Алматыда «Алашқа» арналған қорытынды жиын өтті

Алматыдағы Ғылым ордасының концерт залында «Рухани жаңғыру – Алаштың асыл мұраты: тіл - жазу - мәдениет»  атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

Егемен Қазақстан
27.12.2017 8330

Аттай желіп өтіп бара жатқан 2017 жылымыз осыдан ғасыр бұрын ғаламға азат республика ретінде қанат қаққан  «Алашорданың»  бары мен жоғы, оңы мен солы айрықша еске алынған жыл ретінде тарих бетіне қалатыны бесенеден белгілі. Оған тәуелсіздігін алып, әлемге атын  «Қазақстан» деп таңбалай бастағанына 26 жыл болған ел жұртшылығының ақиқатшыл арман-мұраты жебеуші болса, Елбасымыздың дәл биыл жариялаған, тарихи сипат алатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласы жетекші болды. Үш тұғырдың бірі саналатын Ахмет Байтұрсынұлының атымен аталатын Тіл білімі институты өткізген жиынға Алаш қайраткерлерінің ғасыр бойы қуғын-сүргін көріп, бүгінгі тәуелсіз таңға маңдайы жарқырап аман-есен жеткен ұрпақтары шақырылды. Атап айтқанда, алқалы басқосуға А.Байтұрсынұлының жиен немересі – Айман Байсалова,  М.Дулатовтың жиен немерелері – Жанна, Ерлан Сатыбалдиевтер,  Отыншы Әлжановтың шөбересі – Гүлфарида Төлемісова,  Асылбек Сейітовтың қызы – Клара Сейітова, Қайым Мұхамедхановтың қызы – Дина Мұхамедханова,  Қ.Кемеңгерұлының немересі – Гүлнар Кемеңгерова келді.

Конференцияны аталған институттың директоры, ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ерден Қажыбек басқарып, қаһары қатты заманда дәурен сүрген Алаш ардақтыларының телегей еңбектерін тілге тиек етті. Ұлттық ғылым академиясының президенті, ҰҒА академигі Мұрат Жұрынов басқосудың маңызына тоқталып, құнды пікірлері мен құттықтауын жеткізді. Конференцияға Астанадан арнайы келген алаштанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Әдебиет танытқыштан» – әдеби тәжірибеге» деген баяндамасын жасағанда залда отырған Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназияның Ш.Уәлиханов атындағы №12 мектеп-гимназияның оқушылары сілтідей тынып, сыныпта сабақ тыңдап отырғандай күй кешті. «Күннің ең қысқарған шағында ең ұзақ баяндама жасауыма тура келді. Себебі  осында өте көп жас өркен отыр екен», – деп сөзін бастаған ғалымға елдің ықыласы бөлек болды.

ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелді «А.Байтұрсынұлының кеңес үкіметіне қатынасы туралы (1919-1921)»  атты ғылыми баяндамасында тыңдаушыларды қазақ даласының ғасыр бұрынғы өткен-кеткеніне оралтты. Түркиядан келген Али Акбар, Кабадайы Осман; Алматыдағы Иран мәдени өкілдігінің директоры Джалали Киасари Сейед Джабад сынды ғалымдардың Алаш туралы баяндамаларын зиялы қауым мен өрендер ерекше ықыласпен тыңдады.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Фаузия  Оразбаева «Алаш арыстарының аманаты – тіл»  атты баяндамасында ел мүддесі үшін от кешкен ғалымдардың қазақтың бүгіні мен ертеңіне жазып қалдырған ғылыми еңбектерін, асыл мұратын, тіл туралы тұжырымдарын жіктей, жіпселей түсіндіріп берді. Көрнекті жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаев «Алашорда тарихы рухани жаңғыру даңғылына бастайды» деген тақырыпта баяндама жасап, Алашордашылардың идеясы мен бүгінгі таңдағы Елбасының ұстанымдарындағы сабақтастық, жасампаздық туралы сөз толғады. Сондай-ақ Алаш арыстарының жоғын түгендеп, көптеген кітаптар құрастырған филология ғылымдарының докторы Ғарифолла  Әнес «Алаш қайраткерлері және қазақтың жаратылыстану ғылымы» атты баяндама, филология ғылымдарының докторы, ҚазҰУ профессоры Анар  Салқынбай «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы» деген тақырыпта баяндама жасады. А.Салқынбай латын әліпбиіне көшу мәселесі қайта көтеріліп, емле заңдылықтарына қатысты айтыс-тартыс қызған шақта Ахмет Байтұрсынұлы ұстанымдарын негізге алуымыз керектігін айтты. Денсаулығына байланысты конференцияға қатыса алмағанмен, баяндамасын бейнежазба арқылы жеткізген ҰҒА академигі Рәбиға Сыздықова Алаш боздақтарын, Ахмет Байтұрсынұлын ақтап алу қанша ауыр болғанын, бұл жолда өзі талай іске мұрындық болғанын айтып берді.

Конференцияның соңында алқалы топтың алдында «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» атты кітап пен Телжан Шонанұлының бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтіп, көңіл толқытар толғауға, әсем ән мен күмбірлі күйге де кезек берілді.  Жиынның шымылдығы аталған институттың Грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері  Әділет Ахметұлының Ахмет Байтұрсынұлына арнаған өлеңімен жабылды. Оқырман назарына осы арнау жырды ұсынамыз.  

 

Алаш арманы

(Ахмет  Байтұрсынұлының  рухына) 

  1. Рух

Жыланның жүрісіндей жылжып еппен 

Содан бері самарқау жүз жыл өткен. 

Жалған дүние ұялып,  жабырқайды    

Ақиқаттың алдында дір-дір еткен. 

 

Шындығын сол ғасырдың ұққанда әр күн,   

Жұртымның жүрегінен жұтты аңғардым. 

Ессіз тарих жазықсыз басын алған 

Аузынан «Алаш!» сөзі шыққандардың...  

 

Өрт кеткендей өгейсіп жасыл қырат,   

Көмілді егей арман, асыл мұрат. 

Қаны қайсар қара жер солқылдайды   

Ерлерін бауырына басып жылап. 

 

Ашаршылық. 

Қырылды, ел жасқанды,  

Қайғы басты кешегі шер басқанды. 

Алты түмен батырдың қолға түскен 

Төрт түмені мезгілсіз жер жастанды. 

 

Қайғы түсіп соңынан, қуалап мұң,  

Түбі сая болмады қу ағаштың. 

Адамзат тарихының ауыр күні 

Өтіп жатты басынан бұл алаштың. 

 

2. Ахмет

  

Өр рухын жаулауға құртты малын,   

Салық келіп сандалтты жұртты қалың. 

«Байтұрсынов атылсын!» деген хатқа   

Сұрланып, қолын қойды мұртты залым. 

 

Оқ шықты аш мылтықтың ұңғысынан,  

Адамзат айырылды тұңғышынан. 

Қасқайып оққа қарап тұрды Ахмет. 

Түңіліп ол көрмеген тумысынан. 

 

Шейіт боздақ!  

Еріп ұшты келте нұрмен   

Өксиді қап-қара аспан шер төгілген. 

Өлімді өкінішссіз қабылдады  

Атыларын қайран ер ерте білген...  

 

3. Тапсырма 

 

«Қазақстан, біз кеттік, сен қаласың! 

Мені өмірге әкелген сен де, анашым! 

Ер өлді, елім қалды, жеңді Алашым,  

Жалғандықты күні ертең сен жабасың!

  

Топырағынан аңқысын қазақы ұғым,  

Әлемді тамсандырсын азат үнің. 

Мен Жәннатқа алаңсыз кірем, жұртым,

Естілсе тас бұлақтай таза тілің! 

 

Аман бол, беу Алматым, ізгі астанам,   

Сыйладың қартаймайтын мың жас маған. 

Кешікпей еркіндіктің таңы атады,   

Күресті ұл жалғайды біз бастаған. 

 

Есен бол егей далам, Қостанайым,  

Жоғымды сен түгенде, жоқшы ағайын. 

Мен несіне ажалдан жасқанайын?!   

Мен далама жерленсем, бақ санайын!  

 

Ақ бас таулар, аман бол, о, сері шың!   

Сен бабамның теңдессіз мекенісің. 

Етегіңде ел-жұртым туын тігіп, 

Қайта жаза бастайды кешегісін. 

 

Мен жығылдым қазағым, бел астым да,

Бөленерсің бейбіт ел сен ақ нұрға. 

Ұмытпа, біз жатқанмен көр астында, 

Ақиқат қалмайтынын жер астында!..

                           ***

Өмірден кетті осылай тасқын дарын,  

Бүгін біз тарта міндік аттың жалын. 

Жау алмайды шалдықпай орындасақ, 

Шын ғалымның шырылдап тапсырғанын. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу