Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017

Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды

Әзербайжан Республикасы Президенті Ильхам Әлиевтің Жарлығымен Түркі академиясы халықаралық ұйымының (TWESCO) президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі «Достлуг» орденімен марапатталды. Бұл туралы Әзербайжан Республикасы Президентінің ресми сайты хабарлады.

Аталмыш марапат Дархан Қыдырәліге Әзербайжан мен Қазақстан халқы арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін берілген.