Парламент • 26 Желтоқсан, 2017

Қазақстан мен Ирландия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы заң қаралды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенатта Қазақстан мен Ирландия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Қазақстан мен Ирландия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы заң қаралды

Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ирландия Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2017 жылғы 26 сәуірде Астанада қол қойылған Конвенция Қазақстан мен Ирландия арасында инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бағытталған.

Конвенция екіжақты халықаралық шарт болып табылады және қосарланған салық салуды жою мақсатында жасалды. Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің әрқайсысы салық төлеушіге бір рет – уағдаласушы мемлекеттің бірінде ғана салық төлеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екінші мемлекет төленген салық сомасына есепке жатқызуды береді немесе салық салынатын жиынтық табыстан екінші мемлекетте салық салу жүргізілген табыстың бөлігін алып тастайды.

Конвенцияда оларға сәйкес дивидендтерге, пайыздарға және роялтиге төмендетілген мөлшерлемелер бойынша табыс көзі пайда болатын мемлекетте салық салынуы мүмкін ережелер көзделген.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар