Ағайын тату болса, ат көп

Әлем әдебиетіндегі бірегей эпикалық шығарма – қырғыздың «Манас» жырында «Қазақ, қырғыз, қатаған – тараған бір атадан» деген жыр жолдары бар. Осы орайдан алып қарағанда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғызстанның Президенті Сооронбай Жээнбековті Астанаға шақырып, мәслихат құрғаны үлкен тарихи оқиға болып қалды. Бұл жалпы қырғыз жұртшылығы және Қырғызстандағы этностық қазақтар күткен жүздесу болды.

Егемен Қазақстан
29.12.2017 418
2

Шавкат ИСМАИЛОВ, 
«Қырғызстан – Астана» қыр­ғыз этномәдени бір­лесті­гінің төрағасы, Қазақстан хал­қы Ассамблеясының мүшесі:

– Қазақстан Респуб­ликасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қыр­­ғыз Рес­пуб­ликасының Пре­зи­­ден­ті Соо­ронбай Жээнбеков­тің Астанадағы кездесуінде қырғыз-қазақ қарым-қа­ты­настарының қазіргі кездегі көкейкесті мәселе­лері болған шекара және еңбек мигранттары бойын­ша мақұлдасылған құжаттарға қол қойылуын Қазақ­стандағы этностық қырғыздар шоң қуанышпен қабыл алды. 

Біздегі мәлімет бойынша, осы күндері ұлты қырғыз 370 мың жерлесіміз Қазақстанның азаматтығын алып, көпұлтты Қазақстанның қара­шаңырағының бір қанатына айналды. Еңбек мигранттарынан – 1700-ге жақын қырғыз азаматы республикада уақытша тұруға ықтиярхат арқылы тіркелген және 30-50 мыңдай қырғыз азаматы келіп-кетіп жұмыс істеп жатыр, барлығы жиылып 100 мыңның әр жақ-бер жағын құрайды. 

Еуразиялық экономикалық одақ аясында жүргізіліп жатқан іс-шаралар өлкелеріміздің әр тарапты дамуына серпін беретінінде күмәніміз жоқ. Ал енді Астанадағы 25 желтоқсанда болған алқалы басқосу бауырлас қырғыз-қазақ халқының достық қарым-қатынастарын нығайтуға жаңа дем берді.

Жолбарыс ЖОРАБЕКОВ,
Жүсіп Баласағұн атын­да­ғы Қырғыз ұлттық универ­си­тетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы: 

– Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кемеңгер Елбасы екендігін іс жүзінде дәлелдеді. Қазақстан ширек ғасырда әлемдегі экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылды. Оның көтерген идеялары әрқашанда орындалып отыр. Астана қаласын салу бастамасы нәтижесін берді. ТМД елдерінің серіктестігін және Еуразиялық экономикалық одақты құру ұсыныстары тиімді жүзеге асырылды. Енді Қырғызстан және Өзбекстан республикалары мен мәмілелер оңдалып, Нұрсұлтан Назарбаев айтып жүрген Орталық Азия одағын құру мәселесі де шешімін күтіп тұрған сияқты.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ой-өресінің, эко­но­ми­калық білімінің биіктігіне тәнті болып жүрген адамдардың бірімін. Бұл туралы қырғыз баспа­сөзінде де талай жазғанмын, қазір де жазып, электронды ақпарат құралдарынан айтып жүрмін.

Қазақстанды өркендетуде бірінші кезекте экономиканы алға қойған Қазақстан басшысы биыл рухани сананы жетілдіруге бет бұрды. Н.Назарбаевтың биылғы көктемде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында осы бағытқа көңіл бұрылыпты.

Таяуда, яғни 22 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуінде журналистердің әртүрлі сұрақтарына нақ, байыпты және сындарлы жауап бергеніне сүйсінбеу мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев экономика, әлеумет, мәдениет, білім беру, руханият, денсаулық сақтау, қысқасы, елді толғандырған барлық саладағы мәселелерді шешуде көрегендік танытып отырғанын айқын байқадым. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгерлігі арқасында қырғыз-қазақ мәмілесінің бұдан әрі берік болуына даңғыл жол ашылып отыр.

Ерғали ӘБДІҚАЙЫМОВ, 
Қырғызстан қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, 
заң ғылымдарының кандидаты:

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында Қырғызстан Президенті болып сайланған Сооронбай Жээнбековпен жылы рәуіште сұх­баттасып, ағалық ілтипатын көрсеткені мені қатты толғандырды. Қазақ-қырғыз қарым-қатынасының жоғары деңгейге көтерілгені Қырғызстанда тұрып жатқан қазақтар үшін әбден мәнді екені кімге болса да түсінікті. Қазақ және қырғыз елдері ескі замандарда, негізінен, өз ру-руымен, өз ата-бабаларына тиесілі жерлерінде қоныстанған. Қазақтардың Қырғызстанға келу үдерісі 1916 жылғы ұлт-азаттық күресі кезінде басталған. Екінші буыны 1930-жылдардан бастап келді. Үшінші буыны кеңес жылдарында ортақ Одақтың аясында жұмыс, оқу бабымен келгендер. 

Мен Отаныма жиі-жиі ат басын бұрып тұрамын. Екі елдегі де жағдаяттарды жақсы білемін. Қазақ пен қырғызда «Есігін көріп, төріне өт!» дейді. Қазақ-қырғыз шекарасындағы түйткілді мәселелерді шешудің бағытын дүниежүзі қазақтарының көшбасшысы – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы көрсетіп берді. Мемлекет басшылары жасаған уағдаластықтар екі елдің ынтымақтастығын арттырып, игіліктерге жол ашатынына кәміл сенімдімін. 

Жазып алған 
Назарбек САТТАР,
арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

БІШКЕК 
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.01.2019

Шекара бұзған азамат қаза тапты

23.01.2019

Елбасының Жастар жылының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

23.01.2019

Мәулен Әшімбаев: Жастар жылында науқаншылдыққа жол бермеуіміз қажет

23.01.2019

Түркістанда «Орта Азия жастарының форумын» өткізу жоспарлануда

23.01.2019

«Жастар жылы» жамбылдық жастарға мол мүмкіндік береді

23.01.2019

Қаржы және бюджет комитетінің Заң жобаларын талқылау бойынша отырысы өтті

23.01.2019

Мәжіліс сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық түзетулерді мақұлдады

23.01.2019

Алматы облысында 1332 әйел онкологиялық есепте тұр

23.01.2019

Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға кірісті

23.01.2019

Еурокомиссия MasterCard-қа айыппұл салды

23.01.2019

Жылқының қозғалыс аллюры: Аяң түрлері

23.01.2019

Юлия Тимошенко Украина президенті сайлауына қатысатынын мәлімдеді

23.01.2019

Конькимен жүгіру: Классикалық көпсайыстан ел біріншілігі мәресіне жетті

23.01.2019

Қостанайда «Эндохирургия мектебі» өтті

23.01.2019

Ақ Жайықтың жастары жастар жылынан көп үміт күтеді

23.01.2019

Жамбыл облысы жұмыспен қамту бойынша екінші орында тұр

23.01.2019

«Murager production» фото-кино студиясы ашылды

23.01.2019

Иван Дычко 1 наурызда рингке шығады

23.01.2019

Республика бойынша «Қайырымдылық керуені» байқауына үміткерлер іріктеліп жатыр

23.01.2019

«Барыс» қонақта «Металлургті» ұтты

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Adasqandardyń aldy jón, arty soqpaq...

  Bıylǵy qańtarda Qazaqstan óziniń azamattaryn dúnıeniń qaı shetinde bolsa da qorǵaı alatyn irgeli el ekendigin kezekti ret kórsetti. Sırıadaǵy qandy qasapqa soqyr senimniń shyrmaýyndaǵy kúıeýimen birge baryp qalǵan áıelder men jas balalarǵa arnaıy ushaq bólip, alyp keldi. Elbasy N.Nazarbaev óziniń tapsyrmasymen 47 adamnyń, sonyń ishinde 30 balanyń qutqarylǵanyn málimdedi. Qutqarý sharalary «Jýsan» operasıasy» dep atalǵany da jarıa boldy.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу