«Нұрлы жолдан» үміт зор

Экономиканы нығайту, халық­тың әлеу­меттік жағдайын жақсарту ба­ғытында елі­міз­дегі табысты жү­зеге асып келе жатқан ір­ге­лі жо­ба­лардың бірі – «Нұрлы жол» бағ­дар­ламасы дер едік. 

Егемен Қазақстан
29.12.2017 167

Мемлекет осы бағдарламаны қа­былдап, іске асыру арқылы қа­зір­дің өзінде бір емес, бірнеше мә­селенің басын қайырып отыр. Бі­рін­шіден, бағдарлама аясында ав­токөлік жолдары, шойын жолдар, көпірлер салынуда және қайта жөнделуде. Олардың ел ішіндегі қатынасқа оң ықпалын тигізіп жатқаны түсінікті. 

Екіншіден, осы жолдарды салу ар­қылы халықтың үлкен бөлігі жұ­мыспен қамтылуда. 

Үшіншіден, салынған жол­дар­дың эко­но­ми­камызға тигізетін муль­типликативтік әсері де ора­сан зор болмақ. Мәселен, жол­ға кететін уақыт шығыны және жүк­тердің жеткізілуі мен оған кете­тін қаржы шы­­ғыны азаяды. Жол бойында тір­­шілік қайнай тү­седі. Қа­зақ­стан­­­да қазіргі салынып жат­қан ма­­­гистральдар тек ел ішін­де­гі ай­мақ­­тарды ғана емес, ел мен елді, жал­ғауға ықпал етеді. 

Міне, осы тұрғыдан келгенде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қазіргі атқарылып жатқан жұ­мыстардың болашақ үшін пайдасы өте зор. Түбінде бұл іске бо­лашақ ұрпақтар да алғысын біл­діретін болады. Мәселен, кезін­де Қазақстанда Түрксіб темір жолы тар­тылған кезде қазіргі адам­дар­дың көпшілігі өмірге келмеген де еді. Ал біз оның қызығын әлі күн­ге дейін көріп келе жатырмыз, ба­ла­ларымыз, ұрпағымыз да көре бер­мек.
Ал енді сөз болып отырған «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында қандай істер жүзеге асты? Осыған келейік. 

Бағдарлама аясында 2010 жылдан бері республикалық маңыздағы жолдардың 

5 мың шақырымы күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта жаңғырды. Соның нәтижесінде аталған жолдардың 85 пайызының сапасы қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді. Соның ішінде елімізде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салынғанын ерекше атап өтуіміз керек. 

Енді 2017-2020 жылдар ара­лы­ғында 4,4 мың шақырым жол қайта жаңғыртылатын болады. Осы мақсатта әзірленген 23 жоба­ның жалпы құны 1,7 трлн теңге тұрады. Бұл қаржының 356,2 млрд теңгесі биылғы жұмыстар үшін бөлінген еді. 1 қарашадағы мәлімет бойынша қаржының 223,6 млрд теңгесі игеріліпті. Игерілген қаржының тең жартысы Ұлттық қордан алынғандығын айтқан жөн. Сөйтіп «Астана – Қарағанды», «Орталық – Шығыс», «Бейнеу – Ақтау», «Орталық – Батыс», «Қапшағай – Талдықорған», «Петропавл – Ресей Федерациясының ше­ка­ра­­сы», «Орал – Каменка» бағытындағы жол­дар­­ды жаңғырту жұмыстары қызу жалға­сын тап­­ты. Нәтижесінде биылғы жылы жол­дар­дың 602 шақырымы пайдалануға беріліп, қоз­ғалыс ашылды.

Бағдарлама аясында өтіп бара жатқан 2017 жылы қолға алынған жаңа жұмыстар да аз емес. Атап айтсақ, республикалық бюджет пен халықаралық қаржы институттарынан бөлінген займдар есебінен бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыру басталды. Олардың қатарында «Бейнеу – Ақжігіт», «Шортанды – Зеренді», «Таскескен – Бақты», «Қандыағаш – Мақат», «Күрті – Бурылбайтал», «Меркі – Бурылбайтал», «Талдықорған – Өс­кемен», «Жетібай – Жаңаөзен», «Қал­батау – Майқапшағай», «Үшарал – Достық», «Ақтөбе – Қан­дыағаш», «Атырау – Астра­хань», «Ұзынағаш – Отар», «Қостанай – Денисовка», Астананы оңтүстік-батысынан айналып өту жолдары бар. Бұл жұмыстарға 100 мыңға дейін адам тартылып, осыншама отбасы жол жұмыстары арқылы нәпақасын айырды. 

Бұл – тек автокөлік саласындағы жүзеге асып жатқан шаруалар.

Енді, темір жол саласына келсек, «Алматы – Шу» бағытында ұзындығы 112,3 шақырым болатын жаңа жол салынуда. Оның құ­ны 38,4 млрд теңге тұрады. Бұл жолдың 53 шақырымы былтыр іске қосылса, 59 шақырымы биылғы жылы пайдалануға берілді. Жол толықтай іске қосылған кезде онымен қозғалатын пойыздар саны қазіргі 17-ден 68-ге, бір тәулікте тасымалданатын жүк көлемі 66 мың тоннадан 265 мың тоннаға, жолаушылар саны 36 мыңнан 45 мыңға артып, жолға кететін уақыт шығыны 1,5 есе қысқармақ. Осылайша мыңдаған адамның уақыты үнемделіп, жолда жүру жағдайы да жақсара түспек. 

Каспий теңізі арқылы жөнел­ті­летін жүк көлемін арттыру мақ­сатында Құрық теңіз портын да­мы­­­ту ісі жалғасуда. Осының нә­ти­жесінде бүгінгі күні Құрық по­­р­тына салынған жаңа темір жол­­­дың жаңа паром терминалында 1,2 миллион тоннадан астам жүк өңделді. Со­нымен қоса осы пор­­т­қа тартылған авто­кө­лік жо­лы­­­мен жеткі­зіл­ген жүктерді де ти­­еп-түсіретін жаңа тер­минал пай­да болды. Осы шаралардың нә­ти­жесінде порттың жылдық қу­аты таяудағы уақыттың өзінде 7 миллион тон­на­ға жеткізілмек. Ал 2020 жылы Қазақ­стан теңіз по­рт­та­рының жылдық жалпы қуат­ты­лы­ғы 27 миллион тоннаға өсетін бо­лады. 

Егер еліміздің экономикасын тірі ағзаға теңесек, инфра­құры­лым­дар дегеніміз қанды бү­кіл денеге та­рататын қан тамырлары се­кіл­ді. Ал енді экономикадағы сол қан та­­мыр­лардың дұрыс жұмыс істей бас­та­ған­ды­ғын Инвестициялар және даму мини­стрі Же­ңіс Қасымбек келтірген мына бір мәлі­мет­­тің өзінен айқын аңғаруға болатындай: «Елі­­міз­дегі транзиттік тасымалдан түсетін кі­ріс 2016 жылы 267 млрд теңгені құраса, бұл көрсеткіш 2020 жылға қарай 1,3 трлн теңге­ге жетпек. Сонда таяудағы үш-төрт жылдың өзін­де ғана 5 есе өспек» деген болатын мини­стр.
Жүзеге асырылу үстіндегі «Нұрлы жол» бағдарламасының бізге беретін пайдасы осындай. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.02.2018

Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті

24.02.2018

Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды

24.02.2018

Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды

24.02.2018

Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен

24.02.2018

Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды

24.02.2018

Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті

23.02.2018

Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды

23.02.2018

ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді

23.02.2018

Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты

23.02.2018

Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті 

23.02.2018

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті

23.02.2018

СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде

23.02.2018

Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады

23.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады

23.02.2018

Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ

23.02.2018

Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін

23.02.2018

Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті

23.02.2018

Элизабет Тұрсынбаева Кореядағы Олимпиадада 12-орын алды

23.02.2018

Сарайшық ескерткіштерін ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алынады - Арыстанбек Мұхамедиұлы

23.02.2018

Дәулетжан Махмұт. Портрет

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе заманда емес, адамда...

Адамның азаматтығы, жауап­кер­шілігі туралы қай кезде де кеңі­нен сөз болады емес пе? Сондай әңгіме барысында кейбіреулер әңгі­ме арқауына айналған жандарға ая­ныш білдіріп, «олар сатқындық жа­с­айын деді дейсің бе, амалдың жоқтығынан жасады ғой, бәріне заман кінәлі» дегені бар-тын. Сонда Ұшыға апам былай деген еді: «Күн де орнында, сол баяғыша шығады, сол қалпында батады. Ай да орнында сол бұрынғыша туады. Өзгерсе адамның пейілі, ниеті өзгерген. Заманға жауапкершілік жүктеудің жөні жоқ...».

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Эфирде бейбастақтыққа неге жол беріледі? 

Әуе толқынынан хабар тыңдап отырмын. Әңгіме бойтұмар жайында өрбуде. Радио хабарын жүргізуші әлемге танымал адамдардың бой­тұмар ретінде нені ұстайтынын айта келе Кэмерон Диазды мысалға алды.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу