2018 жылы да ауыл­шару­а­шылық жобаларын қаржы­ландыру жалғасады

Өткен жылы 20 мың жеке және қосалқы шаруашылық қожалықтары 500-ден аса ауылшаруашылық коопера­тивтеріне біріктірілді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қатысуымен құрылған бұл бірлестіктер 25 миллиард теңгеге қаржыландырылды. 

Егемен Қазақстан
27.12.2017 883
2

Аграрлық сектордағы кооперацияны тиімді ынталандыру тетіктерінің бірі – жеңілдікпен несиелеу. Осы мақсатта Қор арнайы несие бағдарламаларын әзірледі және іске енгізді. 

– Қор қызметіндегі негіз­гі басымдық – Елба­сы­ның ұсақ тауарлы шаруа­шы­лықтарды біріктіріп, ауылшаруашы­лық кооперациясын дамыту жөніндегі тапсырмасын орын­дау, – дейді «Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қол­дау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров.–Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бо­йынша, сонымен қатар Қор өз қаражаты есебінен жалпы сомасы 45,7 миллиард теңгеге 12,6 мың несие берді. Қаржыланған жобалар бо­йынша 13 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды. 
«ҚазАгро» холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын Қор бүгінде көптеген көрсеткіштер бойынша жедел өсуді көрсетіп отыр. Ауыл­ды шағын несиелеудің ең ірі операторы, яғни Ауыл шаруа­шылығын қаржылай қолдау қоры соңғы бес жыл ішінде жыл сайынғы қаржы­лай көмек көлемін төрт есе ұлғайтты. 

Қазіргі таңда Қордың қаты­­суы­мен құрылған кооператив­тер ауылшаруашылық өнімін жи­науға және дайын­дауға кі­рісті. Олардың бір­қатары өнім­­ді әрі қарай қайта өңдеу­ге, тауарлы сүт тағам­дарын, шұ­жық­тарды, жартылай фабрикаттарды шығаруға да кірісіп кетті. 
Қор қаржыландырған ко­о­перативтердің бірі – Қара­ғанды облысының Шет ауда­нындағы «Алға» коопе­ра­тиві. Алғашында құрамында 20 қатысушысы болған бір­лестіктің бүгінде 40-тан астам қатысушысы бар. 

Кооперативке кірген шаруа­­­шылықтар қандай та­бысқа қол жеткізді деген сауал туын­­дайды. Біріншіден, жеңіл­детіл­ген несиелеуге қол жеткізді. Шағын несие ретін­де берілген 82,3 млн теңге 630 ірі қара мал басын сатып алуға жұмсалды. Екін­ші­ден, кооператив ауылда мал соятын бекетті орнатты. Модул­дік жабдықтың жарты сома­сы мемлекеттік субсидия есе­бінен төленіп, қалған жар­тысын кооператив 7 жыл ішін­де қайтарады. Үшіншіден, өнді­ру­шілер өнімді тауарлық зат­тармен сапалы түрде алатын болды. 

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданының «Красный яр» кооперативі өз ауылында құс фермасын ашты. Жеңілдік­пен несиелеу асыл тұқымды қаздарды және өнеркәсіптік инкубаторды сатып алуға мүм­кіндік берді. Ендігі жерде мал соятын және мамықты қайта өңдеу цехын ашуды жоспарлап отыр. 

Жалпы, Қордың қолдауы­мен 160 сүт қабылдау бекеті, 70 мал сою бекеті қаржылан­дырылып, бордақылау үшін 100 мың ірі қара мал және 28 мыңнан аса сүтті ірі қара мал сатып алынды, 51 сүт тасы­малдау көлігі мен 42 рефри­же­ратор сатып алынды. Құ­рыл­ған кооперативтер толық жұ­мыс істегенде жыл сайын 67,5 мың тонна сүт, 24 мың тонна ет, 10 мың тонна алма, 15 мың тонна басқа ауылшаруашылық өнімін дайындайтын болады. 

2018 жылы да ауыл­шару­а­шылық жобаларын қаржы­ландыру жалғас­ты­рыл­ады. Бұл орайда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жалпы сомасы 45 млрд теңгеден астам несиелеуді жоспарлап отыр. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Станимир Стоилов: Бір ойынды жеңдік деп желпінбейміз

16.10.2018

Кольдо Альварес: Қазақстан бізден бір бас жоғары екен

16.10.2018

Машина жасау саласында меморандумға қол қойылды

16.10.2018

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндия Республикасына келді

16.10.2018

Қарағандылық оқушылар халықаралық чемпионатта жеңіске жетті

16.10.2018

С.Стоилов: Қазақстанда ұлттық құрамаға лайық шабуылшы жоқ (видео)

16.10.2018

Маңызды қадамдар атап көрсетілді

16.10.2018

Семейде «Екі жұлдыз» байқауы өтті

16.10.2018

Тарбағатайда 4 мың басқа арналған бордақылау алаңы ашылады

16.10.2018

Әскери борышын өтеген сарбаздар туған жерлеріне оралуда

16.10.2018

Қазақстан және Литва жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

16.10.2018

Cенаторлар университеттегі цифрлық хабты аралады

16.10.2018

Қайрат Әбдірахманов дипломатиялық қызмет жүйесін жетілдіру туралы айтты

16.10.2018

Туризм саласының маманы жоқ

16.10.2018

Сенаторлар Ақ Жайық өңіріне келді

16.10.2018

Қаңтар–қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі 4,1% жетті — ҰЭМ

16.10.2018

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,8%-ға ұлғайды — ҚР ИДМ

16.10.2018

Жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау: 444 нысан сатылды

16.10.2018

Қармақшы - елдік пен ерлік мекені

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу