Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2017

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. 

Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі кеңес отырысын өткізді

Отырыс барысында Қазақстанның Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017 жылға арналған Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі жаһандық индексіндегі көрсеткіштерін жақсарту бойынша шаралар жоспарын іске асыру қорытындысы, 2018–2019 жылдарға арналған Жоспарды өзекті ету, сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттілігіне кешенді мониторинг пен талдау жүргізу әдістемесіне қатысты мәселелер талқыланды.