұ­рақты түрде Ұлттық Банктің қа­ты­су­ынсыз тепе-тең мәнде болады. Осы­лай­ша, өзгермелі айырбас бағамы режімі кезінде валюта нарығындағы ауытқулар халықтың алаңдаушылығын туғызбауы тиіс.

Айырбас бағамына әсер ететін фак­тор­ларға толығырақ тоқтала кетейік. Олар­­дың жыл бойы әсері түрлі бағытта бол­ды. Қаңтар-мамырда сыртқы нарық­тар­дағы жағымды жағдайлар аясында тең­генің біртіндеп нығаюы байқалды. Мау­сымда мұнайға баға белгіленімінің тө­мен­деуінен елге шетел валютасының ке­луі азайды, бұл оған деген сұраныстың өсуіне әкелді. Халықтың девальвациялық күтулері жағдайды қиындата түсті. Теңге бағамының жоғары құбылмалылығын шектеу мақсатында Ұлттық Банк маусымда 101 млн АҚШ доллары мөлшерінде сатуды жүзеге асырып, валютаға деген артық сұранысты қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады, бұл маусымдағы бүкіл валюталық сауда-саттық көлемінің 3%-ынан аз. Үшінші тоқсанда, мұнай бағасының жоғары серпініне қарамастан, девальвациялық күтулер сақталды. Бұл БАҚ-тағы жарияланымдарға, атап айт­қанда кейбір «сарапшылардың» негіз­сіз мәлімдемелеріне байланысты болды. Нәтижесінде шетел валютасына де­ген ар­тық сұраныс байқалды. Оны қанағат­тан­дыру үшін Ұлттық Банк сондай-ақ шетел валютасының сатушысы болу ту­ралы шешім қабылдады. Бұл валюта на­рығының біртіндеп тұрақтануын қам­та­масыз етті. Қазанның екінші жартысынан бастап валюта нарығындағы жағдай тұрақтылығын жалғастыруда. 11 айда теңгенің айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 331,2 теңгеге – 0,6%-ға нығайды. Теңге бағамының қалыптасуы шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың әсерінен нарықтық жағдайларда орын алуда. Желтоқсанда теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 332,75-335,05 теңге аралығында шамалы ауытқуды көрсетіп отыр. 12 желтоқсанда биржалық бағам ай басынан бері 1 АҚШ доллары үшін 334,85 теңгеге дейін 1,1%-ға әлсіреді (жыл басынан бері әлсіреу – 0,5%).

– 2018 жылы ақша-кредит саясатына түзетулер енгізу жоспарланып отыр ма? Келесі жылы Ұлттық Банктің қыз­ме­тінде қандай басымдықтар болады?

– Ұлттық Банк басқармасы 2017 жыл­ғы 29 қарашада ҚР ақша-кредит са­я­-
сатының 2018 жылға арналған негізгі ба­ғыттарын мақұлдады. Бұл құжатта сая­саттың келесі жылға арналған нысаналы бағдары, қағидаттары және бағыттары айқындалған. 2018 жылы ақша-кредит саясатына ешқандай маңызды түзету енгізілмейді. Бұл біздің бірізділік және болжамдылық қағидаттарымызға қайшы келер еді. Бұл қағидаттарға деген сенімді біз ыждағатпен әдетке айналдырмақпыз. Ұлт­тық Банк ақша-кредит саясатын инф­ляциялық таргеттеу режімінде іске асы­руды жалғастырады. Ақша-кредит сая­сатының шаралары инфляция бойынша орта мерзімді мақсатқа қол жеткізуге 2020 жылға қарай – төмен, бірақ 4%-ға шамасында бағытталатын болады. Бұ­дан басқа, келесі 2 жылға инфляция бой­ынша аралық нысаналы өлшемдер ай­қын­далған: 2018 жылдың соңына – 5-7%, 2019 жылдың соңына – 4-6%.

Инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін Ұлттық Банк инфляцияның іс жүзіндегі және болжамды деңгейіне және басқа өлшемдерге байланысты база­лық пайыздық мөлшерлемені белгі­лейді. База­лық мөлшерлеме нақты көрсеткіште, яғни инфляцияның 12 айлық аралықтағы болжамды мәнін шегергенде номиналдық мөлшерлеме 4%-дан аспайтын деңгейде болады.

Сонымен қатар Ұлттық Банк транс­мис­сиялық тетік арналарын жетіл­ді­ру, кі­рістіліктің барабар көлбеуін қа­лып­тас­тыру үшін жағдайлар жасау, ха­лық­­тың инфляциялық күтулерін тұ­рақ­­­­тандыру жұмысын жалғастырады. Ком­­­му­никациялар жүйесін одан әрі құ­ру арқ­ылы экономика субъектілерінің кү­­ту­ле­рін басқаруға едәуір мән беріледі.

Инфляция бойынша мақсаттарға қол жет­кізуге қосымша қолдау шаралары ре­тінде банк секторын қалыпқа келтіру, эко­номиканы долларсыздануды ынталандыру, валюталық реттеу мен валюталық ба­қылауды оңтайландыру шаралары айқындалған.

– Әлемдік нарықтардағы мак­ро­эко­номикалық жағдай 2017 жылы Қазақ­стан­ға қолайлы болды деп айтуға бола ма? Төлем балансының профициттік ағым­дағы шотының қайтарылуынан үміт бар ма?

– 2017 жылы негізгі тауар-шикізат на­рықтарындағы ахуал тұтастай алғанда Қазақстан экономикасына оң әсер етті. 2016 жылғы қарашада әлемдік мұнай экспорттаушы елдердің ауқымды тобы жасаған мұнай өндіруді қысқарту туралы келісімнің қолданылуы, сондай-ақ әлемдік сұраныстың өсуі арқасында 2017 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мұнайға орташа баға өткен жылғы 43,6 АҚШ долларымен салыстырғанда бір баррель үшін 52,4 АҚШ долларын құрады. Көптеген халықаралық ұйым­дардың болжамы бойынша, 2018 жылы мұнай бағасы сондай-ақ бір баррель үшін 50 АҚШ долларынан жоғары болады.

Әлемдік экономиканың жедел дамуы, сондай-ақ өндірістің қысқаруы аясында түсті металдар бағасы да едәуір өсім көр­сетті – жыл басынан бері мыс, мырыш, қорғасын және алюминий бағасы 30%-дан астамға өсті. Бұдан басқа, Қазақ­стан­­ның негізгі сауда әріптес елдері – ЕО, Ре­сей, Қытай экономикаларының қазақ­стан­дық өнімге сұранысының өсуінде тұрақты қарқын байқалады.

Әлемдік тауар нарықтарындағы жа­ғым­ды баға конъюнктурасы, сон­дай-ақ тұ­рақты сыртқы сұраныс Қашаған­да­­ғы мұ­най өндіруді бастаумен қатар Қазақ­стан экономикасының өсуіне ық­пал етті. Алдын ала бағалау бойын­ша, 2017 жылғы 9 айда ағымдағы шот тап­шы­лығы өткен жылдың осындай кезе­ңі­мен салыстырғанда 16,4%-ға төмендеп, 5 млрд АҚШ долларын құрады. Тауарлар экспортының өсу қарқындары тауарлар импортының өсуінен екі есе жоғары болды (15,6%-бен салыстырғанда 31,1%). Тікелей шетелдік инвестициялар бойынша 3,3 млрд АҚШ долларына тең таза ағын байқалды. Келесі жылы ағымдағы экономикалық конъюнктураның сақталуы және Қазақстан экономикасының сау­да­ның жаңа жағдайларына бейімделуі ағым­дағы шот тапшылығының одан әрі тө­мендеуіне ықпал ететін болады.

– Қазақстанда ырықтандырылған валюталық режім қолданылатыны және капиталдың еркін қозғалысы қам­­тамасыз етілетіні белгілі. Сонымен бір­ге сіз кейбір экспорттаушылардың ва­лю­талық түсімді уақтылы қай­тар­ма­уы төлем балансының көр­сет­кіш­те­рін нашарлататыны және айырбас ба­ға­мына теріс әсер ететіндігі туралы айт­тыңыз. Валюталық түсімнің Қазақ­стан­ға уақтылы қайтарылуын қам­та­масыз ету үшін қандай да бір шаралар қабылдау жоспарланып отыр ма?

– Ұлттық Банк ырықтандырылған валюталық режімнің негізгі қағидат­та­рынан бас тартпай, Үкіметпен бір­лесіп қысқа мерзімді және ұзақ мер­зім­ді болашақта валюталық реттеу бөлі­гін­де жүйелік шаралар қабылдауды жос­парлап отыр. Мәселен, Ұлттық Банк жаңа редакцияда «Валюталық рет­теу және валюталық бақылау тура­лы» заң жобасын әзірледі, оның шең­бе­рін­де өзге түзетулерді қоспағанда валю­та­лық бақылаудың тиімділігін арттыру жөніндегі нормалар, оның ішінде ақ­ша­ны жылыстатуға және терроризмді қар­жы­ландыруға қарсы іс-қимыл мәсе­ле­ле­рімен өзара байланыста оның нәти­же­лерін пайдалану көзделген.

– Осы жыл Банк секторының ор­нық­тылығын арттыру бағдарла­ма­с­ын іске асырудың басталуымен есте қал­ды. Бұл бағдарламаны табысты іс­ке асыру қаржы нарығының осы сек­торындағы проблемаларды шын мәнін­де түпкілікті шеше ала ма?

– Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп банктердің несие портфелі қарыздарының сапасына байланысты проблемаларды шешу жөнінде бірнеше рет шаралар қабылдады. Атап айтқанда, заңнамалық деңгейде проблемалы кредиттер нары­ғы­ның (САБҰ мен ПКҚ) жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалды, жұмыс істе­мейтін активтерді арнайы еншілес ұйым­дарға (САБҰ) беру үшін, үмітсіз қарыз­да­р­ды кешіру, не есептен шығару үшін са­лықтық артықшылықтар берілді (2027 жыл­ға дейін қолданылады), жұмыс істе­мей­тін қарыздарға несие портфелінің 10%-ы мөлшерінде тікелей лимиттер белгіленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк шетел валютасында ипотекалық тұрғын үй/ипотекалық қарыз және мерзімі өткен бе­решегі бар ұлттық валютада ипо­текалық тұр­ғын үй/ипотекалық қарыз алған қа­рыз алушыларға қолдау көрсетуге ба­ғыт­талған Ипотекалық қарыздарды қай­та қаржыландыру бағдарламасын қа­был­дады.

Несие портфелінің сапасын жақсарту бойынша қабылданған шаралар кешеніне қ­арамастан, банктердің балансында проб­ле­малы қарыздардың жоғары деңгей­інің сақталуы банктердің кредиттік бел­­сенділігін ұстап тұрған негізгі проб­ле­­малардың бірі болып қалуда. Бұл ретте банктер активтерінің нақты сапасы қа­рыз алушылардың қаржылық жай-күйі­нің тө­мен сапасынан, «тұрақты емес» ке­піл­дер­ді (болашақта түсетін ақша мен мүлік, еншілес компаниялардың сақтандыру полистері, жеке тұлғалардың кепілдіктері және т.б.) пайдалану практикасынан және акционерлердің және олармен байланыс­ты адамдардың бизнесін қайтарымсыз кредиттеуден қосымша бағалауды талап етеді.

Мемлекет басшысының Қазақстан хал­қына Жолдауы шеңберінде берілген тап­сырмаларға сәйкес, Ұлттық Банк жұ­мыс істемейтін кредиттердің дең­гей­ін төмендету және экономиканы кре­дит­теудің одан әрі өсуіне жағдайлар жа­сау үшін ірі банктерді үстеме капи­тал­дан­дыруды қамтамасыз етуге, сон­дай-ақ банк секторындағы жүйелік тәу­екел­дер­дің өсуіне жол бермеу жөнінде алдын алу шараларын қолдану арқылы Ұлттық Банктің қа­дағалау мандатын күшейтуге бағыт­тал­ған ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын бастады.

Ұлттық Банк басқармасы жалпы сомасы шамамен 650 млрд теңге болатын, бағдарламаға бес банктің (АТФ Банк, Еуразиялық Банк, Цеснабанк, Банк ЦентрКредит және Bank RBK) қатысуын мақұл­дады. Банктің қаржылық жағдайы на­шарлаған жағдайда, атап айтқанда, ол пруденциялық нормативтерді бұзған немесе активтерді шығару фактілері анықталған кезде, реттелген борышты жай акцияларға ауыстыру көзделген.

Бағдарлама нәтижелері бойынша банк секторының жиынтық меншікті ка­п­италын мемлекеттік қолдау сомасына ұлғайту күтіледі, бұл олардың қар­жылық тұрақтылығын және ықтимал жаңа қолайсыз сыртқы факторларға орнықтылығын күшейтеді. Банк секторын қолдау шаралары банк секторының жұмыс істемейтін активтері 1 трлн тең­ге­ден астам сомаға қысқартуға әкеледі, бұл активтерді капиталдандыруды қам­та­масыз ету, есептен шығару, кешіру жә­н­е активтер сапасын жақсарту бойын­ша басқа шаралар есебінен тұтастай ал-
­ғ­анда ел экономикасының дамуына муль­типликативті әсер етеді.

Сонымен бірге банктердің меншікті капиталын ұлғайту банктердің жұмыс іс­темейтін активтерін төмендетумен қа­тар банктердің экономиканың нақты сек­то­рын кредиттеуіне қолдау көрсетеді. Бағ­дарлама экономиканың аралық сала­ла­ры­ның одан әрі дамуына ықпал ететін бо­лады, бұл өз кезегінде түпкілікті қарыз алушылардың – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының қаржылық жай-күйінің қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Меншікті капиталдың өсуі және жұ­мыс істемейтін кредиттердің төмен­деуі банктердің қолданыстағы стратегия­ла­ры мен бизнес-үлгілерін қайта қа­рау­ға және оңтайландыруға әкеледі, оның нәтижесінде банктердің банктік қыз­меттердің жаңа және тиімді түрлерін кре­диттеуде, кеңейтуде және дамытуда бел­сенділігінің артуы күтіледі.

– Ұлттық Банктің сіздің басшы­лы­ғыңызбен шешіп отырған тағы бір ес­кір­ген проблемасы – валюталық қарыз алған және төлем қабілеттілігін жоғалтқан ипотекалық қарыз алушылар проблемасы. Бұл мәселе қалай шешілуде?

– Қарыз алушы жеке тұлғалар үшін қар­жы дағдарысының салдарын же­ңіл­дету тұрғысында Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасы бойынша 2015 жылдан бас-
тап Ипотекалық қарыздарды қайта қар­жыландыру бағдарламасы іске асырылуда.

Бүгінгі күні бағдарлама 23 мыңнан ас­там азаматтар үшін жалғыз баспана­сын сақтап қалуға және борыштық жүк­­­темесін төмендетуге мүмкіндік жа­са­­­ды. 2027 жылға дейін ақшаны иге­­ру­­дің револьверлік тетігін ескере оты­рып бағдарлама шамамен 40 мың қарыз алушыны қамтиды. 2017 жыл­ғы 11 сәуірде Мемлекет басшысы Ұлт­тық Банкке Үкіметпен бірлесіп бағдар­ла­маны кеңейтудің орындылығы тура­лы ұсы­ныстар енгізуді тапсырды. Ипо­тека­лық нарық мониторингі банктерден жылжымайтын тұрғын үйін кепілге қой­ып, шетел валютасында қарыз алған жә­не бағ­дарламаның өлшемшарттарына сәй­кес келмейтін азаматтар, сондай-ақ ха­лық­­­тың әлеуметтік осал топтарына жа­та­­тын қарыз алушылар ағымдағы эко­но­микалық ахуалда барынша әлсіз болып та­былатынын көрсетті. Ұлттық Банк Үкі­метпен бірлесіп қарыз алушылардың осы санатына жәрдемдесу мәселесін қа­рас­тырады.

– Қазақстандықтардың зейнетақы активтерін басқару нарығына жеке басқарушыларды шығаруға дайындық қалай өтуде?

– Қазақстан Республикасы Прези­де­н-
тінің тапсырмасын орындау шеңбе­рін­де Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы ак­тив­терін салымшының таңдауы бойынша же­ке басқарушы компанияларға беруді көздейтін зейнетақы активтерін басқару жүйесін реформалау бойынша ұсыныстар дайындады.

Талқылау аяқталған соң Қазақстан Рес­пуб­ликасының қолданыстағы заң­на­ма­сына тиісті өзгерістер мен толық­ты­рулар қабылдау талап етіледі.

Сонымен қатар Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін және Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін басқару тә­жі­ри­бесінің негізінде БЖЗҚ зейнетақы ак­тив­тері портфелінің валюталық бөлігін жа­­ңа стратегиялық бөлуді әзірледі. Ти­­іс­ті өзгерістер мен толықтырулар БЖЗҚ инвестициялық декларациясында көрс­е­тілді. Жаңа бөлу шеңберінде БЖЗҚ ин­вес­тициялық декларациясын­да көз­дел­ген об­лигациялар мен акциялардың жа­һан­дық индекстеріне индекстік инвестиция­лауды пайдалану жоспарланып отыр. Бұл ретте БЖЗҚ зейнетақы активтерін ин­декстік инвестициялауды шетелдік бас­қарушы компаниялар жүзеге асыратын болады.

– Ұлттық Банктің ноттарын сатып алу­ға халықтың қолжетімділігі бой­ын­­ша блокчейн технологиясын пай­далана отырып іске асырылатын қа­натқақты жоба қандай сатыда?

– Қазіргі уақытта маңызды жұмыстың бірі қызметімізге жаңа технологияларды ендіру болып табылатынын осыдан бұрын хабарлаған болатынбыз, оның бірі блокчейн технологиясы болып табы­лады. Бұл технологияны пайдалана оты­рып қанатқақты жоба ретінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарын ха­лыққа өткізуді бастау жоспарланып отыр. Жобада халықтың Ұлттық Банктің бағалы қағаздарын web-қосымша арқылы, сол сияқты мобильді қосымша арқылы да са­тып алуға мүмкіндігі болатыны қарас­ты­рылмақ. Қазіргі уақытта жобаның қа­жетті ұйымдастыру-техникалық жә­не дайындық аспектілерін әзірлеу жал­ға­суда. Атап айтқанда, «өнім» бойынша техникалық жұмыстар аяқталды, мо­биль­ді және веб-қосымшалар әзірленді, ин­фра­құрылымдық субъектілердің қа­ты­суы­мен бірқатар тестілеу кезеңдері өт­кі­зілді.

– Биыл, 11 жылдық үзілістен кейін ал­ғаш рет Қаржыгерлер конгресі өтті. Сіз­дің бұл іс-шараға қатысты күту­ле­ріңіз ақталды ма? Форумның қандай да бір нақты, айтарлықтай нәтижелері бол­ды ма? Талқылау жалғасын тапты ма?

– Күтулер тұтастай алғанда ақталды, себебі конгрестің күн тәртібі ағымдағы қаржы нарығының негізгі мәселелерін жә­не оның әртүрлі проблемаларын тал­қы­лауға мүмкіндік берді. Конгресте тал­­қыланған негізгі тақырыптардың ара­сынан қаржы секторының орнықты дам­уы­на арналған талап ретінде макро­эко­номикалық саясаттың болжам­ды­лы­ғын, адам капиталын қоса алғанда қар­жы секторының даму факторларын бөліп атауға болады.

Қорландыру және реттеу, бәсекелес ор­та, жаңа технологиялар және қор на­ры­ғын дамыту мәселелері де күн тәртібінен тыс қалған жоқ.

Айтарлықтай нәтижелерге келсек, кон­гресс Қазақстан қаржы секторына қа­тысушылардың қаржы секторындағы әлем­дік революция аясында, сондай-ақ қар­жылық қызметтерді көрсетудегі үлгіні ауыс­тыру тұрғысынан олардың алдында ашы­латын тәуекелдер мен мүмкіндіктер ту­ралы бірінші болып білуіне ықпал етті. Елдің қаржы секторын түбегейлі «қалыпқа келтіру» талап етіледі. Ол үшін, осыған дейін атап өткенімдей, банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы іске асырылуда.

Конгрестің тағы бір қорытындысы, оған қатысушылар осы форумды өт­кізу дәстүрін жалғастыру орынды деген тұжырымға келді, себебі бұл алаң­ды жаңарту қаржы нарығына бар­лық қа­тысушылар арасында жемісті ын­ты­мақ­­тастықты реттеуге мүмкіндік беретін қа­­дам жасауға жол ашты. Конгрестің ке­лесі отырысын біз ұлттық валюта – тең­генің 25 жылдығы қарсаңында өткі­зу­ді жоспарлап отырмыз.

– Жаңа жыл қарсаңы – қоры­тын­ды шығару ғана емес, сол си­яқты құт­тық­­таулар мен тілек­тер айту уа­қыты. Осы күндері қазақ­стан­дықтарға не ті­лер едіңіз?

– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен «Егемен Қазақстан» газетінің барлық оқырмандарын өткен Тәуелсіздік күнімен және келе жатқан Жаңа жылмен құттықтағым келіп отыр. Жаңа жыл – ерекше мереке, ол бізге тамаша көңіл-күй сыйлап, болашаққа деген сенімді арттырады. Өткен жылы сіздерге шаттық сыйлаған барлық жақсылық келесі жылы да жалғассын! 2018 жыл қуанышқа толы жыл болын! Әрбір үйге және әрбір отбасына денсаулық, береке-бірлік және қаржылық әл-ауқат тілеймін! Ертеңгі күнімізге сенімді болайық!

Әңгімелескен

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,
«Егемен Қазақстан»