Сөз сойыл №49

Әзіл-оспақ, сын-сықақ.

Егемен Қазақстан
25.12.2017 9471
2

Жарнама

Тиген кезде тұмау,
Вирустардың жауы –
Күшті дәрі мынау.

Ағыл-тегіл терлеп,
Көңіл күйің сергек.
Айығасың дерттен,
Өз-өзіңді емдеп.

Тәбетіңді ашып,
Лоқсығыңды басып,
Микробтар зорға,
Құтылады қашып.

Тынысыңды ашады,
Демікпеңді басады.
Жарнамаға сендік,
Сатып алып 5000-ға,
Әуселесін көрдік.

Тынысымыз тарылды,
Тұмауымыз қағынды,
Жөтеліміз өршіді,
Ұйықтатпадық көршіні.
*  *  *
Әй, жарнама, жарнама,
Дәрі болды-ау, бұл сірә –
Бір бұрышта қалған, ә!

Бірдемені сезеді

Кім біліпті,
Не істегенін басқалар –
Шетелдерде,
Жатыр біздің ақшалар.
Неге сонша қиянға асырады,
Кімнен сонша байлығын 
жасырады.
Пәле бар-ау, тереңіне үңілсек,
Астарында осының,
Пиғылынан, доллары көп 
байлардың,
Шошыдым.
Арам болмаса жиғаны,
Таза болса, ары менен иманы,
Өзіміздің банкімізге салмай ма,
Қажет кезде алмай ма.

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ

Қызылорда облысы

***

Не деуге болады?

– Айналайын балам, біздің ауданның әкімі жұмыс істеуді қойды. Қашан барсаң орнында болмайды. Той тойлап жүре ме, бірдеңе өзі?.. Біздің ауылға ауыз су құбыры тартылған, бірақ әлі күнге дұрыс жұмыс істемейді. Ауылдағы жастар жұмыссыз, сенделіп бос жүр. Аудан әкімі есеп берген кезде "бәрі жақсы" деп кетеді, бірақ бітіп жатқан бір оң тірлік жоқ... Осыны біз сияқты ақсақалдар айтпағанда кім айтады? Өтініш, жазшы осыны газетіңе, айналайын...
– Жақсы, ата... Сол жақтағы тілшіге айтайын, өзіңізге хабарласады.
Бір аптадан кейін ақсақал қайтадан телефон шалды.
– Айналайын балам, тілшілерің келіп кетті. Бәрін жазып алды. Енді сол мақаланы газеттеріңе берейін деп жатсыңдар ма?
– Иә, осы аптада берейін деп жатырмыз.
– Айналайын, соны әзірше қоя тұрсаңдар болмай ма?
– Жай ма, ата? Не боп қалды?
– Жай болғанда, аудан әкімі бір топ ақсақалдарды Астанаға ЭКСПО-ға апарайын деп жатыр екен. Соның тізіміне мен де кіретін сияқтымын. Өтініш, сәл күте тұрайықшы, балам... Егер тізімге кірмей жатсам, онда аяушылық жоқ, бұрқыратып жаза беріңдер...

Оралхан ДӘУІТ
Тараз

***

Бірде...

Дәркембай Шоқпарұлы суырыпсалма айтқыштығымен де көпке танымал болатын. Қазақы қалжыңға жүйрік ол кісінің отырған жері әрқашан да әзіл-қалжыңға, күлкі мен думанға толы еді. Төменде сол Дәкеңнің бірқатар дегендерін көпшілікке ұсынып отырмыз.

 

Жас ғалым, журналшы Сағатбек Медеубекұлы «Жетісу» газетінде аз уақыт қана қызмет істеп, сол тұстағы «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жарылқап Бейсенбайұлының шақыруымен аталмыш газетке ауысады. Оның жұмысқа орналасуға келген сол сәтінде белгілі қолөнер шебері Дәркембай Шоқпарұлы да бас редактордың бөлмесінде отыр екен. Сонда Сағатбекті жақсы көретін ол:
«Бұл Сағатбек «Жетісуды» 
жарылқап па, 
Келіп тұр Бейсенбаев 
Жарылқапқа» – депті.

*  *  *
Ақын Тұманбай Молдағалиев пен Дәркембай Шоқпарұлы – бір ауылдың түлектері. Сол ауылдан бір күні Айтбайұлы Бейсетай деген кісі 60 жасқа толып, інілерін тойға шақырады. Той-думан қызып, әркім ағаларының мүшелтойына арнап жылы лебіздерін білдіріп жатады. Бір мезгілде Бейсекеңнің келіні Күләш деген кісіге сөз кезегі келгенде қайын ағасына құттықтауын айта келіп:
– Аға, Күләш тәтем екеуіңіз ешқашан қартаймаңыз, – дей бергенде,
Тұмағаң іліп алып:
«Күләшпен оңашада карта ойнаңыз» – десе, әзілқой Дәркембай:
«Картадан басқа ойынды тарта ойнаңыз» – деп ұйқастыра қосып жіберіпті.

*  *  *
Бір күні Дәкең нағашылы-жиенді ретінде, өзінің қашанғы қалжыңдаса беретін қазақы қалпымен сол кездегі «Дала дидары» газетінің бас редакторы Бекболат Әдеттің үйіне телефон шалып:
– Уа, Беке, не істеп жатырсыз? – депті. Үй тірлігіне қол ұшын беріп
жатқан Бекең қапелімде қылығын жасыра алмай: 
– Пияз турап жатырмын, – депті.
Дәркембай: – Үйде жоқ-ау қаты­ның, – десе, Бекболат: – Үндемегін, ақырын, – депті. 
Сонда Дәкең: – Солай ма еді, пақырым, – деген көрінеді.

*  *  *
Ауылда бірге тұратын Мұқаш Қазақбаев деген інісі қазанын асып қойып, Дәкеңді қонаққа шақырады. Үйіне келсе келін жоқ, қазан қайнап жатыр, басқа ешкім көрінбейді. Бұл көрініске таңырқаған ағасына Мұқаш: – Дәке, саспай-ақ қойыңыз, келініңіз бір жерге кеткен еді, келіп те қалар, келмесе қазанның құлағы өзіміздің қолда ғой, – дейді. Ет пісті-ау деген мезетте телефон шырылдап, Мұқаштың ауылдағы қызметтесі Қалмақан деген тез тығыз шаруамен келіп кетуін өтінеді. «Ойпырм-ай, үйде Дәкең отыр еді, ыңғайсыздау болды ғой» деп қынжылғанына қарамай «Дәкең өзіміз ғой, бір 15 минөтке рұқсат сұра» деп қолқалайды. Үйде жалғыз қалып, Мұқашты сағат жарымнан аса күткен Дәкеңнің шыдамы таусылады. Амалы әбден таусылған соң, қазаннан бір жілікті алып жеп, сорпасын ішіп, енді үйіне қайтайын десе, есіктің алдында жатқан дәу қара төбеттің шығаратын түрі жоқ. Ет беріп, итті жуасытып, сәлден соң жілікті алысқа таман лақтырып жібереді. Шынжырын сүйрете жілікке қарай қара төбет жүгіргенде, Дәкең ауладан атып шығады. Сол сәтінде былай деп жазып, қақпаға қыстырып кетеді: 
Дегенде Қазақбаев, Қазақбаев,
Дедің бе бұл Дәкеңді мазақтайық.
Алыпсоқпен бөліп жеп бір жілікті, 
Дәркембай кетті үйіне «назад» тайып.

*  *  *
Облыстық «Жетісу» газетінің қызметкері Нұрсадық Сарғожаев 60 жылдық мерейтойын тойлап, көңіл жетер ағайын-туыстары мен әріптестерін шақырады. Сол тойда Дәкең де болады. Сөз кезегі «Жетісу» газетінің фототілшісі Нұрмамбет Қизатұлына беріледі. Ол сол отырған адамдардың бірқатарын меңзеп, «Осы күні Алматы облысын оң жамбасына алған Қожаевтар қаптап кетті» («Жетісу» газетінің бас редакторы Жақыпжан Нұрғожаев, «Арай» журналының бас редакторы Асқанбай Ерғожаев). Міне, қараңыздаршы, Нұрғожаев, Ерғожаев, Сарғожаев, кілең бір қаптаған Қожаевтар» деп әзілдей бергенде, Дәкең Нұрмамбетке, – Нұреке, олар сіз айтқандай Қожаевтар емес, кілең ғажайыптар ғой, – деген екен.

Қамнұр ТӘЛІМҰЛЫ

АЛМАТЫ

***

«Қолдау» корпорациясы

Қатарымыздан көш ілгері озып, дәулетімен асып-тасыған Пықып құрдасты сөзге тартып отырмын. 
– Пәке, қанша жақын болсақ та сенің тірлігіңнен хабарымыз аз, корпорацияның құпия-сырын бөліспес пе екенсің? 
– Жазғыш пәле, «солай да солай екен» деп газетіңде гулетпексің ғой! 
– Е, жоқ-а, осы жерде қалады. 
– Қарапайымнан басталды. Университетте ілініп-са­лынып мұғалім болып жүрген кезім. Бірде ана теледидарда істейтін Телпек інішек: «Аға, бір хабар ұйымдастырып жатыр едім. Көмегіңіз керек, бір он студентіңізді бере тұрасыз ба? Олар студияға келіп, бағдарлама түсірілу барысында тек қол шапалақтаумен болып, бір-екеуі біз дайындаған сұрақты қойса болды» деген соң, он-он бес студентті жібере салғанмын... Топты бастап барып келген староста «Мынаны сізге беріп жіберді» деп конвертті қолыма ұстатты. Ашып қарасам... он мың теңге, параққа Телпек інім: «Аға, аз да болса көптеу көріңіз. Бұл сіздің қаламақыңыз... Студенттеріңізге ризамыз, айтқанды артығымен орындады. Байланысымыз үзілмесін» деп жазып жіберіпті... Старостадан сұрасам, бәрін ұршықша үйірген оған 5 мың беріпті де, қалғандарға 1000 теңгеден үлестіріпті... 
Сөйтіп, Телпек інім де жетісіне бір рет тапсырыс түсіре қояды... Біз де дайын, іріктеліп бара қоямыз.
Телпектен естіп бір әзіл-сықақ бағдарламасы да қосарланды. Олар әртістік талап қойды. Залда отырып, ду қол шапалақтау бөлек, ыржалаңдап күле білуіміз де керек екен. Ақысы әжептеуір, біз де оған машықтанып майын тамыздық. 
Не керек, оқу-тоқу жайына қалып, өзім бас болып студенттер қосымша табыс жаққа біржола мойын бұрып, елегіземіз де отырамыз. Бұнымыз ұзағынан сүйіндіріп, өзіме «Неге осыны нәсіп етер кәсіпорын құрмасқа» деген идея келе қалмасы бар ма... Сөйтіп, лезде-ақ «Ду қолшапалақ» атты жауапкершілігі шектеулі серіптестікті құрдым да алдым. 
Ду қолшапалақ теледидардан басқа жерлерге де керек екен, тапсырыс көбейіп, ісіміз ілгері жылжи берді. Ақын кеш өткізе ме, ақсақалдың ғұмырнама кітабының тұсаукесері бола ма, бізге бәрібір, тапсырыс болса болды, тапжылмай сонда боламыз.
 Кей жерлерге қарақұрым ел керек болып, студенттердің қатарын зерігіп отырған зейнеткерлермен, жұмыссыз бос жүргендермен толтыра қоямыз. Оларға 1000 теңгеден бере қойсаң, бес сағат тапжылмай отырып береді. 
Пай-пай, өрісіміз кеңейіп, ісіміз ілгері кетіп, кей кейде тапсырыс көбейіп, қатар келгендеріне «ставкамызды» өсіре қоя­тын дәрежеге жеттік.
Бір-екі жерге адамдарымыз жетпей, ана офицер бажаны да іске қоса қойып едік, сап түзетіп, екі-үш рота солдатын әкеп отырғыза қойғаны да бар. Әркез ол: «Қызмет етуге әрқашан дайынбыз! Тәуліктің кез келген уақытында, кез келген құраммен сонда бола аламыз» деп хабарласып та қояды, – деп Пықып сәл-пәл кідіргенде, тілші емеспін бе:
– Қазіргі атауларың «Қолдау» корпорациясы емес пе? – деп қалдым.
– Бір кітап шығаратын «Қожа­насыр» корпорациясы атына бола клиент тартыншақтай берген соң, атын өзгерткенін естігенмін. Содан біздің «Ду қолшапалақ» та әлсіздеу болып, оның үстіне бедел артып, өріс кеңейіп дегендей, серіктестіктен секіріп корпорация етіп «Қолдау» деп өзгерттік. Сол-ақ екен бірден оппозиционерлер хабарласып, олардың шеруіне екі мың адам керек екен, тайлы-тұяғымызбен қатысып өткеріп те бердік. Құдайға шүкір, қазір майда-шүйдеден тартып митинг-шеру сияқты ірілерімен де іргеміз бірге. 
Айтпақшы, алып жүрген айлығыңнан алты есе көп ақы төлейін, маған үгіт насихат, жарнама жағына агент болып келсең қайтеді? – деді ол маған. 
«...Алты есе айлық...» деген сөз ойымнан кетпей қойды. Содан да шығар, өз өзімнен оңашада: «Жасасын «Қолдау» корпорациясы!» деп орнымнан атып тұрдым... 

Ерсұлтан Мағжан

Талдықорған

***

Солақай сөздік

Өсекші – «шығармасын» ауыздан-ауызға тез тарата алатын «автор». 

Асаба – жаттағанынан жаңылмайтын көкек.

Мадақ – ісің түсетін адамға айтылатын қулықпен құндақталған сөз. 

Жағымпаз – ішкі есебін сездірмейтін, анау-мынауды көзге ілмейтін, ала-құла әдебі, өзіне-өзі әдемі пенде. 

Ақша – байдың көңілін табатын, кедейдің миын шағатын қағаз.  

Заң – арнасын жиі өзгертіп ағатын өзен. 

Кеден – ақша санап отыруға арналған бекет. 

Әдеби сын – ұзақ жылға ұйқыға кеткен дәу. 

Жабайы сауда – қақпақсыз қазан. 

Пара – алақанның қышуын тез қандыратын дәрі.  

Қаңғыбас – отаны бар, отауы жоқ пақыр.

Жүніс ҚОҚЫШҰЛЫ
Алматы облысы

Мүйісті жүргізетін

Берік САДЫР

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.11.2018

Egemen Qazaqstan алғашқылардың бірі болып Chartbeat құралын пайдаланады

13.11.2018

Жаңақорған ауданында 116 бас қой белгісіз аурудан қырылып қалды

13.11.2018

Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді

13.11.2018

Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды

13.11.2018

Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты

13.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті

13.11.2018

«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді

13.11.2018

Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр

13.11.2018

Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді

13.11.2018

Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды

13.11.2018

Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады

13.11.2018

Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды

13.11.2018

Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды

13.11.2018

Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады

13.11.2018

Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды

13.11.2018

Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады

13.11.2018

Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті

13.11.2018

Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді

13.11.2018

Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді

13.11.2018

Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qazaq otbasy

Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Zaman talqysyndaǵy qazaq

Feısbýktegi paraqshamdy ashyp qaraımyn da oılanamyn. Feısbýkti men ádette merzimdik buqaralyq aqparat quraldarynyń nazarynan tys qalǵan oqıǵalar men jańalyqtardy jáne oǵan degen qoǵamnyń kózqarasyn bilý úshin ashamyn. Meniń paraqshamda úsh jarym myńnan astam jazylýshym bar. Olardyń 95 paıyzdan astamy – qazaqtar.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу